К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет8/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

Ғұбайдолла    Айдаров (1921-2001) Орхон-Енисей ескеркерткіштерінің 
тілі бойынша тыңғылықты талдаулар жүргізіп, «Тоныкөк ескерткішінің 
тілі  және  оның  қазіргі  түркі  тілдеріне  қатысы»  деген  тақырыпта 
кандидаттық  диссертация  қорғады  (1959).    Ол  «Көне  түркі 
жазбаларындағы  Орхон-Енисей  және  Талас  ескерткіштері  тілінің 
лексикасы»  тақырыбына    докторлық  диссертация  қорғады  (1974). 
Ғалымның  «Язык  орхонского  памятника  Бильге  кагана»,  «Язык 
орхонских памятников древнетюркской письменности VІІ века», «Көне 
түркі жазба ескерткіштерінің тілі» атты кітаптары жарық көрді.  
Түркітанушы ғалымның «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» 
атты кітабы бар.   Ғ.Айдаров белгілі түркітанушы мамандармен бірігіп  
(Ә.Құрышжанов, М.Томанов) жоғары оқу орындарының студенттеріне 
арналған  «Көне  түркi  жазба  ескерткiштерiнің тiлi»  атты  оқу  құралын 
дайындады
10

Қазақ  әдеби  тілінің  тарихын,  оның  зерттелу  жайын  зерделеген 
белгілі  тілші  маман  –  Мәулен  Балақаев  (1907-1995).  Ғалым  «Қазақ 
әдеби  тілі  және  оның  нормалары»  атты  еңбегінде  әдеби  тілдің 
мәселелері және зерттелу тарихы жайлы  жазды
11
.  
Тіл  тарихын  зерттеп,  түркітану  саласында  жаңаша  ізденістерге 
барған  лингвист  мамандар  қатарында  Е.Жанпейісов  («Этнокультурная 
лексика  казахского  языка»),  М.Томанов  («Қазақ  тілінің  тарихи 
грамматикасы»),  Р.Сыздықова  («Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы»), 
А.Әбдірахманов  («Топонимика  және  этимология»),  Т.Қордабаев 
(«Тарихи  синтаксис  мәселелері»),    Ә.Құрышжанов  («Ескі  түркі  жазба 
ескерткіштері»),  Қ.Өмірәлиев  («ХV-ХІХ  ғасырлардағы  қазақ  әдеби 
тілі»), 
Б.Сағындықұлы 
(«Қазақ 
тілі 
лексикасы 
дамуының 
этимологиялық негіздері»)  есімдерін ілтипатпен атаймыз.  
Қазақстандық  түркітану  ғылымының  көрнекті  өкілінің  бірі  – 
академик  Әбдуәли  Қайдар  (1924  ж.  туған).  Ол  қазақ және ұйғыр тіл 
                                                             
9
 
Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2008. 
– 172 б.
 
10
 Көне түркi жазба ескерткiштерiнің тiлi: университет пен педагогтық институттардың филология 
факультеттерiне арналған оқу құралы / Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов. – Алматы: 
Мектеп, 1971. – 272 б. 
11
 Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 
2010. – 212 б.
 


13 
 
білімінің  білікті  маманы,  түркітанушы,  отандық  білім  мен  ғылымның 
айтулы  ұйымдастырушысы,  қоғам  қайраткері.   Ә.Қайдар  –  қазақ  және 
ұйғыр  тілдері  және  жалпы  салыстырмалы түркітану мәселелерін 
зерттеген.  Ол қазақ тілінің сөзтанымдық жүйесі, сөздердің тарихи даму 
барысындағы түрлену ерекшеліктері жайлы еңбектер жазған.     
Академик Рәбиға Сыздықова (1924 ж. туған) қазақ әдеби тілінің 
тарихын,  ХY-ХІХ  ғасырлардағы  ақын-жыраулар  поэзиясының  тілін, 
ортағасырлық  жазба  ескерткіштердің,  атап  айтқанда  Жалайирдің 
«Жамиғ-ат - тауарих» еңбегінің лексика-грамматикалық құрылымы мен 
текстологиясын зерттеуде іргелі нәтижелерге қол жеткізді
12

Қазақстандық 
түркітану 
ғылымының 
тарихында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет