К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет7/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

Бекир  Чобан-заде  (1893-1937)  –  әзербайжандық  тіл  білімінің 
негізін  қалаушы,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор, 
КСРО ҒА Әзербайжандық бөлімшесінің толыққанды мүшесі.   
Әзербайжан  тіл  білімінде  түркологияның  бір  саласы  ретінде 
диалектология  М.Ширалиевтің  есімімен,  фонетика  А.Ахундовтың 
есімімен,  морфология  –  М.Гусейн-заде  және  Ю.Сеидова,  синтаксис  – 
А.Абдуллаева, лексикология – С.Джафарова, этногенез – Ф.Джалилова, 
жалпы  тіл  білімі  мен  ономология  –  А.Курбанова,  тіл  тарихы  – 
А.Демирчи-заде  және  Т.Гаджиева,  көне  түркі  ескерткіштері  –  А.Рад-
жабли,  түркі  тіл  білімі  мәселелері  Ф.Зейналовтармен  тығыз 
байланысты. 
  
Соңғы  он  бес  жылда  түркі  тілдерінің  салыстырмалы-тарихи 
грамматикасы  саласы  жаңа  нәтижелерге  қол  жеткізді,  және  де  олар 
«Түркі  тілдерінің  салыстырмалы-тарихи  грамматикасы»  –  «Лексика» 
(1997, 
2001), 
«Региональные 
реконструкции» 
(2002) 
және  
«Пратюркский  язык-основа.  Картина  мира  пратюркского  этноса  по 
данным  языка»  (2006)  деп  аталатын  үш  томдық  ұжымдық  еңбектің 
жарыққа  шығумен  байланысты.    Сондай-ақ,  «Түркі  тілдерінің 
этимологиялық  сөздігі»  (1997-2003),  Б.И.  Татаринцевтің  «Тува 
тілдерінің этимологиялық сөздігі» (Бас. 1–4, 2002–2008),                  Н.Н. 
Широбокованың  «Якут  консонантизмінің  тарихи  дамуы»  (2001),        
А.А.  Чеченовтің  «Карачай-балғар  тілінің    тарихи  фонетикасы»  (1996), 


10 
 
«Ранние тюркско-монгольские языковые связи (8−14 вв.)» (1997)  және           
А.М.  Щербактың  «Тюрко-монгольские  языковые  контакты  в  истории 
монгольских  языков»  (2005),  В.И.  Рассадиннің  «Очерки  по  истории 
сложения 
тюрко-монгольской 
языковой 
общности» 
(«2007),  
«Природное  окружение  и  материальная  культура  пратюркских 
народов»  жинағы  (2008),  А.В.  Дыбоның  «Лингвистические  контакты 
ранних  тюрков:  Лексический  фонд»  (2007),        О.А.  Мудрактың 
«Классификация  тюркских  языков  и  диалектов  с  помощью  методов 
глоттохронологии ...» (2009), Л.Ю. Тугушеваның «Раннесредневековый 
тюркский литературный язык» (2001),                      И.В. Кормушиннің 
«Тюркские  енисейские  эпитафии»  (1997,  2008)  атты  төрт  кезекті 
басылымдары және тағы басқалары жарық көрді.   
Г.Ибрагимов атындағы ТӘТИ дайындаған үштомды татар тілінің 
түсіндірмелі  сөздігі  (1997,  1974,  1981)  маңызды  оқиға  ретінде 
қабылданған  еді
5
 Татар  тілі    морфологиясы,  синтаксисі,  фонетикасы, 
лексикасы  бойынша  іргелі  монографиялар  дайындалды  (Д.Тумашева, 
М.Закиев,  Г.Саттаров,  Ф.Сафиуллина,  Ф.Хисамова).  Халықтың 
тарихымен  тығыз  байланыста  түркі-татар  тілінің  тарихы  да  зерттелді. 
Ғ.Хаков (1926-2008) ортағасырлық түркі ескерткіштердің тілін зерттеп, 
тілдің  эволюциялық  дамуын  сипаттап,  басқа  түркі  тілдерімен  терең 
генетикалық  байланысын  анықтады.  Ф.Хисамова  (1936  ж.  туған) 
«Функционирование и развитие старотатарской деловой письменности 
XVI–XVII вв.» (Қазан, 1990), «Татарский язык в восточной дипломатии 
России» (XVI-XIX ғғ.) (Қазан, 1999) атты өз монографияларында татар 
тілін тарихи-функционалды қырынан қарастырды. Ф.Ганиев – (1930 ж. 
туған)  –  морфология,  сөзжасам,  лексикография,  сондай-ақ  түркі 
тілдерінің  типологиясы  бойынша  еңбектердің  авторы.  Ф.Гарипова 
(1941-2014)  татар  тіл  білімінде  жаңа  ғылыми  бағыт  –  гидронимиканы 
бастап,  Татарстан  гидронимдер  сөздігін  шығарды
6
.  И.Баширова  (1938 
ж.  туған)  татар  әдеби  тілінің  тарихы  және  стилистикасымен  ең  көп 
айналысқан.    Г.Саттаров  (1932  ж.  туған)  ең  алдымен  түркі-татар 
ономастикасы,  топонимикасы  бойынша  еңбектерімен  танымал. 
Ф.Сафиуллина  (1938-2011)  татар  ауызекі  тілінің  синтаксисін  зерттеді. 
Р.Юсупов (1938 ж. туған) негізінен аударма мәселерімен, контрастивті 
лингвистикамен,  тіл  мәдениетімен  айналысты.  Ф.Нуриева  (1956  ж. 
туған)  көне  түркі  рун  жазулары  бойынша,  сондай-ақ  Алтын  Ордалық 
кезеңдегі  түркі-татар  әдеби  тілі  бойынша  еңбектер  жазып,  Махмута 
Булгаридің  «Нахдж  аль-фарадис»  (1358)  атты  шығармасын  даярлап, 
баспадан шығарды.  
                                                             
5
 Татар теленең диалектологик сүзлеге / Л. Т. Махмутова редакциясендә. – Казан: Татар. кит. нәшр., 
1969. – 643 б. 
6
 Татарстан гидронимнары сүзлеге. 2 китапта. – Казан, 1992–1993. 


11 
 
Қазақ 
тіл 
біліміне 
қатысты 
алғашқы 
зерттеулер 
лексикографиялық сипатта жүргізілді
7
. Палластың «Барлық тілдер мен 
наречиелердің  салыстырмалы  сөздігі»  (ХVІІІ  ғ.),  Г.Ю.Клаппорттың 
бірнеше  түркі  тілдерімен  салыстыра  қараған  француз-қазақ  сөздігі 
(1825),  Н.И.Ильминскийдің  «Материалы  к  изучению  киргизского 
наречия»  (1861),  М.Тереньевтің  «Грамматика  турецкая,  персидская, 
киргизская  и  узбекская»  (1875),  П.М.Мелиоранскийдің  «Краткая 
грамматика  казах-киргизского  языка»  (1894),  В.В.Катаринскийдің 
«Грамматика  киргизского  языка.  Фонетика,  этимология  и  синтаксис» 
(1897), И.Лавтевтің «Краткий грамматический очерк казахского языка» 
(1900),  Н.Сазоновтың  «Записки  по  грамматике  киргизского  языка» 
(1912),  т.б.  еңбектер  тек  қазақ  тіліне  қатысты  зерттеулер  ретінде 
саналмайды,  олар  сонымен  бірге,  қазақ  топырағында  алғашқы 
түркологиялық бағыттағы еңбектер деп бағаланады.  
 
Қазақ  тіл  білімі  тарихында  жазылған  тұңғыш  ғылыми  еңбек 
болып  саналатын  А.Байтұрсыновтың  «Тіл  –  құрал»  (қазақ  тілінің 
сарфы)  атты  кітапшасы  Орынбор  қаласынан  1914  жылы  жарық  көрді. 
Еңбектің  «Сөз  басы»  деп  аталатын  кіріспе  бөлімінде  қазақ  тілінің 
ерекшелігі  және  оның  түркі  тілдерінің  құрамдас  бір  бөлшегі  екендігі 
айтылады.  
А.Байтұрсынов  –  қазақ  тіл  білімі  мен  әдебиеттану  ғылымының 
терминологиялық жүйесін, қазақ тілінің тарихы мен бүгінгі жай-күйін, 
қоғамдағы 
алатын 
орнын, 
түркі 
тілдерінің 
ішіндегі 
даму 
ерекшеліктерін,  әліпби-емлесін,  тілдің  әлеуметтік  сипатын  жан-жақты 
ашып көрсеткен ғалым.   
Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасуына зор еңбек еткен 
белгілі  ғалым,  профессор,  түркітанушы  –  Құдайберген  Жұбанов 
(1899-1938).    Ғалымның түркологиялық бағытта жасаған еңбектерінде 
жалпы тіл білімі, түркология, түркі тілдерінің тарихы, бүгінгі жағдайы 
жан-жақты 
қарастырылды. 
Әсіресе, 
ежелгі 
түркі 
жазба 
ескерткіштерінің  лексикалық,  грамматикалық,  фонетикалық  жүйесі 
туралы пікірлері өз мәнін әлі күнге дейін жойған жоқ
8

Қазақ  тілінің  тарихын  терең  зерттеп,  осы  бағытта  маңызды 
еңбектер  жазып  қалдырған  тілші  ғалым  –  Сәрсен  Аманжолов  (1903-
1958).  Қазақ  тілінің  тарихын  зерттеу  барысында  ғалым  диалектілік 
даму  ерекшеліктеріне  баса  назар  аударды.  С.Аманжоловтың  қазақ  тілi 
бойынша  жазған  оқулықтары  мен  бағдарламалары  тілді  оқытудың 
ғылыми-әдістемелік  негізін  жасап,  осы  маңызды  істің  оң  жолға 
                                                             
7
 
Қазақ фольклористикасының тарихы (Революцияға дейінгі кезең) А.: Ғылым, 1988. - 432 
б. Қордабаев Т.Р. Түркология және қазақ тіл білімі. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік 
университетінің баспасы, 1992. – 138 б.; Шалғынбай Ж.Ж. Казахстан в зарубежных 
источниках и материалах. Библиография до начала ХХ века. А.:Кие, 2009. – 568 с.
 
8
 
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999
 


12 
 
қойылуына  елеулі  ықпал  eттi
9
.  «Қазақ  диалектологиясының  негізгі 
мәселелері»  атты  докторлық  диссертациясында  қазақ  халқының  әдеби 
тілі  мен  қазақ  тілінің  диалектілері  арасындағы  ара-қатынас, 
диалектілердің  қалыптасу  тарихын,  дамуын  жан-жақты  қарастырды. 
Диалектілердің  түркі  тілдермен  жақындығы  мен  байланысын,  жеке 
рулар  мен  тайпалар  тілінің  әдеби  тілге  негіз  болу  эволюциясын 
зерделеді.  
Қазақ тіл білімі ғылымында көне түркі жазба ескеркерткіштерінің 
тілін Ғ.Айдаров, Ғ.Мұсабаев, А.Есенғұлов, А.Аманжолов т.б. ғалымдар 
зерттеді.  Қазақстандық  лингвистикалық  түркітанудың  көрнекті  өкілі                   


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет