К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Толық даярлау қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны



Pdf көрінісі
бет10/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   117
Толық даярлау қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны алдын-ала 
даярлау кәсіпорнынан немесе тамақ өнеркәсібінен алынатын әртүрлі дайындық 
дәрежелі жартылай фабрикаттардан аспаздық өнімдерді өндіреді. 
Толық даярлау кәсіпорнына қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының келесі 
типтері жатады: мейрамханалар, барлар, кафе, асханалар, дәмханалар.


17 
Аспаздық өнімдерді өндіру әдісіне байланысты қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындары шикізатта, жартылай фабрикаттарда, шикізаттармен жартылай 
фабрикаттарда жұмыс істеуі мүмкін.
Қоғамдық 
тамақтандыру 
кәсіпорындарында 
өткізілетін 
өнім 
ассортименті кең (асханада, мейрамханада) және шектеулі (дәмханада, кафеде, 
маманданған кәсіпорындарда) болуы мүмкін.
Қызмет көрсету сипаты мен ұсынылатын қызметтерге байланысты 
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары тағам қабылдауды демалысты 
ұйымдастырып (мейрамхана, барлар, кафелер), не болмаса салыстырмалы 
жылдам қызмет көрсетіп (асхана, дәмхана, буфет) қамтамасыз етуі мүмкін.
Тұтынушылық сұраныс жиілігі бойынша кәсіпорындар тамақтануда 
күнделікті қажеттілікті (асхана, дәмхана, буфет), маманданған өнімге немесе 
жоғары сапалы өнімге периодты сұранысты, ұлттық өнімге сирек сұранысты 
қанағаттандыру (ұлттық аспаздықпен мейрамхана, кафе) мүмкін. 
Орналасуы мен қызмет көрсетілетін тұтынушылар контингентіне 
байланысты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары келесі топтарға бөлінеді: 
 белгілі бір халық контингентіне қызмет көрсететін және өндірістік 
кәсіпорындарда, ұжымдарда, ЖОО, мектептерде орналасқан; 
 барлық тамақтанушылар контингентіне қызмет көрсететін және көшеде 
және қала аудандарында орналасқан (жалпыға ортақ)
Жұмыс маусымдылығына байланысты кәсіпорындар жыл бойы (тұрақты 
қызмет ететін) немесе периодты (маусымдық) болуы мүмкін.
Мобильділік дәрежесі бойынша қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 
стационарлы немесе жылжымалы (автобуфеттер, тоннарлар және т.б.) болуы 
мүмкін.
Әртүрлі типті және классты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын шартты 
түрде коммерциялық және коммерциялық емес деп жатқызады.
Коммерциялық кәсіпорындар – әртүрлі меншік түріндегі (ААҚ, АБҰ, ЖК 
және т.б.), олар «сатып алу нарығы» жағдайында жұмыс істейді және типі мен 
классына байланысты тұтынушылар сегменті айырмашылығыны байланысты 
есептелген. Барлық шаруашылық, саудалық, өндірістік әрекет кәсіпорынның 
өзінде коммерция болады. Әдетте бұл, бұл ашық желідегі кәсіпорындар. Бұндай 
кәсіпорындардың негізгі мақсаты – белгілі бір тұтынушылар сегментіне қажетті 
қызметтерді ұсыну және оның нәтижесінде пайда табу.
Бұндай кәсіпорындарған мейрамханаларды, барларды, асханаларды, 
кафелерді, әртүрлі маманданған fast-food кәсіпорындарды жатқызуға болады. 
Коммерциялық қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жоғары бағалық 
интервалда, сол сияқты орташа бағалық интервалда жұмыс істеуі мүмкін. 
Таңдалған тұтынушылар сегментіне байланысты кәсіпорынның концепциясы 
құрастырылады. 
Коммерциялық емес кәсіпорындар – белгілі-бір құрылым балансында 
орналасқан, 
тұрақты 
континенке 
қызмет 
көрсететін 
кәсіпорындар. 
Коммерциялық кәсіпорынға қарағанда олардың мақсаты белгілі бір халық 
тобына әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады.


18 
Бұған жұмыс күні бойы жұмысшылар мен қызметкерлерге тамақтануды 
қамтамасыз ететін өндірістік кәсіпорындар бөлімдері; мектептер, орта оқу 
орындары мен ЖОО; спорт және көрініс кешендері; көлік, әскер ұйымдары 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет