К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет520/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ұсақ малдарда, лимфа түйіндерінің орналасу орны бұка мен сиырға ұқсас,
бірақ олардың мөлшері кішірек келеді. Қабанда 2-3 түйін болады. 


Мегежіңде олар ұзындығы 5-6 см лимфа түйіңдерінің тізбегін түзіп,
жамбастың алдыңғы жағында орналасады. Төбетте мөлшері 6-8 см -дей 1-3 
лимфа түйіндері, ал қаншықта мөлшері 2 см -дей 1-2 лимфа түйіндері
болады. Бұлар шат сүйегінің алдыңғы жағында жатады. 


4. Шаптың терең лимфа түйіңдері (глубокие паховые лимфатические
узлы) — In. inguinales profundi — құрсақ қабыргасының медиальды бетінде
сыртқы мықын артериясынан терең сан артериясы ажырайтын тұста
орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны құрсак бұлшық еттерінен, артқы 
аяқтан жəне несеп-жыныс мүшелерінен жинап, мыкынның медиальды лимфа
түйіндері мен бел цистернасына өткізеді. 


Ерекшеліктері. Жылқыда 16-25 түйіннен құралған, ұзындығы 8 -12 см
лимфа тұйіндерінің тізбегі сан жəне терең сан артерияларының аралығында, 

440
сан өзегінің бастапқы бөлігінде орналасады. Қалған жануарларда бұл 


түйіндер тұрақты кездеспейді


КӨКІРЕК ҚАБЫРҒАСЫ МЕН КӨКІРЕК ҚУЫСЫ 

МҮШЕЛЕРІНІҢ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ 

Дорсальды көкірек лимфа орталығы (дорсальный грудной
лимфоцентр) — lc. thoracicum dorsale. 


а)қабырғааралық лимфа түйіндері (In. intercostales) қабырғалар
бастарына жақын қабырғааралық кеңістікте орналасады. Түйіндерді ішкі 
жағынан көкірекіші шандыры мен плевра жауып тұрады. Қабырғааралық
түйіндер лимфаны арқа жəне мойынның сүйектері мен бұлшық еттерінен 
плеврадан жəне диафрагмадан жинап, көкірек ортасының лимфа түйіндері
мен көкірек өзегіне өткізеді. 


Ерекшеліктері. Жылқыда қабыргааралық лимфа түйіндерінің мөлшері
0,3-0,6 см, сиырда 0,3-1,5 см, ал ұсақ малдарда 0,2-0,5 см. Шошқада 
қабырғааралык лимфа түйіндері болмайды. Итте бұл түйіндер өте сирек
кездеседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет