К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өндірістік-саудалық



Pdf көрінісі
бет6/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өндірістік-саудалық 
әрекетінің ерекшеліктері. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының әрекеті 
ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік сипат ерекшеліктерімен 
сипатталады.
Қоғамдық 
тамақтандыру 
кәсіпорындарының 
өндірістік-саудалық 
әрекетінің ұйымдастыру-экономикалық ерекшеліктеріне мыналар жатады: 
 олардың үш өзара байланысты функцияларды орындау: аспаздық 
өнімдерді өндіру, оны өткізу және тұтынуды ұйыдастыру, ал мысалы 
тамақ өнеркәсібі тек өндіру фуекциясын, ал сауда орындары тек өнімді 
өткізу функциясын атқарады; 
 шектеулі өткізу ерзімі бар өнімдерді даярлау, мысалы, жаппай даярлау 
кезінде ыстық тағамдар 2-3 сағатта, ал салқын тағамдар 1 сағатта өткізілу 
керек. Бұл өнімдерді тұтынуына қарай партиямен өндіруді талап етеді.
 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жұмысшыларының санитарлық-
гигиеналық талаптарды қатаң қадағалау қажеттілігі; 
 өңделетін шикізат, дайын тағамдарды даярлау үрдістері мен өткізу 
сапасын бақылауды қамтамасыз ету; 
Әлеуметтік сипаттағы ерекшеліктерге мыналар жатады: 
 өндірілетін және өткізілетін өнім ассортиментінің сұраныс сипатына, 
қызмет көрсетілетін контингент ерекшеліктеріне, оның кәсіби, жас, 
ұлттық құрамына, еңбек, оқу жағдайына және басқа факторларға 
тәуелділігі; 


12 
 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жұмыс тәртібінің қызмет 
көрсетілетін тұтынушылар контингентінің, өндірістік кәсіпорындардың
ұйымдардың, оқу орындарының жұмыс тәртібіне тәуелділігі. Бұл 
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түскі уақытта, үзілістерде ең 
үлкен ағындары уақытында қарқынды жұмыс істеуін талап етеді; 
 жыл мезгілі, апта күндері және тәулік сағаттары бойынша өнімге 
сұраныстың өзгеруі. Жазғы уақытта көкөністерден даярланатын 
тағамдарға, салқын сусындарға, салқын көжелерге сұраныс артады. 
Маркетинг көзқарасынан әрбір кәсіпорын өткізу нарығын талдау және 
зерттеу қажет, одан өндірілетін өні ассортименті мен қызмет көрсету 
әдістері тәуелді; 
 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорныны қуатының, типінің және орналасу 
жерінің қызмет көрсетілетін контингент сипатына, халық тығыздығына, 
жақын арада басқа қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының, тамақ 
өнеркәсібінің және т.б. болуына тәуелділігі; 
 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының тамақтану қызметінен басқа 
көптеген қызметтерді: салтанатты мерекелерде, отбасылық түскі астарда 
қызмет көрсетуді ұйымдастыру, бос уақытты ұйымдастыру, ыдыстарды 
жалға бері және т.б. ұсыну. 
Аталған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жұмысының ерекшелігі 
кәсіпорын желілерін рационалды ұйымдастыруда, олардың типін таңдауда, 
жұмыс тәртібін анықтауда және ас мәзірін құруда ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет