К. М. Абишева, С. К. Омарова


жалпыалт.  *р-  (*φ):  түрк.  ø-  ~  тұнғ,  р-  ~  маньчж.  f-



Pdf көрінісі
бет13/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82
жалпыалт.  *р-  (*φ):  түрк.  ø-  ~  тұнғ,  р-  ~  маньчж.  f-.  Моңғол-түркі 
арғы  тіліндегі  анлауттық  қатаң  еріндік  дауыссыздың  мәселесіне 
(mongolisch-türkische Ursprache) Г.Й. Рамстедт (Ramstedt, 1916- 1920, 1-
10,  238-251)  өзінің  ең  алғашқы  еңбектерінде  көңіл  аударады,  бұл 
еңбекте  тілдік  материалдар  толық  қамтылған,  оларды  ұсыну    тәсілі 
және      қорытынды  пікірлер  беру  әдістемесі  де  орынды  берілген.  Г.Й. 
Рамстедт  түркі,  моңғол,  тұңғыс-маньчжур    тілдерінде  сөз  басындағы 
шұғыл  дауыссыздардың    спецификалық  ерекшелігін  жақсы  байқаған. 
Арғы түркі тілінде сөз басында кездесетін шұғыл дауыссыздар  k-, t-, b- 
болса,  жалпымоңғолдық тілде аталған позицияда к- және g-, t- және d-, 
сондай-ақ  č- және  
ǯ-, ал еріндіктен тек қана ұяң b- кездеседі деген. 


19 
 
      Г.Й.  Рамстедт  консонантизм  мәселесіне  қатысты  моңғол  тілін 
ең көне тіл деп санаса, ал арғы тілдік даму сатысы мәселесіне қатысты 
моңғол тілі түркі тіліне қарағанда ең жақын деген қорытындыға келеді. 
Әрі 
қарай 
жалпымоңғол 
тіліндегі 
сөз 
басындағы 
шұғыл 
дауыссыздардың  қатаң  ⟷  ұяң  {к-  ⟷  g-,  t-  ⟷  d-,  č-  ⟷ǯ-)  белгілері 
бойынша қарама-қарсылығын ескере отыра, *р- ⟷ b- жұбындағы қатаң 
еріндік  *р-ді  реконструкциялау болжамының дұрыстығын дәлелдейді. 
Г.Й.  Рамстедт  осы    болжамының  негізінде  арғы  алтай  тілінде  сөз 
басында әлдебір қатаң спирант *φ- болғандығын, оның қазіргі тілдерде 
түрлі  көрініс  тапқандығын  немесе  ешқандай  із  қалдырмай  жойылып 
кеткендігі жайлы идеясын айтқан (Ramstedt, 1916-1920, 1-10; 238-251). 
Ол  осы  қатаң  дауыссыздың  іздерін  моңғол  және  түркі  тілдерінде   
сөздің бастапқы буынында дауысты дыбыстары бар сөздердің бастапқы 
буында  р-  ~  φ-  ~f    еріндік  дауыссыздары  кездесетін  сөздермен 
сәйкестену    жағдайында  байқайды,  үшіншіден,  алтай  тілдерінің  - 
тұнғыс-маньчжур  -  тобында:    гольд  (нанай)  және  ульч  тілдерінде  р-, 
маньчжурда  f-,    тұнғыста  (эвенкий)  да  солай,  М.А.  Кастреннің  айтуы 
бойынша  h-  ~  ø-  сәйкес  келеді,  айта  кететін  жағдай  (*р-  >ø  -) 
инициалды  шұғыл  дауыссыздың  түсіп  қалуы  манегир  және  чапогир 
сөздерінде,  сондай-ақ  солонск  тілінде,  ал  инициалды  дауыссыздардың 
h-  ~  х~  алмасуы  Төменгі  Тунгуска  және  Охотскідегі        тұнғыс  тілдері 
материалдарында  кездеседі.  Материалды  тез  талдаудың  негізінде, 
қолжетімді 
тұнғыс-маньчжур 
тілдерінің 
лексикографиялық 
дереккөздерінен  алынған  материалдардың  (М.А.  Кастрен,  И.  Захаров, 
А.О.  Ивановский,  В.  Трубе,  П.  Протодьяконов  және  т.б.  сөздіктері), 
сонымен  қатар    онкор-солонск  говорлары  бойынша  жинаған  өзінің 
мәліметтерін  басшылыққа  ала  отырып,    Г.И.  Рамстедт  тұнғыс-
маньчжур  тілдеріндегі  анлаут  қатаң  еріндік  шұғыл  дауыссыздың  даму 
сұлбасын төмендегідей көрсетеді: 
р- >f>х-, h- ~ ø - немесе f>х-, h- > ø - (Ramstedt, 1916-1920, 1-10). 
Алтай  әдебиетінде  Рамстедта-Пельо  заңы  деген  атауға  ие  болған 
фонетикалық  сәйкестіктер  жүйесінің  мәні  төмендегі  мәліметтерде 
көрініс  тапқан.  Арғы  алтай  тілінде  сөз  басында  билабиалды  қатаң 
шұғыл  дауыссыз  *р-  немесе  ызың  ерінді  дауыссыз  *φ-  кездеседі,  бұл 
дауыссыздар  қазіргі  тұнғыс-маньчжур  тілдерінде  түрлі  көрініс  табады 
(мәс.,    нан-.  р-,  маньчж.  f-  және  т.б.),  моңғол  тілдерінде  мүлдем 
жойылып кеткен немесе ерекше рефлекс түрінде сақталған, бұны жазба 
ескерткіштерімен  дәлелдеуге  болады  (салыст.-монг.  χ-,п.-монг.  h-, 
монгор.  f-,  дагур.  χ-,h-  және  т.б.),  ал    түркі  тілдерінде  ізсіз  жоғалып 
кеткен (алт. *р- ~ *φ- ~ түрк. ø-). Мамандардың Рамстедт-Пельо заңына 
қатысты    пікірлері  әрқилы  болған.  Біріншіден,    бұл  заң  арқылы  түркі, 
моңғол  және    тұнғыс-маньчжур  тілдерінің  алғашқы  генетикалық 
туыстығы  дәлелденген  және  бірнеше  рет  модификацияланған, 


20 
 
екіншіден,  қатаң түрде сыни талдауға түсіп, қайта қарастырылған және 
бұл заңнан бас тартқан  ғалымдар да болған. 
Алтай  тілдері  бойынша  мамандардың  Рамстедт-Пельоның 
фонетикалық  заңына  қатысты  көзқарастары  бірыңғай  емес:  біреулері  
қолдап жатса, екіншілері сынға алған.   
Үндестік заңының дыбыс қатары мен еріндік дыбыстар ерекшелігі 
–  көптеген түркі тілдерінің вокализміне тән құбылыс. Батыс тілдердің 
фин-угор  топтарында  дыбыстардың  жасалу  қатарына  қатысты   
(алдыңғы және соңғы) дауыстылардың үндесу заңы қолданылады. 
1.  Сингармонизм мен  умлауттың сәйкестігі 
2.  Сингармонизм мен  аблауттың сәйкестігі   
3.  Сингармонизмнің    жойылуы  Сингармонизм  мен    умлауттың 
сәйкестігі (ілгерінді ықпал).   
Көбінесе  соңғы  дауыстының  алдыңғыға  әсерін  сингармонизм  деп 
түсінеміз     (прогрессивті  сингармонизм).  Регрессивті  сингармонизм  
умлаут деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет