К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Еңбек және демалыстың рационалды тәртіптерін жобалау



Pdf көрінісі
бет94/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   117
7.8. Еңбек және демалыстың рационалды тәртіптерін жобалау 
Біріккен әрекеті барысында жеке жұмысшылар мен бөлімдердің еңбегі 
ұзақтығы және күнтізбелікк кезеңі бойынша келісілу керек. Ол үшін еңбек және 
демалыс тәртібі құрастырылады, ол аусым, апта, ай, жыл бойы жұмыс және 
демалыс тәртіптерін реттейді. Оны құрудың негізгі мақсаты –жұмысшылардың 
женсаулығы мен жоғары жұыс қабілеттілігін сақтау кезінде өндірістік қуатты 
тиімді қолдануды қамтамасыз ету.
Жұмыс қабілеттілік - адам организімінің жұмыс күні бойы жүктемені 
көтере алу қабілеті. Адамның жұмыс қабілеттілігіне жүктеме шамасы және 
оның ұзақтығы, еңбек жағдайы мен ұйымдастырылуы, біілктілік, жұмысшы 
жасы, жұмыс пен демалысты дұрыс кезектеу сияқты факторлар әсер етеді.
Негізгі демалу уақыты түскі үзіліс болып табылады. 7-8 сағттық жұмыс 
күніде түскі үзілісті жұмыс бастаған соң 3-4 сағаттан кейін орнатқан жөн. 
Еңбек пен демалысты дұрыс емес ұйымдастыру жұмысшының аса шаршауына 
алып келеді, ол оның жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді. 


188 
Жұмыс тәртібін орнату үшін әрбір кәсіпорында жұмысқа шығу графигін 
құрайды. Күндік, айлық және жылдық графиктерді ажыратады. 
Күндік графикте жұмыс күнінің ұзақтығын, оның бастауы мен аяқталуы, 
түскі үзіліс уақты мен ұзақтығын көрсетеді. Айлық графикте бір айға жалпы 
сағат саны, жұмыс күні мен демалу күндерінің ауысуы көрсетіледі. 
Еңбек заңына сәйкес жұмыс аптасы-40 сағат. Толық емес жұмыс күні 
жұмысшы мен әкімшілік арасындағы келісім бойынша және кәмелетке 
толмағандар үшін орнатылады. 
Нормаланбаған жұмыс күні еңбегі уақыт есебіне сәйкес келмейтін, бірақ 
жұмыс жұмысшыларға орнатылады, бірақ бір айда орындаған жұмыс 
сағатының саны еңбек заңнамасына сәйкес болуы керек немесе компенсация 
ретінде қосымша демалыс беріледі. 
Сәйкесінше аусымдық, апталық, айлық және жылдық еңбек және демалыс 
тәртіптерін негіздеп енгізеді.
Жұмыс қабілеттілікке аусымдық тәртіп аса көп әсер етеді. Жұмыс 
аусымы бойы орындаушының жұмыс қабілеттілігі дәрежесі бойынша 
ерекшеленетін кезеңдер ескерілу керек. Күннің алғашқы жартысында өндіру 
кезеңінен кейін, максималды тұрақты жұмыс қабілеттілік, ал одан кейін түскі 
үзіліске дейін шаршаудың пайда болуы және үдеуі байқалады. Түскі үзілістен 
кейін жұмысқабілеттілік алдымен біршама азаяды, ал содан соң тез 
жоғарылайды, бірақ күннің алғашқы жартысында байқалған деңгейге жетпейді. 
Күннің соңына қарай шаршау өсуіне қарай жұмыс қабілеттілік төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет