К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет21/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

Жоспарлылық тамақтану кәсіпорындарын тауармен жабдықтау үрдісінде
жоспарлы сипатта болу қажеттілігін білдіреді. Жоспарлылық деп рационалды 
жиілікті, жабдықтау периодтылығын, сонымен қатар жабдықталатын 
тауарлардың көлемінің анықтайтын график бойынша жүзеге асатын 
тауарларды жеткізіуді айтады. Осыған байланысты оңтайлы тауар қорларының 
көлемімен тауарайналым көлемін орындауға қажетті жағдайлар құрылады.
Жабдықтаудың ырғақтылығы салыстырмалы бірдей уақыт аралығында 
тауарларды 
жеткізуді 
қарастырады. 
Тауарларды 
ырғақты 
жеткізу 
тауарайналымды жылдамдатуға көмектеседі, артық тауарлар қорының 
жинақталуын болдырмайды, тамақтану кәсіпорындарының жұмыс істеуі үшін 
оңтайлы жағдайларды құрады.
Тауармен жабдықтауды рационалды ұйымдастырудағы маңызды жағдай 
оның белсенділігі болып табылады. Бұнда маусымдық және т.б. жағдайларға 
байланысты сұраныстың өзгеруі, тауарларды жеткізу ырғағының өсуі немесе 
азаюы қарастырылады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын тауармен 
жабдықтауды жүргізетін көтерме базалар мен басқа да кәсіпорындар бұл 
өзгерістерді ескеріп, қажетті түзетулерді енгізуі қажет, сондықтан олар 
кәсіпорындардан уақытылы тауарлардың жүзеге асу барысы және тауарлық 
қордың жағдайы жайлы ақпараттарды алып отыруы керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында шығарылатын өнімдердің 
барлық қозғалыс жолында үнемдеу принципінің сақталуы қажет, яғни тауар 
қозғалысында оңтайлы сызбаларды қолданып, сатып алу-сату заттарын жеткізу, 
жабдықтау бойынша қосымша шығындарды болдырмау және әрекеттегі 
сызбалада үнемдеу қорларын тауып отыру керек.
Тауармен жабдықтау технологиялық болуы керек, яғни тауар қозғалысы 
кезінде уақытылы жеткізу технологиясын, аз механизациялы құрылғыларды, әр 
түрлі қондырғыларды, тауарларды тиеу, түсіру және сақтау әдіс-тәсілдерін 
қолдану қажет.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының тиімді қызмет етуі үшін 
өнімдерді канал бойынша үздіксіз алып отыратын тауар қозғалысы жүйесін 
ұйымдастыру қажет. Тауармен жабдықтау жүйесін тиімді жоспарлау қажетті 
көлемдегі тауардың қажетті ассортименті мен уақытын ұта алады, ол 
тұтынушылардың максималды сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Тауармен жабдықтаудың негізгі кезеңі сатып алу қызметін ұйымдастыру 
болып табылады.
Сатып алу процедурасы бірнеше кезеңдерден тұрады: 
 мәзірді жоспарлау; 
 тағамды дайындау үшін қажетті өнімдердің сапасы мен санын есептеу; 
 қордың деңгейін анықтау; 
 толықтыруды талап ететін қорды және мөлшерін анықтау, олардың 
қайсысын толтыру; 


33 
 спецификацияны жасау және қажетті өнімдерді сатып алуға тапсырысты 
құру. 
Сатып алу процедурасы формалді немесе формалді емес сценарий 
бойынша жүргізілуі мүмкін:
Формальді сценарий: 
 тапсырысты құрастыру; 
 ықтимал жабдықтаушылар тобын анықтау; 
 жабдықтау шарттары жайлы жабдықтаушыларға ұсыныс беру; 
 алынған жабдықтау шарттарын бағалау және есептеу; 
 келісім шартқа қол қою және тапсырысты жіберу; 
 өнімдерді алу, қоймаға орналастыру және тіркеу; 
 өнімдердің ағынды күйін бағалау және олардың алғашқы өңдеу; 
 өндіріске жіберу. 
Формальді емес сценарий: 
 тапсырыс құрастыру; 
 жабдықтаушыларды бағасы туралы сұрау; 
 жабдықтаушыны таңдау және тапсырыс жасау; 
 өнімдерді алу, қоймаға орналастыру және тіркеу; 
 өнімдердің ағынды күйін бағалау және олардың алғашқы өңдеу; 
 өндіріске жіберу. 
Формалді сценарий көбінесе мейрамханалық жүйелерде, ал формалді емес 
сценарий – тәуелсіз мейрамханаларда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет