К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет20/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117
Логистика – шикізатты сатып алу орнынан бастап соңғы тұтынушыға 
дейін материалды ағынның қозғалысы жөнінде барлық әркекет түрін 
жоспардау, ұйымдастыру және бақылау. Жабдықтау бөлімі мен өндіріс және 
өткізу бөлімдері арасындағы и материалды ағындарды басқару бойынша 
әрекеттердің жоғары дәрежеде келісуін қамтамасыз ету. Жалпы кәсіпорынның 
логистикалық ұйымдастыру мақсаты жабдықтау бөлімі мен өндіру және өткізу 


31 
қызметтері арасындағы материалды ағындарды басқару жөнінде келісілген 
әрекеттерін жоғары дәрежеде қамтамасыз ету болып табылады. 
Кәсіпорынды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін келесі 
мақсаттарды шешу керек: 
 не сатып алу керек; 
 қанша сатып алу керек; 
 кімнен сатып алу керек; 
 қандай шартта сатып алу керек 
Сонымен қатар: 
 келісім шарт құру; 
 келісім шарттың орындалуын бақылау; 
 жеткізуді қамтамасыз ету; 
 қоймаға жинау және сақтауды ұйымдастыру керек. 
Тауармен жабдықтау сатып алу, жеткізу, қабылдау, сақтау, өткізуге 
дайындық операцияларынан тұратын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына 
дейін тауарларды жеткізу бойынша коммерциялық және технологиялық 
операциялардың күрделі кешені болып табылады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын тауармен жабдықтауды 
ұйымдастыру төмендегілерден тұрады: 
 тауарлардың түсу көзін таңдау; 
 олармен шаруашылық байланысын орнату; 
 орнатылған тауарайналым көлемі мен құрылымымен және тауарлық 
қорларға сәйкес кәсіпорындарға тауарлар ассортиментін, партиясы мен 
жабдықтау периодтылығын қалыптастыру. 
Тауармен жабдықтауда келесідей мәселелер орындалуы қажет: 
 аталған жерге және уақытта қажетті көлем мен ассортиментте тауарларды 
жеткізуді қамтамасыз ету; 
 кәсіпорын сұранысын максималды қанағаттандыру, жылдам және аз 
шығындармен тауарларды жеткізуді қамтамасыз ету; 
 сұраныс пен нарық конъюктурасының өзгеруіне иілгіш қабылдау; 
 кәсіпорынды қажетті тауарлармен қамтамасыз ету және олардың 
айналымын жылдамдату; 
 артық аралық звеноларсыз, ең қысқа жолмен тауарларды жеткізуді 
қамтамасыз ету; 
Нарықтық экономика жағдайында тұтынушы тауарларын өндіру және 
олардың ассортиментін кеңейту, тауарайналым көлемін ұлғайту, қоғамдық 
тамақтандыру кәсіпорындарының жүйелерін ұлғайту тауарайналым үрдісін 
қиындатады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын тауармен жабдықтауда келесідей 
көрсеткіштерге негізделуі керек: 
 жоспарлық; 
ырғақтылық
 белсенділік; 


32 
 үнемділік; 
 технологиялық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет