І бөлім. Тіл біліміне қатысты түркологиялық зерттеулер Түркітанушы ғалымдардың көзқарастары бойынша XI ғасырда
Қашғар ғалымы Махмуд Қашғари құрастырған «Собрание тюркских
наречий» (Kitâbü divân-i lûgat it-Türk – Түрлі түркі тілдері бойынша
сөздік-анықтамалық) атты еңбек қолданбалы бағытта жазылған түркі
тілдеріне қатысты алғашқы маңызды ғылыми еңбектердің бірі болып
табылады.
Жалпы түркітану мәселелері Болгарияда (Г.Гылыбов, Н.Тодоров,
Б.Недков, Б.Цветкова, В.Мутафчиева, Боян Тотев), Венгрияда
(Л.Фекете, Д.Немет, Г.Хазаи, Ж.Какук, Мандоки Конгур Иштван,
Д.Кальди-Надь, Д.Хазам, А. Рона-Таш, М.Иванич және т.б.),
Польшада (А. Зайончковский, Э. Трыярский), Румынияда (М. Губоглу,
Вл. Дримба) қарастырылады. Германияның белгілі түркітанушылары
қатарына В.Банг, А. фон Габен, Г.Дёрфер, П.Циме, З.Клейнмихель,
Бест Карл-Хайнz (Best,Karl-Heinz) жатқызамыз. Гиссен қаласындағы
Түркітану институтын түрлі уақыттарда Марк Кирхнер, Клаус
Шонинг, Ингерборг Балдауф; Швецияда Г.Ярринг, Л.Юхансон.
Э.Чато, Францияда Ж.Дени, Л.Базен, Р.Мантран, К.Каэн,
Дж.Гамильтон, И. Меликова; АҚШ-та К.Г. Менгес, Д.Синор,
О.Прицак, П.Б. Голден, Р.X. Дэвисон, Р.Деверэ, Р.Данков басқарды.
Черногория, Сербия, Хорватиядағы түркітану ғылымы Г.Елезович,
Х.Хаджибегич, Х.Шабанович, Б. Джурджева, Н. Филипович және т.б.
есімдермен байланысты. Чехия мен Словакиядағы түркітану
мәселелерімен Я.Рипка, И.Блашкович, И.Кабра, З.Веаела, В.Копчан
айналысқан.
Алғашқы болып голландец Николас Витсен (1641-1717) өзінің
«Солтүстік және Шығыс Тартария» еңбегінде якут, татар, эвен, эвен-
кий, бурят, қалмық, сонымен қатар кейбір фин-угор және Ресейдегі па-
леоазиат тілдері туралы мәліметтерді жарыққа шығарды.