К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет9/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

Алтай 
Аманжоловтың (1934-2012) еңбектері  бөлек орын алады. «Көне түркі 
жазуларының  тарихы  бойынша  материалдар  мен  зерттеулер»  (1975) 
деген  тақырыпта  докторлық  диссертация  қорғаған.  А.Аманжолов  – 
көне  түркі  рун  жазуларының  құпия  сырын  таныған,  байырғы  тілдің 
лексикасы мен семантикасын талдаған зерек маман. 
 Бұл 
үдерісте 
Ә.Нұрмаханованың 
«Түркі 
тілдерінің 
салыстырмалы  грамматикасын»  қыпшақ,  қарлұқ,  оғыз  тобындағы 
тілдердің  морфологиялық,  фонетикалық  жүйесі  бойынша  талдаулары, 
М.Томановтың  түркі  тілдерінің  салыстырмалы  грамматикасының 
тарихи  аспектілеріне  тереңдеп  баруы,  Қ.Өмірәлиев,  С.Исаев, 
Б.Әбілқасымовтың  жазба  ескерткіштердің  тілдік  ерекшеліктері  мен 
әдеби  тілдің  тарихын    зерттеуі,  А.Ысқақов,  Н.Оралбаева,  А.Есенқұлов 
еңбектерінде  сөзжасам,  фономорфология,  қосымшалар  жүйесінің 
аспектісіне  зер  салуы  қазақ  тіл  білімінің  түркологиялық  өрісін 
кеңейтті
13
 
Б.Базылханның  «Көне  түрiк  бiтiк  жазулары  тiлiнiң  сөз 
құрылысы»  атты монографиясы – көне түрiк тiлiнiң табиғи болмысын, 
сөз  бен  морфема,  қосымша  морфемалар  тiзбегiн  жаңа  ғылыми 
тұжырым бойынша зерттеген iргелi еңбек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет