К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Сатып алуға тапсырыс жасау



Pdf көрінісі
бет22/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   117
Сатып алуға тапсырыс жасау тауардың спецификациясын зерттеудің 
негізінде жасалады және белгіленген баға бойынша белгілі бір өнімдерді сатып 
алуға тапсырыс жасауды білдіреді. Көптеген мейрамханалар тұрақты түрде 
қажет болатын өнімдерге типтік тапсырыстар құрастырады. Олар оны 
жабдықтаушыларға бағасы туралы сұраумен бірге жіберіп, жауабына өнімді 
бағалау үшін үлгілерді алады.
Мысалы, консервіленген өнімдерде әр түрлі мөлшердегі консервілейтін 
сұйықтықтар болуы мүмкін. Әлбетте, мейрамханалар үшін өнімнің таза 
салмағын білу маңызды. Әр түрлі фирмалармен жіберілген үлгілерді салыстыра 
отырып, 
өздерінің 
қажеттіліктерін 
жақсы 
қанағаттандыратын 
жабдықтаушыларды таңдап ала алады.
Тапсырысты беру арқылы тапсырысқа берілген өнімдерді ыңғайсыз 
уақытта алмас үшін мейрамхана нақты жеткізу күні мен уақытын (мысалы: 
жұма, сағ 10.00- 12.00 дейін) нақтылайды. 
Әдетте қабылдау бақылаумен қатар жүреді: өнімді қабылдау кезінде 
мейрамхана оның санының, сапасының және бағасының тапсырысқа сәйкес 
келетіндігіне сенімді болуы керек. Сапасы мен саны спецификация талабына 
сәйкес болуы керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы материалды-техникалық 
тағайындалған заттарға қажеттілігі жабдықтау, шығындау және эксплуатация 
нормасы негізінде анықталады.


34 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын сауда-технологиялық және 
салқындатқыш құрал-жабдықтарымен жабдықтау нормаларына сәйкес салынып 
жатқан және қайта құрастырылған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын 
жабдықтауға қажетті құрал-жабдықтардың саны анықталады. Қоғамдық 
тамақтандыру кәсіпорындарын ас ыдыстармен, ас аспаптармен, жиһаздармен 
және ас үй құралдарымен жабдықтау нормасының екі түрлі нормативі бар: 
біріншісі –типі мен орын санына байланысты бір кәсіпорынға шаққанда 
кәсіпорынды құралдармен және жиһаздармен жабдықтау бойынша; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет