К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Аусым ішілік еңбек және демалыс тәртібі



Pdf көрінісі
бет95/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   117
Аусым ішілік еңбек және демалыс тәртібі аусым басталуы және аяқталу 
уақыты, оның ұзақтығы; демалысқа кеткен уақыттың қосндысы; жеке 
үзілістердің шамасы, олардың аусым бойынша таралуы; демалысты өткізу түрі 
анықтайды.
Тәулікті ауытқуларға сәйкес адамның жұмыс қабілеттілігіне аусымның 
басталуына таңғы сағат 6 ерте басталмау керек, ал аяқталуы сағат 24 кеш 
болмау керек. Қалыпты еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар үшін 
қалыпты аусым ұзақтығы – бес күндік аптада 8 сағат құрайды (40 сағаттық 
апта). 
Нормаланбаған жұмыс күні еңбегі уақытпен есептеуге келмейтін 
қоғамдық тамақтандыру жұмысшылары үшін орнатылады, бірақ бір айда 
орындалған жұмыс сағатының саны еңбек заңдарына сәйкес келу керек немесе 
компенсация есебінде қосымша демалыс берілу керек. Аусымішілік еңбек және 
демалыс тәртібін орнату кезінде аусым бойы демалыстық қосынды ұзақтығы 
қарастырылады.
Демалуға үзілістің үш негізгі түрін анықтайды. 
Микроүзіліс-бір әрекеттен екінші әрекетке ауысу кезінде жұмысшының 
жүйке жүйесін қайта қосу қажеттілігімен туындаған, жұмыс, операция 
арасындағы бірнеше секундқа созылатын, өздігінен туындайтын үзілістер. 
Түскі үзіліс, тамақтануға және демалуға арналған үзіліс. Оның ұзақтығы 
(әдетте 30 минуттан 1 сағатқа дейін, максималды -2 сағат) аусым ұзақтығына 
кірмейді. Нақты кәсіпорын үшін оның ұзақтығын анықтай отырып, санитарлы-


189 
гигиеналық процедураларды, кейбір жағдайларда киім ауыстыру, тамақтану 
орнына бару және кері қайту, түскі асты алу, тамақтану, түсте кейін сәл демалу 
процедураларын орындауға жеткілікті болу керек. Өндірістік үрдісті тоқтату 
мүмкін болмаған жағдайда түскі үзіліс уақытында арнайы ауыстырушы 
жұмысшылармен ауыстыру немесе өзара ауысу (бригадада) есебінен жүзеге 
асуы мүмкін. Ауысу бекітілген сипатта болу керек және график бойынша 
жүзеге асуы керек. Түскі үзілісті аусым ортасында (1 сағат ары-бері) орнату 
ұсынылады. 
Демалуға арналған бекітілген үзілістер жұмыс қабілеттіліктің күрт 
төмендеуін алдын-алады. Олар жұмыс уақытына қосылады; еңбек нормасын 
есептеу кезінде олардың ұзақтығы уақыт нормасын есептеуге кіреді. 
Жұмыс түрі мен ауырлығына байланысты күннің алғашқы жарты күнінде 
бір үзіліс және күннің екінші жартысында жалпы ұзақтығы 10-нан 30 минутқа 
дейін бір-екі үзіліс орнатылады.
Апта (ай) бойы жұмыс күндерінің саны, аусым басталуы мен аяқталуы 
кәсіпорындағы әрекеттегі еңбек заңының Типтік ережелеріне сәйкес ішкі тәртіп 
ережелерінде көрсетіледі. Осы Ережелерге сәйкес өндіріс талаптары ескеріліп, 
аты-жөні, кәсібі (лауазымы), жұмысқа шығу сағаты, жұмыс аусымының 
ұзақтығы мен демалыс күндері көрсетіліп,, күнтізбелік графиктер 
құрастырылады. Бұл графиктерді кәсіпорын бөлімдерінің басшылары 
құрастырады және оның жетекшісі қол қойып бекіткен соң, көрінетін жерге іліп 
қояды. Графикті қадағалау қатаң бақыланады. Графикті қадағаламау еңбек 
тәртібінің бұзылуын білдіреді, және әрбір жағдай бойынша әкмшілік шаралар
және тәрбие жұмыстары жүргізіледі.
Кәсіпорынның әртүрлі жұмыс жағдайлары жұмысқа шығудың сәйкес 
графиктерін құруды талап етеді: сызықтық (сатылы), екі бригадалы, жұмыс 
уақытын қосынды есептеу графигі, құрама. 
Графиктерді таңдау және құру кезінде кәсіпорныннң жұмыс тәртібі, 
саудалық залдың толу графигі ескеріледі. Қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорнында жұмықа шығу графигінің келесідей түрлері қолданылады: 
сызықтық, таспалы, жұмыс уақытының қосынды есебі, екі бригадалы, құрама. 
Сызықтық гафик өндіріс барлық жұмысшыларының бір мезгілде келуі 
мен кетуін қарастырады. Бұл график жұмыс көлемі толық 7-8 сағатта 
орындалатын кезде қолданылады, жұмысшылар жүктемесі ауысым бойы бір 
тект. Бұл графиктің артықшылығы жұмысшылардың өндірістік бағдарламаны 
орындауға жауапкершілік қамтамасыз етілуде. Бірақ саудалық зал ұзақ жұмыс 
істеу тәртібінде сызықтық графикті қолданбаған дұрыс. 
Саудалық залдың жүктелуіне сәйкс аспалы (сатылы немесе жылжымалы) 
график өндіріс жұмысшыларының әртүрлі уақытта тобымен немесе өздігінен 
шығуын қарастырады, әрбір жұмысшы 7 немесе 8 сағат жұмыс істейді. 
Кемшілігі-нақты бригаданы құрудың болмауы, жұмыс уақытын 
жоспарлау, жұмысқа шығуын бақылау қиындығы; кейбір бригада мүшелерінің 
өндірістік бағдарламаны орындауына жауапкершіліктің төмендеуі. 


190 
Жұмыс уақытын қосынды есептеу графигі қалыпты жұмыс күнін орнату 
мүмкіндігін болмаған жағдайда біртексіз жүктелген жеке апта немесе ай 
күндері қолданылады. Қосынды графикте апта күні бойы әртүрлі жұмыс 
күнінің ұзақтығы рұқсат етіледі, бірақ 11сағат 30минуттан аспау керек және бір 
айға орнатылған жұмыс уақытын міндетті орындағанда демалыс күндері берілу 
керек. 
Екі бригадалы график жұмыс уақытын қосынды есептеу графигінің бір 
түрі. Бұл график түрінде саны мен құрамы бойынша бірдей екі бригада 
ұйымдастырылады. Олар 11сағат 30минуттан күн ара ауысып жұмыс істейді. 
Бұл график артықшылығы-күні бойы бригада құрамы тұрақты, бұл өндірістік 
тапсырманы 
орындауға 
жауапкершілікті 
арттырады. 
Кемшілігі 
жұмысшылардың біртекті жүктелуі, жұмыс күні ұзақтығының көп болуы болып 
табылады, ол шаршауды тудырып, өнім сапасының төменденуіне, еңбек 
өнімділігінің қысқартыуына алып келеді. 
Құрама график әртүрлі график үйлесімін қарастырады және жұмыс күні 
ұзартылған 
кәсіпорындарда 
қолданылады. 
Бұндай 
гафик 
көбіне 
мейрамханаларда қолданылады, онда жалпы жұмыс екі бригадалық график 
бойынша құрылады да, тағам даярлау үрдісі мен саудалық зал жүктелуі 
ескеріліп, кейбір жұмысшылар таспалы график бойынша шығады. 
Әрбір жұмысшының жұмыс уақытын есептеу үшін жұмыс уақытын 
есептеу иабелі жүргізіледі, оған директор қол қояды. Табель айлық түсіру үшін 
құжат болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет