К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет510/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   506   507   508   509   510   511   512   513   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндері майда болып келіп, дене
аймақтарында бір жерде 40-қа дейін топтасып орналасады. Олардың жалпы 
саны — 8 мыңдай. Сиырда лимфа түйіндері ірілеу келеді. Олардың жалпы
саны — 300. Қой мен ешкіде де ірілеу болады, саны — 300-600. Шошқада 
ірі — 200. Итте тым ірі болады, саны — 60.

Лимфа түйіндері лимфа тамырларының бойында орналасқан, пішіні
(сопақ, лобия тəрізді, ұзынша) мен мөлшері əр түрлі шеткі қан жасау жəне 
иммундық қорғаныс мүшелері. Қабықшамен қапталған оның дөңес жағынан
көптеген əкелгіш лимфа тамырлары (шошқада керісінше əкеткіш) енеді. 
Əкелгіш лимфа тамырлары аркылы ұлпа сұйығы құралсындағы əр түрлі
заттарымен (бөгде заттар, микроорганизмдер, олардың ұлы өнімдері, зат 

432
алмасудың ыдырау өнімдері) бірге ұлпалардан ағып келіп куйылады. 


Лимфа туйіндеріңдегі макрофагтардың жəне ретикулалы ұлпаның


катысуымен ұлпа сұйығы биологиялық жəне механикалық сүзілуден өтіп, 
микроорганизмдер
мен

олардың
ұлы

заттары
фагоцитоз 
арқылы
залалсыздандырылып 
тазартылады.
Лимфа

түйіңдерінің


лимфоидты 
ұлпасында əсерлі (эффекторлы) Т — жəне В — лимфоциттері түзіледі.
Организмдегі гуморальды иммунитетті қамтамасыз ететін В — лимфоциттер 
туындысы — иммуноциттер əр түрлі антигендерге қарсы иммундық
денелерді түзіп, оларды биологиялық тазаланудан өткен ұлпа сұйығына 
шығарады.
Сөйтіп,

лимфа
түйіндеріңде 


бөгде
заттардан, 

микроорганизмдерден, олардың уытты заттары мен басқа да зиянды


өнімдерден тазаланып, толық арылған улпа сұйығы, эффекторлы Т - жəне 
В

лимфоциттермен, 


əр
түрлі

иммунды
глобулиндермен
(антиденелермен) қанығып, лимфа түйіндерінің ойыс жағашаш қақпасынан
əкеткіш лимфа тамырлары арқылы лимфаға айналып ағып шығады. Дөңес 
бетіне қарама-қарсы жаткан лимфа түйінінің ойыс беті лимфа түйінінің 

қақпасы (hitus) — деп аталады. Қақпа арқылы лимфа түйінінен əкеткіш
лимфа тамырлары мен веналар шығып, лимфа түйініне артериялар мен 
жүйкелер еніп жатады. Шошқада лимфа түйініне əкелгіш лимфа тамырлары
енеді.

Лимфа түйіндері эмбриоңдық кезеңде қан жəне лимфа тамырларының


манындағы мезенхимадан дамып жетіледі. Лимфонлы ұлпа қақ арқылы 
сұйектің қызыл кемігі майы мен тимустан келіп қоныстанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   506   507   508   509   510   511   512   513   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет