малдарда 0,5-2,5 см. Шошқа мен итте бұл түйіндер болмайды.
б)көкірекортасының каудальды лимфа түйіндері (In. mediastinales
caudales) көкірек ортасындағы қолқа мен өңештің аралығында орналасады.
Бұл түйіндер лимфаны өңештен, плеврадан, бауырдан, көкбауырдан жинап,
көкірек ортасының краниальды жəне ортаңғы лимфа түйіндеріне өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл түйіндердің саны — 1-7, олардың
орташа мөлшері 25 мм болып, өңештің маңайында орналасады.
Күйіс қайтаратын жануарларда 2-3 лимфа түйіні болады. Шошқа мен
итте көкірекортасының каудальды лимфа түйіндері болмайды.
Вентральды көкірек лимфа орталығы (вентральный грудной лимфо-
центр) — lc. thoracicum ventrale — төссүйек тұтқасының дорсальды бетінде
жатады. Орналасу орындарына байланысты бұл орталықтаң лимфа түйіндері
краниальды жəне каудальды болып екі топқа бөлінеді. Аталған орталық
түйіндері лимфаны көкірек қабырғасының төменгі бөлігінен жəне
диафрагмадан жинайды да, көкірек өзегіне өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылкына бұл түйіндер өте майда болып келеді.
Олардың мөлшері1-8 мм. Сиырда түйіннің мөлшері 1,5-2,0 см, ал ұсақ
малдарда 0,5-1,0 см. Краниальды топтың лимфа түйіңдері 3-6-ншы
қабырғааралық тұсында, каудальды топтың түйіңдері — ұлпершек пен
диафрагма аралығыңда орналасады. Шошқада түйіңдердің мөлшері 1,5-2,0
см, саны 1-2 болады. Итте бұл лимфа түйіні болмайды.
Бронхтық лимфа орталығы (бронхиальный лимфоцентр) — 1с.
bronchiale.
а) кеңірдек-бронхтық лимфа түйіндері (In. tracheo-bronchialis) —
кеңірдек айрығының (бифуркациясының) оң, сол жəне жоғарғы жактарында
шоғырлана орналасқан. Бұл орталық лимфаны кеңірдектен, өкпеден,
жүректен, өңештен жəне көкірек ортасынан жинап, көкірек ортасының
краниальды лимфа түйіндеріне өткізеді.