К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет527/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ə)бүйрек лимфа түйіндері (In. renales) бүйрек қақпасы мен бүйрек
артериялары бойында орналасады. 


Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндерін саны — 10-18, ал сиырда
2-5.

б)жұмыртқалық лимфа түйіні (In. ovaricus) жұмыртқалық байланында
орналасады. Барлық жануарларда тұракты болмайды. Еркек жануарларда ен 


лимфа түйіні (In. testicularis) - деп аталады. Бұл түйін тек қабанда ғана
болады.

Іш лимфа орталығы (чревный лимфоцентр) — lc. celiacum.

а)іш лимфа түйіндері (In. celiaci) іш артериясынын құрсақ қолқасынан
ажырар тұсында шоғарлана орналасады. Лимфаны іш батаны арқылы бел 
цистернасына өткізеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл түйінлердің саны — 12-30. Күйіс 

кайтаратын жануарларда 2-5, шошқада 2-4 лимфа түйіні болады.

ə)бауыр (қақпалық) лимфа түйіндері (In. hepatici s. portaies) бауыр
қақпасында орналасады. 


Ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,4-9,0 см -дей болатын 4-10
лимфа түйіні, сиырда мөлшері 1,0-5,0 см дей 5-8, ұсақ малдарда 5-6 лимфа 
түйіндері болады. Шошқада бұл түйіндер қакпалық вена маңында жекеленіп
немесе шоғарлана орналасады. Итте орналасу орыңдарына байланысты оң 
жəне сол бауыр лимфа түйіндері болып бөлінеді.

б)көкбауыр лимфа түйіндері (In. lienales) көкбауыр қақдасында
жатады.

Ерекшеліктері. Жылкыда көкбауыр түйіндері жалпақ пішінді, қызыл
түсті 10-30 түйіннен тұрады. Олардың мөлшері 0,2-7,0 см. Күйіс 


кайтаратын жануарларда болмайды. Шошқада 1-8, итте 5 лимфа түйіні
болады.

в)шарбының лимфа түйіндері (In. omentales) қарын-көкбауыр
байламында орналасады. 

445





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет