30
11
Kk
Кі
24
Xx
Икс
12
Ll
Лы
25
Yy
И
13
Mm
Мы
26
Zz
Зы
№2–кесте,
қазақ
тілінің
ерекше
дыбыстарының
латын
графикасындағы қосымша қатары
№
Латындағы ерекше
дыбыстар
Кириллицаның көмегімен оқылатын
әріптер
1
Ää
Әә
2
Öö
Өө
3
Üü
Үү
4
Ûû
Ұұ
5
Ĝĝ
Ғғ
6
Ññ
Ңң
Бүгінгі қазақ жазуына, тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі
реформа керектігін қазіргі фонетист – ғалымдардың бірі Ә.Жүнісбек
тынбай айтып келеді. Ғалымның: «Реформа бір ғана әліпби
ауыстырумен шектелмейді. Реформа үш мәселені – дыбыс, әліпби және
еміле-ереже – бәрін бірдей қамтиды: дыбыс – өзге тілдерден бөлектеп
тұратын тілдің тұрпат-тұрқы; әліпби – сол дыбыстың қауызы, басқаша
айтқанда, қорғаны мен оққағарлары; еміле-ереже – дыбыстардың басын
біріктіріп, сөз құрап тұратын дәнекері. Осы үш мәселе бір-бірімен
байланысты және қатар шешілмей төл жазу қалыптаспайды. Ал әліпби
ауыстыру қазақ жазуына реформа жасаудың алғышарты және ең төте
жолы болып табылады. Егер латын таңбаларын баптап қабылдай алсақ,
онда көптеген тіл бұзар әріптер мен еміле-ережелер өзінен-өзі түсіп
қалады», – деген пікірі көңілге қонымды айтылған (Әліпби мәселесі //
Abai.kz).
Қазақ тілінің төл дыбыстарын түгендеп, соған лайықтап таңба
санын ықшамдау – қазіргі күннің талабы. Ұлы А.Байтұрсынұлы бастап
белгілеп берген қазақ тілінің төл дыбыстарының саны 28 (
а, ә, б, ғ, г, д,
е, ж, з, й, қ, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ш, ы, і) десек, осы
дыбыстардан бөлек қазақ тілінің дыбыстарын іздеп әуре болмау керек,
өзге дыбыс жоқ. Осы жердегі бәрімізді шатастырып жүргең
й, у
таңбаларының дыбыс мәні, тілімізде өте жиі келдесетін езулік, еріндік,
үнді [y, w] дауысыз дыбыстарға жатады:
ми [miy], қи [qiy], ти [tiy], ауа
Достарыңызбен бөлісу: