К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Жұмыс орындарын жіктеу және ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет89/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   117
7.4. Жұмыс орындарын жіктеу және ұйымдастыру 
Еңбекті ұйымдастырудың маңызды бағыты жұмыс орындарын 
ұйымдастыру мен қызмет көрсетуін жақсарту болып табылады. 
Жұмыс орны еңбек және өндірістік үрдістің алғашқы звеносы, элементі 
болып табылады. Еңбекті ұйымдастыру мен өндірісте жұмыс орны деп тікелей 
еңбек үрдістері жүзеге асатын жұмысшының немесе жұмысшылар тобының 
(бригада) еңбек әрекетінің өндірістік кеңістігінің бір бөлігі немес аймағы 
аталады. Әрбір жұмыс орны ауданымен, биіктігімен, сәйкесінше өндірістік 
кеңістікте алатын көлемімен сипатталады. Жұмыс орны шегінде еңбек үрдісіне 
қажетті барлық еңбек құралдары – механизмдер, жабдықтар, аппаратура, құрал-
саймандар және басқа еңбек құралдапы, сонымен қатар қосымша жабдықтау 
заттары – жұмыс жиһазы, тиеу-түсіру жабдықтары, шамдар, желдету 
аспаптары, қорғау құралдары, экран және т.б. орналасады. Бұның барлығы 
жұмыс орнын жабдықтауға жатады.


179 
Жабдықтаудан кейін жұмыс орнын ұйымдастырудың екінші элементі оның 
жобалануы болып табылады, ол бір жағынан жұмыс орындарының өзін 
өндірістік цехтар, учаскелер ауданы бойынша рационалды орналастыру болса, 
екінші жағынан әрбір жұмыс шегінде технологиялық және қосымша 
жабдықтарды, өндірістік жиһазды және бастысы қажетті шарттар мен 
ыңғайлылықтарды құрып, жұмысшыны немесе жұмысшыларды орналастыру 
болып табылады.
Жұмыс орнын ұйымдастырудың үшінші элементі оларға қызмет көрсету 
болып табылады. Қызмет көрсету қажеттілігі заманауи өндірісте жұмыс 
орындары маманданған, екіншіден территориялық негізделген. 
Жабдықтау, жобалау және қызмет көрсету жұмыс орнын ұйымдастырудың 
жалпы элементтері болып табылады. Жұмыс орны барлық қажеттіен жақсырақ 
жабдықталса, рационалды ұйымдастырылса, соғұрлым үздіксіз қызмет 
көрсетіледі, жұмысшылардың еңбек өнімділігі жоғары болады, еңбек ауырлығы 
мен шаршау аз болады.
Жұмыс орындарының маңызды жіктеу белгісі орындалатын жұмыстарды 
механикаландыру және автоматтандыру дәрежесі болып табылады. Бұл белгі 
бойынша барлық жұмыс орындары бес топқа бөлінеді, олардың әрқайсысының 
жұмысшылар еңбегін ұйымдастыруға қатысты кейбір жалпы принциптері мен 
талаптары болады.
1. Қол жұмысына арналған жұмыс орындары. Бұндай жұмыс орнында 
жұмыстар қол аспабымен, ал затты түрлендіру жұмысшының энергия 
жұмсау есебінен жүзеге асады.
2. Машиналық-қол дұмысына арналған жұмыс орындары. Жұмыс орнында 
еңбек затын түрлендіру жұмысшының сәйкесінше энергия жұмсау арқылы 
тікелей қатысында, иашинамен немесе механизмдермен жүзеге асады.
3. Механикаландырылған жұмыс орындары. Барлық технологиялық үрдістер 
сыртқы энергияның жұмсалуымен машиналармен немесе механизмдерме 
жүзеге асады, бірақ тікелей жұмысшының қатысында жүреді, ол еңбек 
құралдарын басқару рөлін атқарады (еңбек затын орнату, машинаны іске 
қосу және тоқтату, механизм жұмысын бақылау, сапаны бақылау және т.б.). 
Бұл топ жұмыс орындарының ерекшелігі жұмысшы тікелей еңбек затын 
түрлендіруге жұмсамай, оны тек қосалқы элементтерге жұмсайтыны болып 
табылады.
4. Автоматтандырылған жұмыс орындары. Олар жұмысшының тікелей 
қатысынсыз барлық технологиялық үрдістерді орындай алатын автоматты 
механизмдермен, станоктармен немесе жүйелермен жабдықталған. 
Жұмысшы рөлі тек автоматтарды іске қосу және сөндіру, олардың 
жұмысын бақылау болып табылады. Жабдықтардың автоматты жұмысының 
уақыты біршама болуы мүмкін, оның салдарынан бір жұмысшы бірнеше 
автоматтарда қызет көрсете алады.
5. Аппаратуралы 
жұмыс 
орындары. 
Бұл 
жұмыс 
орындары 
механикаландырылған және автоматтандырылған жұмысорындарынан 
еңбек затын түрлендіру химиялық, электрлік немесе жылулық энергия 


180 
әсерінен 
жүзеге 
асатын 
арнайы 
жабдықтармен 
(аппараттармен) 
жабдықталуымен ерекшеленеді. Автоматтандырылған жұмыс орнындағы 
сияқты жұмысшы-апаратшы рөлі аспап көрсеткіші бойынша аппарат 
жұмысын бақылаудан тұрады. Бірнеше аппараттар және автоматты 
аппаратуралық циклі жеткілікті уақыты болғанда бір жұмысшы-аппаратшы 
бір мезгілде екі немесе одан да көп аппараттарда қызмет көрсете алады. 
Нақты жағдайларға байланысты маманданған және әмбебап жұмыс 
орындарын ұйымдастырады.
6. Мамандандырылған жұмыс орындары бір емесе бірнеше біртекті 
операцияларды орындау үшін ұйымдастырылады, мамандандырылған 
жұмыс орындарында шектеулі және тұрақты құрал-саймандар, ыдыстар, 
жинағын қолдану, сонымен қатар көп рет бір операциялардың қайталануы 
есебінен еңбек өнімділігі жоғары болады. Жұмыс орындарын 
мамандандыру заманауи механикаландырылған және автоматтандырылған 
өндірістің міндетті алғы шарты болып табылады.
Шағын және орташа кәсіпорындарда, әртекті жұмыстары бар учаскелерде 
кішігірім көлемінде әмбебап жұмыс орындарын ұйымдастырады. Бұндай 
жұмыс орындарын ұйымдастыру-техникалық жабдықтау өнім мен тауарлардың 
ауыспалы ассортиментін, оның салдарынан өзгеретін жұмыс операцияларының 
құрамы мен санын ескеріп жүргізеді.
Нақты жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде келесідей талаптарды қадағалау 
керек: 
техникалық талаптар. Бұндай талаптарға жұмыс орындарын 
өндірістік және еңбек үрдістерінің мазмұны мен ерекшеліктеріне 
сәйкес заманауи, бұзылмаған және қауіпсіз жабдықтармен, 
құралдармен және тиеу-түсіру жабдықтарымен жабдықтау жатады.
ұйымдастыру талаптары. Бұл талаптар еңбек қызметтерін орндау 
ауырлығын ескеріп, жұмысшыларды оңтайлы орналастырудан, 
жұмыс орнын және өзара байланыстарын ұйымдастырудан, жұмыс 
орындарын тиімді және экономикалық қызмет көрсетуден, сонымен 
қатар жұмысшылар денсаулығы үшін зиянсыз және қауіпсіз еңбек 
жағдайларын құрудан тұрады.
 экономикалық талаптар. Олар еңбек өнімділігінің артуын, өндіріс 
шығындарын азайтуды, өнім немесе жұмыс сапасын жоғарылатуды 
және өндіріске барлық қатысушылардың жалақысы мен табысын 
жоғарылатуды, сонымен қатар тұтынушылр қажеттілігін толық 
қанағаттандыруды қарастырады.
әлеуметтік-психологиялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет