18
«Түркі тілінің құрылымы гипотеза тұрғысынан алғанда түркі тілдерінің
көне агглютинативке дейінгі құрылымын аморфты тілдер ретінде
көрсетеді, онда абстракт (дерексіз) грамматикалық мағыналар атауыш
сөзден құрылған, олар анықтаушы сөздің соңында тұрып, біртіндеп
алдымен аналитикалық элементке, кейіннен синтетикалық форманың
аффиксіне өзгерген» (1979). Осылайша, Н.А.Баскаковтың ойынша,
агглютинативті тілдер көне жағдайының ретроспективті қайта құру
тұрғысынан ғана емес, жалпы алғанда өзінің құрылымы бойынша
аморфты тілдермен сәйкес келеді екен (1988).
Түркі тілдері тарихи тұрғыда аналитикалық техниканы
қолданған, сөздер белгілі бір тәртіппен орналасқан, бұл олардың
маңызды қасиеті деп танылған. Барлық қызметтік морфемада жекелеген
семантика сақталады не аздап байқалады. Қатаң тәртіппен түбірге
аффикстер қосылып, көрсеткіш тізбегін құрайды, жалғану кезінде артық
тізбек, буын түсіп қалып отырады, яғни сөз формасындағы қызметтік
морфеманың белгілі дәрежесі байқалады.
Кез келген сөз, әрбір сөз формасы фоно-фонологиялық деңгейді
ұйымдастырады әрі жүзеге асырады, онда түбірлі және аффикстік
морфема арасындағы қатынас изоморфты басқа деңгейлерге,
заңдылықтарға бағынады, түркі тілдерінде сингармонизм заңының
пайда болуын түсіндіреді (1988).
Фонетикаға қатысты тілдегі мағыналық бірліктердің дыбыстық
формаларын ажыратушы және теңдестіру үшін қызмет атқаратын тіл
дыбыстарының ерекше белгісі болып табылатын фонема жайлы
ғалымдардың болжамдарына тоқталайық.
Қазіргі алтай зерттеушілерінің фонетиканы қайта құруға қатысты
түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және тағы басқа тілдердің арғы
алтайлық алғашқы еріндік дауыссыздарының дамуына қатысты
болжамдары
негізінен
«Рамстедт-Пельо
заңы»,
яғни
алтай
қауымдастығының үш негізгі тілдері тобының барлық репрезентативті
материалын салыстырмалы талдаудың нәтижесінде жасалған жалғыз
фонетикалық заңның модификацияланған нұсқалары болып табылады.
Аталған заңның мәнін келесі сұлбаның көмегімен көруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: