К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет568/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   564   565   566   567   568   569   570   571   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Жауырынүсті жүйкесі (n. suprascapularis) иық буынын, жауырынды, 
оның сыртқы бетіндегі бұлшық еттер мен теріні жүйкелендіреді.

Жауырынасты жүйкелері (nn. subscapularis) иық буынын, жауырынды,
оның ішкі бетіндегі бұлшық еттерді жүйкелендіреді. 


Қолтық жүйкесі (n. axillaris) иық буынының бүккіш бұлшық еттері мен
тоқпан жілік пен білек аумағындағы теріні жүйкелендіреді. 


Кəрі жілік жүйкесі (n. radialis) шынтақ, тізе жəне бақай буындарының
жазғыш бұлшық еттерін, буындарды жəне сол аумақтардағы теріні 
жүйкелендіреді. Оның соңғы тармақтары дорсальды бақай жүйкелеріне
айналады. 


Бұлшық ет-тері жүйкесі (п. musculo - cutaneus) шынтақ буынынын
бүккіш бұлшық еттері мен білек аумағының ішкі бетіндегі теріні 
жүйкелендіреді.

Шынтақ жүйкесі (n. ulnaris) тізе жəне бақай буындарының бүккіш
бұлшық

еттерін,


буындарды, 
тоқпан
жілік

пен
шынтақ

сүйекті
жүйкелендіреді. 


Орталық жүйке (n. medianus) тізе жəне бақай буындарының бүккіш
еттерін жүйкелендіреді. Жіліншік аумағыңда ол латеральды жəне медиальды 
пальмарлы жүйкелерге ажырайды да, одан əрі пальмарлы бақай жүйкелеріне
айналып, сол аумақтардағы сүйектерді, буындарды, бұлшық еттер сіңірлері 
мен терісін жүйкелендіреді.
Алдыңғы жəне артқы көкірек жүйкелері (nn. pectorales craniales et
caudalis) иық белдеуінің бұлшық еттерін жəне терісін жүйкелендіреді. 


Көкірек жүйкелері (nn. thoracici) көкірек керегесі аумағын
жүйкелендіреді көкірек жүйкелерінің вентральды тармақтары жүйке торабын 
жасамайды. Олар қабырғаралық жүйкелер (nn. intercostales)— деп аталады
да, аттас артериялар жəне веналармен бірге қабырғалардың тамырлы 
сайында жатады. Тек, соңғы жүйке құрсақ қабырғасын жүйкелендіреді де,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   564   565   566   567   568   569   570   571   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет