Агглютинация (лат. agglutinatio, agglutino сөзінен шыққан —
жалғамалы, жабыстыру) — фонетикалық тұрғыдан өзгермейтін түбірге
бірмағыналы және стандартты қосымшалардың жалғануынан түратын
морфологиялық құрастыру тәсілдерінің бірі (сөздерді орналастыру).
Түркі тілдерінде сингармонизм деп аталатын ерекше құбылыс
көптеген зерттеушілердің, яғни тек түркологтердің емес, сонымен
қатар жалпы тіл білімінің теоретиктерінің де назарын аударған. Басқа
генеалогиялық семья тілдерімен салыстырмалы-типологиялық талдау
нәтижесінде жалпы тіл білімінің теоретиктері сингармонизм заңының
тек қана түркі ("тұран") тілдерінде толық түрде көрінетіндігін
анықтаған. Дауыстылардың үйлесуі жайлы сөздің мағыналық
тұтастығына қажет болған фонетикалық тұлғаның пайда болуын
түсіндіретін нақты бір көзқарастың бар екендігі белгілі. Алғашқы рет
бұл жайлы А.Шлеи
̆хер [195, б. 69-70] айтқан, сонан соң В.В.Радлов,
Л.Адам, И.А.Бодуэн-де-Куртенэмен қолдау тапқан. [195, б. 70].
А.А.Реформатскии
̆ "түркі тілдері сияқты тілдердегі сингармонизм тек
фонетикалық құбылыс емес, ол ассимиляция түрі ғана емес, ол тіл
құрылымының фонетикалық қабатының, сондай-ақ морфологиялық
қабатының барлық деңгейлерін қамтитын іргелі құрылымдық-
типологиялық
құбылыс"
деп
жазады
[170,
с.
434].
А.А.Реформатскии
̆дің жоғарыда айтқан пікірінен байқағанымызша,
сингармонизмді морфонологиялық құбылыс ретінде қарастыру қажет
деп санаймыз. “Тіл біліміне кіріспеде” морфонология жайлы:
“Фонологиялық және морфологиялық қабаттардың арасында
морфонология аймағы бар, ол ерекше тілдің қабаты ретінде
қалыптаспай, фонология мен морфологияның ерекше саласы ретінде
енген. [134, с. 93].
Морфонологияға берілген басқа да анықтамаларға тоқталып
көрейік: “Морфонология - фонология мен морфологияның
арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің бөлімі, сөз
тұлғасының өзгеруі және сөзжасамдағы фонологиялық құралдарды
22
пайдаланады” [24, б.232].
Ф.А.Джалилов үйлесу заңын морфонология пәні ретінде
қарастырады, өйткені оның аблаут құбылысы арғы түркі тілінде өзінің
қызметін жойған [206, б. 63].
Г.Шухардт да шын мәнін ашуға ұмтылыс жасаған: “Фонетикалық
заңдар "уақыттың белгілі кезеңімен" ерекшеленбеген. Бұл тек
нақтыланатын анықтама. Басқаша айтқанда, белгілі бір уақыт кезеңінде
өзінің қорытындысы бойынша анықталған, фонетикалық заң тіл
қауымдастығынан орын алатын барлық аймақта жүзеге асырылады
және сөйлеу материалы жиынтығының барлығына қатысты жарамды
болып саналады” [194 б. 36].
Мәселен, сингармонизм түркі тілдерінің болашақ фонетикалық
заңы ретінде түркі халықтары тұратын барлық аймақтарда жүзеге
асырылады. В.Б.Касевич де оны морфонологияның үш бөліміне
жатқызып, сингармонизм мен морфонология арасындағы тікелей
байланысты көрсеткен. Сөйтіп, В.Б.Касевич келесі ойын айтқан:
"Біріншіден, морфема аясындағы әлдеқандай фонемалардың болу және
болмау
сәйкестігін
нұсқай
отыра,
сингармонизм
заңдары
морфемалардың фонологиялық тұлғасын анықтайды. Екіншіден,
сингармонизм
тілдеріндегі
қосымшалар
фонемасы
түбірдің
фонологиялық сипатына байланысты, "сонда көрініс табатын",
түрленеді. Үшіншіден, үндестік заңдары тұтастай алғандағы сөздің
(сөзформасы) фонологиялық тұлғасын анықтайды" [96, б. 119-120].
Үшінші пікірінде, В.Б.Касевич алғашқы екеуінен пайда болушы
ретінде қарастырады. Т.Садыков те сингармонизмді морфонология
құбылысына жатқызып, әділетті пікір айтқан: “Сингармонизм түркі
тілдеріндегі алломорфияның негізгі дереккөзі ретінде, сөзсіз,
морфонологиялық құбылыстарға жатады...” [160, с.19].
Қазіргі кездегі түркологтер дауыстылар үйлесімділігінің, өз
кезегінде сөздің аясын белгілеуде және сөзді ерекше, біршама
тұйықталған фонетикалық кешен ретінде ажыратып көрсететін негізгі
қызметінің болуын айтып кеткен [177, б. 311, 312].
Үндестік заңында әлсіз позициядағы дыбыстардың күшті
позицияда тұрған дыбыстарға жетекшілік жасауы аталған байланыс
жүйесінде қарама-қарсы пікір тудыратын құбылыс болып саналады
[196, б. 25]. М.И.Юсифов айтып кеткендей: “Алайда түркі тілдерінің
агглютинативті сипатына қатысты туындайтын мұндай қарама-
қарсылық сөйлеу тілі қатынастарының нормасына айналады және
үндесу заңы дамуының жаңа кезеңі ретінде белгіленеді.
Тілдегі осындай қарама-қарасылықтың нормаға айналуында
сөздің алғашқы буыны күшті позиция деп, ал әлсізі - соңғысы ретінде
сипатталуы маңызды рөл атқарады”. Соңынан ол келесі пікірін айтады:
"Екпінді және екпінсіз дыбыстар дихотомиясына қарама-қарсылықта
жұмсалатын күшті позиция әлсіз позицияда орналасқан екпінді
23
дыбысқа қатысты айтылып, екпінсіз дыбыстың күшті сипатқа ие
болуын қамтамасыз етеді. Басқа сөзбен айтқанда, екпінді-екпінсіз
дыбыстар иерархиясы қарама-қарсы жағдайларда сөздің күшті және
әлсіз позициясымен реттеледі” [196, б. 25].
В.А.Богородицкии
̆ түркология ғылымына арналған іргелі өзінің
1934 жылғы “Введение в татарское языкознание” (қар. 2-нші бас. 1953)
деп аталатын теориялық еңбегінде түркі тілдерінің үндестік заңын
қалыптастырмайынша, түркі сингармонизмінің екідеңгейлік табиғаты
жалпылық сипатқа ие болып қала береді. В.А.Богородицкии
̆дің түсінігі
бойынша, түркі тілдері дауыстыларының үйлесімділігі осы тілдердің
морфологиялық құрылымына байланысты болып табылады. Сондықтан
В.А.Богородицкии
̆дің келесі байқауларына зер салып көрейік: атап
айтқанда - префикстердің мүлдем болмауы және түбірдің соңынан
жалғанатын аффикстердің болуы” [53, б.50].
Бірқатар жалпытүркілік еңбектер мен түркі тілдері бойынша нақты
жұмыстарда сингармонизм құбылысын ассимиляцияның түрі ретінде
қарастыру соңғы жылдарда оның зерттеу аспектілерін де анықтап
берді. Нақтылайтын болсақ, бір тілдің материалы және әртүрлі түркі
тілдерінің материалы негізіндегі дауыстылардың алмасу заңдары (оның
диалектілерін қоса айтқанда) вокализмді сипаттау барысында
қалыптасқан. Сөздегі дауыстылар үндестігіне қатысты айтылған
сингармонизм дыбыстар ассимиляциясының жалпы құбылыстары
ретінде түсіндірілді. Бұл тұста В.А.Богородицкийдің еңбегін айта
кеткен жөн деп ойлаймыз, өйткені ол түркі тілдерінің құбылыстары
аясында дауыстыларды қарастырып, дауыстылардың үндестік заңын
синхрониялық және диахрониялық аспектіде тұжырымдайды, сондай-
ақ әрбір жеке дауысты дыбысқа тән жалпылық қасиетті анықтай отыра,
осы жалпылықты арнайы зерттеудің пәні ретінде қарастырады [170, б.
435].
В.А.Богородицкии
̆ үндестік заңын фонологиялық деңгейде
қарастыра отыра, оған деген жаңаша көзқарас қалыптастырады.
A.А.Реформатскии
̆ осы бағыттағы В.А.Богородицкийдің еңбегін
ерекше бағалап, [170, б. 435]. B.А.Богородицкии
̆ келесі жағдайды
былайша түсіндірген, ол "түбір вокализмінің қосымша морфема
вокализмімен салыстырғанда маңызды бір ерекшелігі бар: ондағы
дауыстылар басқа дауыстылармен алмастырылмай өзіндік ерекшелікке
ие болса, ал қосымша морфемадағы дауыстылар екі негізгі түрге, яғни
мұндағы жіңішке не жуан, сондай-ақ еріндік не езулік белгілері
бойынша түбір морфемаға сәйкес не ашық, не қысаң болып
ажыратылады" [170, б. 436].
Біз В.А. Богородицкийдің айтқан пікірімен келісе алмаймыз,
себебі түбірдегі дауыстылар да өзара алмасады деп есептейміз және де
түркі тілдеріндегі сингармонизм дегеніміз қосымша мен түбірдегі
дауыстылардың үйлесімділігі ғана емес, сонымен қатар сөздің соңғы
24
буынындағы
дауыстылардың
сөздің
алғашқы
буынындағы
дауыстылармен үйлесімділігі деп түсінеміз. В.А.Богородицкии
̆ түркі
тілдері түбірлерінде "сегіз классикалық" дауыстыларды (а/а, ы/i , о/б,
у/у) және (а/и
̆) ашық дауысты және (ы/i ) қысаң дауыстымен кездесетін
қосымша вокализмнің екі негізгі түрін (Богородицкий бойынша -
суффикстік) ажыратып көрсетеді [170, б. 436].
Н.С.Трубецкои
̆ өзінің вокализмдер түрі (1929) жайлы жазған
мақаласында, сонан соң “Основы фонологии” (1939; орысша аударма,
1960) деп аталатын классикалық жұмысында түркі сөздерінің түбірі
мен қосымшаларында кездесетін дауыстылар заңын фонологиялық
деңгейде қарастырған. Дегенмен Трубецкой жалпы фонологиялық
теория шеңберінде сингармонизм мәселесін алғаш рет қарастыруға
тырысып бақса да, жоғарыда айтып кеткеніміздей, оған Л.Новак өз
пікірімен қарсы шығады. Л.Новак Трубецкойдың қосымшалы
вокализмді архифонем ретінде анықтау жайлы, яғни сингармонизмді
әлсіреу құбылысының бір түрі ретінде қарастырған ұсынысына қарсы
пікір айтады да, үндестік заңының экзоцентрикалық шарттылығына
қарамастан, тембр бойынша қарама-қарсылық түбірге де, сондай-ақ
қосымшаға да тән, сондықтан екі жағдайда да фонемалар немесе
архифонемалардың варианттары жайлы емес, фонемалар жайлы
айтудың маңыздылығын ескерткен. Л.Новак үндестік заңында болатын
фонемалардың ауысу құбылысына ерекше назар аударады, бір
фонеманың варианттары алмасатын, комбинаторлық ауысудан
ерекшелігі болатынын айтады [143, б. 345]. Біз де Л. Новактың айтқан
пікіріне қосыламыз, өйткені қосымшалы вокализмде фонема
варианттары емес, фонемалар болады. Сондай-ақ Н.С.Трубецкои
̆ де
сингармонизмді дауысты дыбыстардың "үндесуінен" ажырату
керектігін айтады [177, б. 312]. Біз Н.С.Трубецкои
̆дің аталған
тұжырымдамасын құптай алмаймыз, себебі біз сингармонизмді
дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуі ретінде қарастырамыз.
Дауыстылардың үндесу заңын А.Н.Кононов былайша түсіндіріп береді:
"Түрік тіліндегі түбір сөздің құрамында, сондай-ақ түбір мен қосымша
тіркесіміндегі дауыстылардың сөздің алғашқы буынындағы дауысты
дыбысқа байланыстылығын дауыстылардың үндесуі деп түсінеміз
деген"[103, б. 35]. В.А. Богородицкий де дауыстылардың үндесу заңы
жайлы: "Түбірдегі дауысты дыбыс арқылы соңғы дауыстылардың
сипаты айқындалады", - деп айтқан [52, б. 268]. Ал А.Н.Кононов
қосымшалардың құбылуына үндесу заңының ықпалын көрсете отырып,
бұл құбылыс жайлы: "Түрік тіліндегі қосымшалардың дыбыстық
құрамы тұрақты емес және ол түбірдің фонетикалық құрамына немесе
сөз түбіріндегі дауыстылар мен дауыссыздарға байланысты [103, б. 35].
Н.С.Трубецкои
̆
сингармонизмді
әуеннің
үндестілігімен
салыстырып, келесі ой-пікірін ұсынған: "... "сингармониялық" тілдерде
әрбір сөз белгілі бір үндестікке ие дыбыстар қатарынан тұрады,
25
сонымен бірге тілде осындай үндестіктің екі түрі бар және сөйлем
ішіндегі оның өзгерісі сөз арасындағы жікті ажыратушы белгі ретінде
пайдаланылады. Алайда "сингармониялық" тілдерде сөз ерекше
дыбыстық бірлік ретінде қарастырылса, басқа тілдерде дыбыс белгілі
ритмикалық бірлік сияқты қарастырылады [177, б. 313]. Сонымен,
жоғарыда
айтылғандардың
барлығы,
үндестік
заңының
морфонологиямен тікелей байланысын дәлелдейді.
Ж.Абуов үндестік заңы жайлы: “...сингармонизм қазақ тілінің
фонетикалық көрінісі ғана емес, ол өте маңызды құбылыс, осының
негізінде қазақ (түркі) тілінің барлық сөздік, буындық және дыбыстық
қабілеті жүзеге асырылады [3, б. 16].
Түркі сингармонизмін зерттеу барысында осы үндестік заңының
дауыссыз дыбыстарға қатыстылығы жайлы мәселе туындайды.
Н.К.Дмитриев бұл мәселені бір жақты шешеді: "Сингармонизм
дауысты және дауыссыздардың үндестігі болып екіге бөлінеді"[170, б.
436]. "Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстар арасындағы ассимиляцияны
дауыссыздардың үндесуі дейміз: түбірдің соңы дауыссызға аяқталса,
оған жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы ұяң болады немесе
керісінше" [76, б. 11; 170, б. 40]. Осы мәселеге қатысты А.А.
Реформатскийдің келесі зерттемелері қызығушылық тудырады: "Ең
алдымен сингармонизм дауыстыларға ғана емес, ол дауыссыздарға да
қатысты құбылыс, бұл жайлы ғылымда көп айтылған, екіншіден,
сингармонизм бұл фонетиканың фонетикалық деңгейінде
қарастырылатын тек дауысты дыбыстардың ықпалы ғана емес, барлық
үш фонологиялық деңгейде айтылатын суперсегментті құбылыстың
тамаша көрінісі, үшіншіден, тілдік құрылымның басқа да деңгейлерінің
бірліктерін қамтитын (морфема және лексема) және агглютинативті
тілдердің құрылымдық-типологиялық ерекшеліктерін айқындауға
бағытталған құбылыс"[149, б. 134]. Алайда "дауыссыз дыбыстардың
сапасы дауыстылардың үндестігіне байланысты ма?" деген басқа да
сұрақ туындайды. Басқаша айтқанда, көрші тұрған дауыссыздардың
дыбысталуына палатальды сингармонизм және еріндік сингармонизм
әсер ете ме? Егерде жауабы дұрыс болса, онда келесі сұрақ
туындайды: алдыңғы дауыссызға соңғы тұрған дауыссыз ықпал ете ме
әлде олардың біреуіне ғана әсер ете ме? Міне, кейбір зерттеушілер
дауыссыздарды дауыстылар үндестігімен байланысты осындай
тәртіппен қарастырған. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға қатысты
айтылған үндестік заңы мәселесі жайлы тіл білімінде түрлі пікірлер
баршылық, алайда біз олардың кейбіреулерімен келісе алмаймыз.
Әсіресе, жоғарыда айтылған, Н.К.Дмитриев пен А.А.Реформатскийдің
болжамдары көңілге қонымсыз, өйткені, біздің көзқарасымыз
бойынша, сингармонизм тек дауысты дыбыстарды ғана емес, сондай-ақ
дауыссыздарды да қамтитын құбылыс, яғни түбір мен қосымша жігінде
кездесетін дауыссыздарда да үндестік байқалады. А.А.Реформатскии
̆
26
бұл пікірді толықтай құптамайды, алайда өзінің келесі болжамын
айтады: "... өйткені ілгерінді және кейінгі ықпалды сөздерде
"гуттуральды” және "латеральды" құбылыстар түрліше болып
келмейді, сонымен қатар мұрын жолды, тіл алды, шұғыл және
фрикативті дыбыстар, қысқаша айтқанда, и
̆отадан басқа барлық
дауыссыздар, екі түрде, яғни кейінгі және ілгерінді ықпалда көрініс
табады, бұл тек “к”, “г” және “л”” дыбыстарында анық байқалады [149,
б. 135]. Ф.А.Кязимов түркі тілдеріндегі үндестік заңы тек
дауыстыларды ғана емес, сондай-ақ дауыссыздарды да қамтиды деп
есептеген [111, т.ХIII, 1954]. Ф.А.Кязимов әзірбайжан тілінің
дыбыстық құрамына экспериментальды зерттеу жүргізгеннен кейін
осындай болжамға келген. Түркі тілдеріндегі сингармонизмнің
дауысты және дауыссыздарға қатыстылығы өте дұрыс дәлел, ал
соңғысына келетін болсақ, яғни дауыссыздардың дыбыстық реңкі
сингармониялық дыбыстық кешеннің элементі ретіндегі дауыстыға
байланысты болады, бұл А.Жүнісбековтің сингармонизм мәселесіне
арналған қазақ тілі материалдарындағы жаңа зерттеулерімен
дәлелденеді. А.Жүнісбеков осы кешендердегі дауыссыздардың
фонетикалық ерекшеліктерін зерттеген және дауыссыздардың
дауыстылармен тіркесімі артикуляциясындағы өзгерістер анықталған.
А.Жүнісбеков: "Қазақ тілінің дауысты дыбыстары дауыссыздардың
кейбір реңкілерімен ғана тіркеседі, және, керісінше, дауыссыздар көрші
тұрған дауыстыларға байланысты түрлі реңктерге ие болады. Олардың
біреуін де негізгі деп айта алмаймыз ... Бұлардың барлығы бір
фонеманың теңқұқылы реңктері болып табылады" [170, б. 437].
Ол фонологиялық және экспериментальды-фонетикалық талдау
жасау арқылы осындай тұжырым жасаған. Әрі қарай ол "өзінің
артикуляциялық-акустикалық
белгілері
бойынша
дауыссыз
фонемалардың реңктері сол немесе басқа да сингармониялық
нұсқаларға толықтай сәйкес келеді" деп айтады. Автор дауыстылар
үндестігін жалпы қабылданған ережеге сәйкес, яғни оның екі түрін:
палатальды/палатальды емес, еріндік/езулік [170, б. 437] деп
қарастырады. Сөйтіп, біз сингармонизмді дауыстылардың ғана емес,
сонымен қатар дауыссыздардың үндестігі деп қарастыратын
көзқарасты
қолдаймыз.
Сондай-ақ
тілде
кездесетін
басқа
құбылыстармен салыстырғанда үндестік заңы зерттеушілердің басты
назарына алынып, агглютинативті тілдер жүйесіндегі негізгі
просодиялық құрал ретінде анықталған. Бұл жерде айтайын дегеніміз,
біріншіден, екпін агглютинативті тілдерде әлсіз көрініс тапқанымен,
ол негізгі просодиялық, нақты айтқанда, кумулятивтік қызмет атқарады
[50, №2, 1968].
Сингармонизмнің
теориясы
В.А.Богородицкий
мен
Н.С.Трубецкойдың
сингармонизм
саласына
қатысты
соңғы
еңбектерінде барлық авторлар үшін мұқият түсіндірілген. Аталмыш
27
теорияны зерттеу кезінде міндеттері қиындап, оның мақсаттары
ауысып, жаңа әдістер қолданылғанына қарамастан, бұл іргелі теория
болып саналады. В.А.Богородицкийдің сингармонизм жайлы айтқан
пікірлері, сондай-ақ Н.С.Трубецкойдың фонологиялық тұрғыдан түркі
тілдерінің сингармонизмі мәселесін шешуге қатысты көзқарастары әлі
де дау туғызбайтын ғылыми дәлелдемелер қатарынан орын алады
(
Богородицкий В.А. Законы сингармонизма в тюркских языках. – Казань: «Красный печатник»,
1927.Мешадиева А. Формальное описание закона гармонии в тюркских языках. – Баку, 2004. –С. 4–
8.)
.
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының орта шенінен бастап 60-шы
жылдардың ортасына дейін түркітілдес халықтардың жазуы мен оны
реформалау, тілдерін жүйелеу саласында көптеген еңбектер жарық
көрді. Мәселен, «Ұйғыр ұлтының жазуы», «Қазақ ұлтының жазуы»,
«Қытайдағы қырғыз ұлтының тілі мен жазуы» атты ірі, ғылыми
жобалық еңбектер – осы кезеңнің жемісі. Осы кезеңде ұйғыр, қазақ,
қырғыз ұлтының жазуы туралы мәселелерге қатысы бар мекемелер
аталған түркітілдес ұлттардың зиялы қауым өкілдері мен қарапайым
халықтың талап-тілегін ескере отырып, «жаңа жазу» (латын әліпбиі
негізінде) жобасын әзірлеу, оны қолданысқа енгізу саласында көптеген
нақты жұмыстар істеді. Сондай-ақ бұл салада да көптеген еңбектер мен
басылымдар өмірге келді. «Ұйғыр жаңа жазуының жобасы» (1960
жылғы жоба), «Ұйғыр жаңа жазуының орфографиясы» (1964 жыл),
«Қазақ жаңа жазуының жобасы» (1960 жылғы жоба ), «Қазақ жаңа
жазуының орфографиясы» (1964 жыл), «Фонетика негіздері», «Жаңа
жазудың құрап жазу ережесі», «Жаңа жазу туралы сұрақ-жауап»,
«Ұйғыр жаңа жазуының орфографиялық лексикасы» деген іргелі
еңбектердің жарыққа шығуымен бір уақытта, өзге халық өкілдерінің
түркітілдес халықтардың тілін үйренуіне қолайлылық туғызу
мақсатында ұйғыр, қазақ тілдерін оқып, үйренуге арналған көптеген
оқулықтар жарыққа шықты.
1961 жылы Тіл білімі институтында экспериментті фонетика
лабораториясы құрылды. Алғашқы меңгерушісі Ж.Аралбаев болды.
1960-1980 жылдарда қазақ тілінің фонетикалық жүйесі І.Кеңесбаев пен
Ж.Аралбаевтардың еңбектерінде біраз зерттелді. І.Кеңесбаев қазақ
фонетикасының негізгі мәселелерін, яғни фонемалардың құрамы мен
жіктелуі, буынның жасалуы мен алмасуы, дыбыстардың үндесуі,
сингармонизм, акцентуация мәселелерін сөз еткен (Қазіргі қазақ тілі,
Алматы, 1962), (Ж.Аралбаев. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер,
Алматы,1988).
1986 жылы эксперименттік фонетика лабораториясының аясында
фонетика бөлімі ашылып, Ә.Жүнісбеков бөлім меңгерушісі болып
тағайындалды. 2001 жылдан бері З.Базарбаева бөлім меңгерушісі
қызметін атқарып келеді.
1990 жылдардан бастап қазақ тілі фонетикасының жүйесі
үндестік заңы тұрғысынан қарастырыла бастады. Ә.Жүнісбектің «Қазақ
28
фонетикасы» (Алматы, 2009) және «Введение в сингармонизм»
(Алматы, 2008) атты фонетикалық еңбегінде қазақ тілінің үндесім
дыбыстарының құрамы, барлық дыбыстардың жасалым, айтылым және
естілім белгілері анықталған.
Қазіргі таңда қазақ тілінің дыбыс жүйесі екі теориялық бағыттың
принциптері бойынша зерттеліп келеді. Бірінші бағыт дәстүрлі
фонологиялық
теория
негізінде
қалыптасқан
(І.Кеңесбаев,
Ж.Аралбаев). Екіншісі – сингармониялық теория негізінде қалыптасқан
(Ә.Жүнісбеков, Ж.Абуов).
Ғалым З.Базарбаеваның бастамасымен интология өз алдына жеке
білім саласы ретінде қалыптасты (З.Базарбаева. Қазақ тілінің
интонациялық жүйесі, Алматы, 1996), (Қазақ тілі: интология,
фонология, Алматы, 2008). Бөлімнің жас ғылыми қызметкерлері
кандидаттық
диссертация
қорғап
шықты
(А.Фазылжанова,
А.Аманбаева). Бөлім қызметкерлері «Ұлттық және мемлекеттік тіл
ретінде қазақ тілінің қызметі мен дамуының ғылыми негіздерін
зерттеу» атты іргелі зерттеу бағдарламасының «Қазақ мәтінін
(сөйленімін) сегментке мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздері»
тапсырмасы бойынша 2000-2002 жж. ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізді (З.Базарбаева, Ә.Жүнісбек, А.Фазылжанова).
Ғалымдар қазіргі кезде қазақ тілінің тарихи фонологиясын
зерттеу аспектісіне басты назар аударуда, бұл бағыттың зерттелуі
кенжелеп келеді. Фонетист ғалымдар тарихи фонетика мен диахрондық
фонология мәселелерімен шұғылданып жатыр деп айтуға болады.
2009-2011 жылдары «Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты
дамуының негізі» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасы бойынша
«Латын әліпбиіндегі оргтехника құрастырудың лингвистикалық
негіздемесі» деген тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізілді (жетекшісі.
Ә.Жүнісбек).
Сонымен, қазіргі уақытта қазақ тілі фонетикасының жүйесі
мынадай ғылыми бағыттар аясында зерттеліп келеді:
1. Дәстүрлі фонологиялық бағыт.
2. Сингармониялық бағыт.
3. Интология бағыты.
4. Тарихи фонология бағыты.
5. Қолданбалы фонетика бағыты.
Қазіргі таңда қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыру
мәселесі көпаспектілі тарихи маңызды мәселеге айналып отыр. Бұл
мәселені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы өткен Қазақстан
халқы Ассамблеясының XII сессиясында көтерген болатын. Сонан соң
Елбасының 2012 жылғы желтоқсан айында жарияланған «Қазақстан-
2050» Стратегиясында: «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге
кірісіуіміз керек» деген мәлімдеме айтты. 2017 жылғы «Болашаққа
29
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бұл мәселені тағы бір
мәрте нақтылады.
Латын әліпбиін қабылдау не қабылдамау мәселесі бүгін ғана
көтерілген, айтылған жаңалық емес, 1924 жылғы Орынбор қаласында
өткен съезде де көтерілген.
Бүгінгі таңда латын әліпбиінің оңдаған жобасы жарияланды.
Жобаны жеке автор немесе ұжым болып ұсынып жатыр. Жоба
авторларының мамандығы (мұғалімдер, оқытушылар, техника мен
жаратылыстану ғылымдарының өкілдері, тіл мамандары, журналистер,
информатик т.б) мен әлеуметтік мәртебесі (зейнеткерлерден бастап
академиктерге дейін) әртүрлі. Арнайы патент немесе куәліктермен
жабдықталып қойылған жобалар да жоқ емес. Осы мәселеге қатысты
«Тұран-Астана» университетінің әлеуметтік-гуманитарлық және тіл
пәндері кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты
С.Қ.Омарова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
доценті, биология ғылымдарының кандидаты У.З.Сагындыков,
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің аға
оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты А.Е.Жусуповтың
«Употребление диакритических знаков для казахского языка в
подготовке к переходу на латинскую графику по принципу «26+6»»
мақаласы жазылды. Мақалада латиницаға негізделген қазақ тілі
әліпбиінің жобасы әзірленіп, 2018 жылдың 27 ақпанында авторлық
құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
(тіркеу №0542) алынды. Төмендегі №1 кестеде әліпби жобасы берілген.
№1–кесте, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің
жобасы
№
Латын
таңбалары
Дыбысталуы №
Латын
таңбалары
Дыбысталуы
1
Достарыңызбен бөлісу: |