К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін енгізу



Pdf көрінісі
бет91/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   117
7.5. Еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін енгізу
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру нақты жұмыс орнында еңбек және оны 
орындау жағдайларын заманауи техникалық құралдар көмегімен ғылыми 
негізделген әдістеме бойынша зерттеуге негізделген. 
Еңбек үрдісі –белгіленген мерзімде қажетті сапалы өнім құру, жартылай 
фабрикат дайындау, белгілі бір жұмысты орындау үшін еңбек құралдары 
көмегімен (машина, құралдар және т.б.) адамның еңбек затына (шикізат, 
жартылай фабрикаттар, материалдар) әсері.
Еңбек үрдісіне зерттеу алдында онындаушының, жұмыс орнының, еңбек 
құралдарының нақты сипаттамасын құрастырады. Еңбек үрдісін зерттеуді оның 
мақсатын анықтаудан бастайды. Содан соң оны орындау әдістерін, жұмыс 
тәсілдерін бақылайды. Бақылау нәтижесі бойынша оны құрамдас бөліктерге 
кезеңдерге, операцияларға, қозғалыстарға жіктейді. Еңбек үрдісінің қарапайым 
құрамдас бөлігі қозғалыстар кешенін үйлестіру арқылы орындалатын операция 
болып табылады. Содан соң сәйкес жұмысты орындауда қолданылатын әдістер 
мен тәсілдерді жетілдіру және рационалды түрлерін енгізу жөнінде ұсыныстар 
жасайды.
Еңбек үрдісінің әрбір құрамдас бөлігін талдай отырып, ең алдымен оны 
орындау қажеттілігін анықтайды. Бұл артық, қажетсіз, рационалды емес 
қозғалыстарды айқындауға, олардың ұзақтығын қысқартуға, қарапайым және 
ыңғайлы түрлерін енгізуге мүмкіндік береді, нәтижесінде физикалық және 
психикалық жүктемені азайтуға, еңбк өнімділігін артыруға ықпал жасайды. Бір 
мезгілде қандай операциялар ұтымды екенін анықтайды, яғни еңбек 
құралдарын минимум қозғалту және орын ауыстыру, денені, қол, аяқтарды 
қозғалту және бұру аз орындалатын операцияларды анықтайды.


184 
Еңбек тәсілдерін білікті, тәжірибелі жұмысшыларбы бақылау арқылы 
анықтайды. Ең оңтайлы әдістер мен тәсілдерді таңдау негізінде рационалды 
еңбек үрдісін жобалайды, оны сәйкес ұйымдастыру құжатында (картада, 
сызбада және т.б.) бекітеді.
Жетілдірілген еңбек әдістері мен тәсілдерін енгізу жолдары әртүрлі. Ең 
тиідісі тікелей жұмыс орнында өндіріс новаторларының көрсетуі, мастер-класс 
жргізу болып табылады. Ең жақсы нәтижені көрнекті құралдарды қолдану 
береді: тақырыптық кино- және видеофильмдер, диапозитивтер, плакаттар
сызбалар, альбомдар, модельдер, көрмелерге, үлгілі кәсіпорындарға бару. 
Тұрақты қабылдау үшін нақты жұмыс орнында еңбекті ғылыми 
ұйымдастыру картасын құрастырады, орындаушыларға нұсқау жүргізеді, оның 
меңгеруін басқарады. Еңбектің озық әдістерін оқытуды үлгілі кәсіпорындарда, 
учаскелерде, арнайы біліктілікті арттыру курстарында, тақырыптық семинарда 
ұйымдастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет