К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет266/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

2. Жартылай сіңірлі бұлшық ет (m. semitendineus) санның екібасты
бұлшық етінің каудальды жағындағы тері мен беткей шандыр астында 
орналасады. Ол шонданай төмпегі (шонданайлық басы) мен құйымшақ
сүйектен (омыртқалық басы) басталады. Бұлшық ет медио-дистальды 
бағытга тобық буынының тұсында сіңірге айналып, асықты жілік қырында
аяқталады. Сонымен қатар, ол тігінші, сымбат бұлшық еттерінің сіңірлерімен 
жəне сирақ шандырымен бірігіп, өкше төмпегінің медиальды бетінде
аяқталады. 


Ерекшеліктері. Жартылай сіңірлі бұлшық ет күйіс қайтаратын 

жануарларда шонданай төмпегінен, жылқыда қосымша құйымшақ
сүйектен басталып, асықты жілік қырының жəне өкше төмпегінің медиальды 
бетінде аяқталады. Итте бұлшық еттің омыртқалық басы алғашқы құйрық
омыртқаларынан басталады. 


Қызметі. Жартылай сіңірлі бұлшық ет жамбас-ортан жілік жəне
тілерсек буындарын жазады, тобық буынын бүгеді. 


3. Жартылай жарғақгы бұлшық ет (m. semimembranosus) жартылай
сіңірлі бұлшық еттен кейін, сауырдың артқы жағындағы тері мен беткей 
шандыр астында орналасады. Ол шонданай сүйектен, жылқыда қосымша
құйымшақ 
сүйектен
басталып, 
ортан
жілік

жəне
асықты

жілік
айдаршықтарының медиальды бетінде аяқталады. 


Ерекшеліктері. Жылқыда жартылай жарғақты бұлшық ет шонданай
төмпегінен жəне алғашқы III жəне IV құйрық омыртқалар мен құйымшақ 
сүйектен басталып, ортан жілік пен асықты жіліктің медиальды
айдаршықтарында жəне тобықтың медиальды тік байламында аяқталады. Ал 


басқа жануарларда бұлшық ет шонданай төмпегінен басталады. Итте
бұлшық еттің екі құрсағы болады. 


Қызметі. Жартылай жарғақгы бұлшық ет жамбас-ортан жілік буынын
жазады. Жылқыда бұған қосымша тобық буынын бүгіп, оны ішке қарай 
бұрып айналдырады.


235





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет