35
смысла по Г.Фреге, сигнификата, десигната, концепта)», - деп
анықтайды [6;327].
Н.Д.Арутюнованың «Предложение и его смысл» (1976) еңбегінде
жалқы және жалпы есімдердің мағыналық, қызметтік ерекшіліктеріне
тоқталады. Ол өзінің еңбегінде: «Собственные имена, подобно
дейктическим словам, семантически ущербны. Собстенное имя не
переводится и не перифразируется….. Имена нарицательные обладают
полной семантической структурой, складывающейся из некоторого
понятия…», - деп сипаттаған [6;326-327].
«Имя нарицательное и собственное» атпен орыс зерттеушілерінің
мақалалар жинағы (1978) да басылып шықты. Бұл жинақтағы ғалым
А.В.Суперанскаяның «Тілдің лексикалық жүйесіндегі жалқы және
жалпы есімдер» атты мақаласында: «Из всех признаков, на основе
которых может быть
проведено различение собственных и
нарицательных имен, мы выделяем два: определенность -
неопределенность объекта и наличие - отсутствие коннотации
(сообщать), т.е. связи с
понятием как логической категорией (а не как с
представлением о том, что есть данный объект – энциклопедическая
информация слова, его обозначающего)» – деген пікірін білдіріп,
жалпы есім хабарлап (коннотирует) тұрғанымен белгілі объектіні қажет
етпейді десе, жалқы есім, керісінше , хабарламайды (не коннотирует),
бірақ белгілі объектіге беріледі деген [7; 59].
Ал А.В.Суперанская жалқы және жалпы есімдерді барлық
белгілерінің ішінен ажыратуға негіз етіп, екі белгіні: объектінің
белгілігі - белгісіздігі және коннотацияның (хабарлау) болуы - болмауы
яғни логикалық категория тәрізді ұғыммен байланысын бөліп көрсетуге
болады деген [23;39]. Ол осы еңбегінде: «Имя нарицательное
коннотирует и не требует определенности объекта, а имя собственное
не коннотирует и дается вполне определенному объекту»,- деп
түсіндірген [7;59-60].
Сөз семантикасы жайлы елеулі пікір айтқан қазақ ғалымы
М.Оразов орыс тіл білімі зерттеушілердің көзқарастарына, пікірлеріне
шолу жасап, жалқы есімдер жеке заттың не процестің атауы ретінде
қолданылғанымен, белгілі бір затты көрсеткенімен, оның мағынасында
да белгілі дәрежеде жалпылау болатынын аңғарған. Ол жалқы
есімдерді сөз деп, ер адамдарға, әйелдерге, қыздарға қойылатын
аттардың арасындағы мағыналық ерекшеліктерін ажыратқан. Қыз
аттарының мағынасында
нәзіктік, сұлулық т.б. білдіретін мағыналық
реңк бар десе, ер атауларында
батырлықты күштілікті, өжеттілікті,
Достарыңызбен бөлісу: