К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет523/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   519   520   521   522   523   524   525   526   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Жылқыда бұл түйіндердің саны кеңірдек айрыгының
сол жағында 8-9, олардың орташа мөлшері 7-10 см; он жағындағы 
түйіндердің саны — 4-6, орташа мөлшері 5-6 см; жоғарғы жағындағы
түйіндердің саны — 9-20, мөлшері 4-6 см. Сиырда бұл түйіндердің орналасу 
орындары төмендегідей:
1)кеңірдек айрығының сол жағындағы лимфа түйіндерінің саны — 1 -2, 
мөлшері 2,5-5,0 см;
2)кеңірдектің оң жағында 1-2 лимфа түйіні болады, олардын орташа 
мөлшері 0,7-2,5 см;
3)кеңірдектің дорсальды лимфа түйіндерінің саны тұрақты емес
олардың мөлшері 0,3-1,2 см;
4)өкпенің оң краниальды бөлігіне енетін бронхтың төменгі жағындағы 
лимфа түйіндерінің саны — 1-4, олардың мөлшері 1,5-3,0 см;


442
5)кеңірдектің оң жағының төменгі бетіндегі лимфа түйінінің мөлшері 


0,5-2,0 см. Ол өкпенің ортаңғы бөліктерінің аралығында жатады. Ұсақ 



малдарда бұл түйіндердің орналасуы сиыр лимфа түйіндерінің орналасу
орындарына ұқсас Олардың мөлшері кішірек келеді. Шошқада бұл 
түйіндердің саны — 8-10. Итте кеңірдектің дорсальды бетіндегі лимфа
түйінінің мөлшері 3,2 см. 


ə)өкпе лимфа түйіндері (In. pulmonales) өкпедегі бронхтар бойында
орналасады. 


Ерекшеліктері. Жылқыда бұл түйіндердердің орташа мөлшері 3,0-10,0
мм. Бұл түйіндер кейде болмайды. Сиырда олардың мөлшері 0,5-1,5 см, ұсақ 


малдарда 0,3-1,0 см. Шошқада бұл түйіндер болмайды. Итте көп жағдайда
болмайды. Болған жағдайда тым майда болып келеді, олардың мелшері 0,1-
1,0 см.

б)жүрекқаптың лимфа түйіні (In. pericaidiacus) тек сиырда кездеседі
Ол қолқа доғасының маңыңда орналасады. Жүрекқап лимфа түйінінің 
ұзындығы 1,5 см -дей.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   519   520   521   522   523   524   525   526   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет