К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жіктелуі



Pdf көрінісі
бет8/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   117
1.3. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жіктелуі 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны: аспаздық өнімдермен, ұннан 
даярланған кондитерлік және тоқаш өнімдерімен қоса, қоғамдық тамақтандыру 
өнімдерін өндіру, өткізу және (немесе) тұтынуды ұйымдастыруға арналған 
кәсіпорын. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының типі: өзіне тән қызмет көрсету 
шарттары, өткізілетін қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің ассортименті және 
техникалық жабдықталуы бар кәсіпорын.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының классы: ұсынылатын қызметтер 
сапасы, қызмет көрсету деңгейі мен шарттарын сипаттайтын нақты типті 
кәсіпорнының ерекшелік белгілерінің жиынтығы. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жіктеу негізіне келесі белгілер 
жатқызылу мүмкін: функционалды тағайындалуы, шикізатты өңдеудің 
технологиялық кезеңі, аспаздық өнімдерді даярлау әдісі, ассортимент, қызмет 
көрсету сипаты мен ұсынылатын қызметтер, тұтынушылық сұраныс жиілігі, 
тамақтану түрі, кәсіпорынның орналасуы, тұтынушылардың қызмет 
көрсетілетін тұтынушылардың контингенті, жұмыс маусымдылығы, мобилділік 
дәрежесі жатады.
Қоғамдық тамақ жүйесінде функционалды тағайындалуына байланысты 
желілер келесі кәсіпорын топтарына жіктеледі:
 аспаздық тауарлар мен сатып алынатын тауарлар өндірісін, өткізуін және 
тұтынуды ұйымдастыруды үйлестіретін орындар (асхана, мейрамхана, 
кафе, барлар, дәмханалар); 
жартылай фабрикаттар, аспаздық және кондитерлік өнімдер өндірісін 
жүзеге асыратын орындар (алдын-ала даярлау кәсіпорындары); 


15 
 аспаздық өнімдерді өндіру және өткізуді үйлестіретін кәсіпорындар (үйге 
тағамдарды жіберу жөнінде кәсіпорындар); 
 жартылай фабрикаттарды, аспаздық және кондитерлік өнімдерді өткізетін 
орындар (аспаздық дүкендері мен жартылай фабрикаттар бөлімі); 
 қонақ үй нөмірлерінде және басқа орналастыру орындарында 
тұтынушыларға жеткізу және қызмет көрсетуді ұйымдастыратын 
кәсіпорындар.
Шикізатты өңдеудің технологиялық кезеңіне байланысты (орындалатын 
өндірістік функцияларға байланысты) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 
желісі алдын-ала даярлау және толық даярлау кәсіпорындары болып бөлінеді. 
Алдын-ала даярлау кәсіпорындарының өндірістік-саудалық әрекетінің 
функциясы дайындығы әртүрлі жартылай фабрикаттарды, аспаздық және 
кондитерлік өнімдерді орталықтандырылған өндіру мен онымен жабық және 
ашық типті қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жабдықтауға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет