К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 Тасымалдаушылармен келісім шарт қатынастарын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет24/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117
2.4. Тасымалдаушылармен келісім шарт қатынастарын ұйымдастыру 
 
Жабдықтау келісім шарты өнімдердің барлық түрлерін екі жаққа жеткізу 
міндеті мен құқығын анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Келісім 
шартты құру кезінде ҚР азаматтық кодексімен, заңдары мен және т.б. заң 
шығарушы актілеріне сәйкес басқарылады. Келісім шартты құру кезінде 
келесідей мәселілерді білу қажет: оны жүзеге асыру кезінде қандай мақсаттарға 
қол жеткізу, безендіру, қол қою және орындауға байланысты ең маңызды 
сәттерді анықтау. 
Келісім шартқа отыратын жақтар азаматтар және заңды тұлғалар болуы 
мүмкін. Келісім шарт жағдайлары екі жақ өздігінен анықтайды. 
Саудада және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорндарында қолданылатын 
негізгі келісім шарттар түрлері мыналар: 
сату-сатып алу келісім шарты
 жабдықтау келісім шарты; 
 қоймалық сақтау келісім шарты; 
комиссия келісім шарты
 еңбек келісім шарты. 
Жалпы келісім шарт төрт бөлімнен тұрады: 
 преамбула (кіріспе бөлім) 
 келісімшарт заты 
 келісімшартқа қосымша жағдайлар 
 келісім шарттағы басқа да жағдайлар. 
Минимум жағдайлар қарастырылған өте қысқа келісім шарттармен қатар, 
көп беттік, өте тыңғылықты көп мөлшердегі қосымша жағдайларды 
қарастыратын келісім шарттар қарастырылады. 


38 
Келісім шартты құру кезінде қарастырылатын жұмыстың басты 
мәселелерін қарастыру керек, бұдан кейін жалпыдан жекеге өту арқылы 
жұмыстың схемасын құрып, әр кезеңде қалай орындалатынын ойластырып, бұл 
үшін қандай жағдайлардың болуы, сонымен қатар қауіптің болу мүмкіндігін 
қарастыру қажет. 
Қарастырылатын келісім шарттың жобасын бұл жобаға қызыққан 
ұжымның құруы қажет. Келісім шарт жағдайларын қарастыру үшін сол 
профильдегі арнайы мамандарды шақыру керек. Келісім шартты құру ұсынысы 
белгісіз кәсіпорындардан келіп түссе, олар туралы көптеген мөлшерде 
ақпараттар жинау керек. Бұл үшін олардың құрылтай құжаттары мен тіркеу 
куәліктерімен танысу керек. Оның басқарушысы кім, қордың көлемі қандай, 
ұжымның қаржылық жағдайы қандай екендігіне көңіл аудару керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет