444
ҚҰРСАҚ ЖƏНЕ ЖАМБАС ҚУЫСТАРЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ
ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ
Лимфа құрсақ қуысынан алдымен мүшелер лимфа түйіндеріне ағып
келіп, одан соң, бел бағаны арқылы бел цистернасына өтеді.
Бел лимфа орталығы (поясничный лимфоцентр) — lc. lumbale.
а)қолқалық бел лимфа түйіндері (In. lumbales aortici) қолқа мен артқы
куыс венаның жоғарғы жағында орналасады.
Омыртқааралық тесіктер
маңында да кездеседі. Лимфа түйіндері
лимфаны бел аумағынан,
несеп-
жьныс мүшелерінен,
қолқадан жинап, бел бағаны
арқылы бел цистернасына
өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,3-3,5 см -дей 30 -дан 160-ка дейін
лимфа түйіндері болады.
Күйіс қайтаратын жануарларда 12-25, ал
шошқада 8-20 лимфа түйіндері топтасып орналасады.
Итте тұрақты
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: