К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Оңтайлы еңбек жағдайын құру



Pdf көрінісі
бет93/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   117
7.7.Оңтайлы еңбек жағдайын құру 
Еңбек жағдайы – жұмысшы денсаулығы мен еңбек қабілеттілігіне әсер 
ететін өндірістік орта мен еңбек үрдісі факторларының жиынтығы.
Еңбек үрдісі барысында адам денсаулығы мен еңбек қабілеттілігіне әсер 
ететін өндірістік факторлар келесі топтарға біріктіріледі: 
 әлеуметтік-экономикалық факторлар, еңбеу жағдайын бекітетін заң және 
нормативті-құқықтық базадан, алдын-алу және күнделікті қадағалаудан, 
қолайсыз жағдайларда жұмыс істегені үшін компенсация мен жеңілдіктер 
жүйесінен тұрады. 
 еңбектің нақты түрінің сипатымен, еңбек әрекетінің мазмұнымен 
негізделген психофизиологиялық факторлар. Оларға физикалық және 
жүйке-психикалық жүктеме, монотондық, еңбек ырғағы мен қарқыны 
жатады. 
 санитарлы-гигиеналық жағдайлар, сыртқы өндірістік орта (микроклимат, 
шу, ауа күйі, жарықтандыру және т.б.), сонымен қатар өндірісте 
санитарлы-тұрмыстық қызмет көрсетуді анықтайды. 
 Жұмысшыларды оң эмоцияларын қалыптастыруға ықпал ететін 
эстетикалық факторлар (интерьерді, жабдықтарды, өндірістік киімді 
архитектуралық-құрылымдық-көркемдік безендіру, көгалдандыру және 
т.б.); 
 әлеуметтік-психологиялық факторлар, еңбек коллективінде өзара 
қатынастарды сипаттайды және жұмысшыда сәйкес психологиялық күйді 
құрады. 
Аталған еңбек жағдайының факторлар тобы өндірістік жағдайдың негізін 
құрайды.
Еңбек жағдайын жақсарту еңбек үрдісін орындау үшін оңтайлы жағдайлар 
құру, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын жоспарлы енгізу 
есебінен ауыр, зиянды, шаршататын және аз біліктілікті еңбекті ығыстыру, қол 
еңбегін жеңілдететін және кейде толық жоятын рационалды құралдарды, 
бірегей қаптаманы, саймандарды қолдану есебінен жүзеге асады.


186 
Еңбекті ұйымдастырудың міндетті бағыты еңбек жағдайын жақсарту 
болып табылады. Еңбек қабілеттілігін арттыру үшін, шарашуды төмендету 
және денсаулығын сақтау үшін өндірісте аса қолайлы жағдайлар құру аса 
маңызды. Қоғамдық тамақтандыруда қол еңбегінің үлесі орта есеппен 70-75% 
құрайды. Сондықтан қол еңбегінің механикаландыру және автоматтандыру 
есебінен қысқарту үлкен мәнге ие. Ауыр және көп еңбекті қажет ететін 
жұмыстарды (картоп пен көкөністерді алғашқы өңдеу, ыдыстарды жуу, 
бөлмелерді тазалау, плита үстіндегі қазандарды жылжыту), қол еңбегі үлесін 
реттік қысқарту үшін тиеу-түсіру қондырғыларын, көтеру-тасымалдау 
жабдықтарын және аз механикаландыру құралдарын қолданған жөн. 
Кәсіпорындарда жұмысшылардың шаршауын төмендететін қалыпты 
психофизикалық, санитарлы гигиеналық және эстетикалық еңбек жағдайларын 
құру керек. (Өндірістік бөлмелерге қойылатын жалпы талаптарды қадағалау; 
оңтайлы микроклимат құру: температура, ауа ылғалдылығы, қозғалу 
жылдамдылығы; жұмыс орныдарын жабдықтандыру, өндірістік шуды азайту 
және т.б.). 
Микроклиматтық маңызды факторы ауа температурасы болып табылады. 
Ауа температурасына байланысты өндірістік бөлмелер салқын және ыстық 
болып бөлінеді. Салқын өндірістік цехтарға ондағы орнатылған жабдықтардан 
бөлінетін жылу сомасы сағатына 1м
3
бөлмеге шаққанда 20 каллориядан 
аспайтын бөлмелер жатады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда оларға 
алдын ала даярлау цехтары (көкөніс, ет, балық) және салқын цех жатады. 
Жылу бөлу сомасы сағатына 1м
2
-қа шаққанда 20 ккаллориядан артатын 
өндірістік цехтар ыстық цехтар деп аталады. Қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорнында бұл ас үй, кондитерлік цехтар. Ыстық цехтарда жұмыс 
аймағындағы ауа температурасы (жұмысшы бетінің деңгейінде) 30-40
о
С және 
одан жоғары болуы мүмкін. 
Адамға ең қолайлы микроклимат келесі көрсеткіштерге сәйкес 
микроклимат саналады: ауа температурасы 18-23
о
С, салыстырмалы 
ылғалдылық 60-70% және ауның қозғалу жылдамдығы 0,06-дан 0,18м/с дейін. 
Орындалатын 
жұмыс 
ауырлығына 
байланысты 
микроклимат 
көрсеткіштеріне қойылатын талаптар өзгеруі мүмкін. Мысалы, ауа 
температурасы өскен сайын ауа қозғалысы жылдамдылығын жоғарылату үшін 
жағдай құру керек. Егер температура күрт өскенде ауа жылдамдығын 
жоғарылатпаса, адам организіміне қолайсыз әсер етеді. Бұндай жағдайда жұмыс 
істеу дененің аса қызуына организмнің жылулық тепе-теңдігінің бұзылуын 
тудыру мүмкін. 
Ауа қозғалысының гигиеналық негізделген жылдамдығы температура 
өскен сайын ұлғаяды және 60-70% салыстырмалы ауа ылғалдылығында 1-2м/с 
құрау керек. Ауау қозғалысының аз жылдамдығының негізгі себебі жетілмеген 
немесе жеткіліксіз тиімсіз желдету жүйесі болып табылады. 
Микроклиматтың маңызды факторлардың бірі адам организіміне жылулық 
сәулелену әсері болып табылады. Инфрақызыл сәулелену-сәулелі энергияның 
электромагнитті тербеліс түрінде таралу үрдісі. Қызған бет температурасы 


187 
жоғары болған сайын, бөлінетін толқын ұзындығы аз болады, бұндай толқын 
адам денесіне еркін кіріп, денені қыздырады.
Жұмыс орныдарында өндірістік жабдықтардан жылулық сәулелену 
қарқындылығының рұқсат етілген шамасы адам денесінің 25-50% сәулелену 
беті кезінде 70 Вт/м аспау керек. 
Инфрақызыл сәулеленудің аспаздар, кондитерлер организіміне қолайсыз 
әсерін болдырмау үшін: 
 секциялық-модульді жабдықтау қолдану; 
 плиталардың жұмыс бетін максималды ыдыстармен толтыру; 
 уақытылы электроплиталар секциясын сөндіру немесе азырақ қуатқа 
ауыстыру; 
 пеш, плита, қуыру шкафтары және қыздыратын басқа жабдықтар 
жанындағы жұмыс орнында ауалы себелеуді қолдану; 
 жұмысшылардың аусым ішілік тәртібін ретеу керек. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында жұмысшыларға ас үй плитасының 
қызған беттері қолайсыз әсер етуі мүмкін. Өнімдеді қуыру кезінде аспаз плита 
жанында 7-10с тұру керек. 
Соңғы жылдары қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары арнайы 
жабдықтармен жабдықталады. Бұл жабдықтардың жылулық оқшаулағышы бар 
және аз дәрежеде сыртқа сәулелі жылу бөледі. Плиталардың қуыру беттерінің 
ас үй ауданына қатынасы 1:45 немесе 1:50 болу керек, яғни ас үй ауданы плита 
ауданынан 45-50есе көп болу керек. 
Ас үй микроклиматының біршама дәрежеде жақсаруына кәсіпорындарды 
секциялық жабдықтармен жабдықтау ықпал етеді. Жабдықтарды біржақты
қызмет көрсету арқылы сызықты орналастыру өндірістік бөлмелер ауданын 
үнемдеп қана қоймай, ас үйді тиімді желдетуді жабдықтау мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет