Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Семантикалық афазияның ерекшеліктерін атаңыз.
2. Афферентті және эфферентті моторлы афазияны салыстырыңыз.
3. Динамикалық афазияға сипаттама беріңіз.
4. Афазияны педагогикалық-түзету жұмысының негізгі бағыттары қандай?
5. . Афазияны педагогикалық-түзету жұмысы барысында қандай жағдайлар ескеріледі?
6. Афазияның әр түрінде түзету жұмысының ерекшелігін ашып беріңіз.
Ұсынылған әдебиеттер 1.Логопедия негіздері. 2017. Дүйсенбаев А.Қ., Балтымова М.Р
2.Логопедия. 2014. Өмірбекова Қ.Қ.
3.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б.
4.Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. 2014. ИбатоваГ.Б., Оразаева Г.С.
5.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б., Коржова Г.М.
6.Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы. 2014. Қ.Қ. Өмірбекова
№22. Дауыс және оның бұзылуы 1. Дауыстың акустикалық негіздері
2.Дауыс аппаратының қалыптасуы мен қызметінің биологиялық негіздері.
3. Дауыс бұзылуының түрлері
Дауыс – бұл өзінің күрделілігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты емес адам көмейінен шығатын кез келген дыбыс. Дауыс генераторлық бөлім ретінде қызмет ететін көмейде пайда болады. Тыныс алу мүшелері – энергетикалық бөлім. Энергия көзі ретінде дауыс шымылдығының тербелісін тудыратын ауа ағыны болады. Қойылмалы түтік (жұтқыншақ, мұрын және ауыз қуысы) – мұнда дыбыс өз күшін және мәнерін алатын жаңғырықтыру бөлімі. Дыбыстың акустикалық қасиетін ажырату есту қабілетінің көмегімен іске асырылады.
Үн дыбысы – қалыңдай түскен толқын және тітіркендіріш түрінде жайылатын ауа бөлшектерінің тербелісі.
Дауыстың жоғарылығы - есту мүшелерінің тербелгіш қозғалыстарының жиілігін субъективті түрде қабылдауы.
Ауа тербелісі неғұрлым жиі болса, солғұрлым дыбыс жоғары болып шығады. Дауыстың жоғарлығының сапасы дауыс перделерінің бір секунд үшінде түсетін тербеліс жиілігіне байланысты болады. Негізгі үн (тон) жиілігі герцпен өлшенеді. Жай сөйлеу тілінде еркектерде 85-тен 120 Гц-ке дейін, ал әйелдерде 160-тан 340 Гц-ге дейін өзгереді. Негізгі үннің өзгерістері сөйлеу тілінің мәнерлігіне әсер етеді.
Дауыстың күші,қуаты дауыс шымылдығының діріл қарқынына байланысты болады. Децибеллмен өлшенеді. Дауыс перделерінің діріл қарқыны неғұрлым көп болса, солғұрлым дауыс күшті шығады. Дыбыс тембрі немесе дыбыс ренкі дауыстың сапасының маңызды сипаты болып табылады. Ол күрделі дыбыстардың акустикалық құрамын көрсетеді және тербеліс күші мен жиілігіне тәуелді болады.
Дауыс үшін ең маңызды болып оны шығару тәсілі – «дыбыс шабуылы» деп аталатын тәсіл. Дауыс шығарудың үш түрін ажыратады: 1) алғашқыда жеңіл дем шығару, кейін дауыс перделері қабысып, тербеліске түседі. Дауыс болмашы шудан кейін естіледі. Бұндай тәсіл «қырылдақ (көмей) шабуыл» деп аталады; 2) дауыс перделерінің қабысуы мен дем шығару кезі қатар келеді. Бұл дыбыстың «жұмсақ шабуылы»; 3) алғашқыда дауыс перделері қабысып, содан кейін оларды тербеліске түсіріп дем шығарылады. Бұл түрі «қатты шабуыл» деп аталады.
Көп қолданылатын және физиологиялық негізделген «жұмсақ шабуыл» деп саналады. Бірақ дыбыс шығарудың қалған екі тәсілін де қолдануға болады. Ол дауыс міндеттеріне және адамның эмоциялық күйіне байланысты болады. Сонымен қатар кейбір жағдайда түзету жұмысында дауысты қою мақсатымен пайдаланылады.
Дауыстың бұзылуы – дауыс аппаратының патологиялық өзгерістеріне байланысты фонацияның бұзылуы немесе мүлдем болмауы. Дауыс патологиясын негізгі екі терминмен атайды: афония (грекше «а» - теріс мағыналы қосымша, «phone» - дауыс) – сыбырлап сөйлеу сақталғанның өзінде де дауыстап және қатты сөйлеуге қабілетсіздік. Дисфония («dis» - бұзылу, «phone» - дауыс) – жарым-жартылай дауыс бұзылуы, осы кезде афониядан айырмашылығы дыбыс шығаруы сақталынып, бірақ ерекше тембр, әлсіздік немесе үзілмелілікпен сипатталады.
Дауыс аппаратының әр түрлі ауруларына байланысты дауыстың бұзылуы ересектерде де, балаларда да кездеседі. Бірақ дауыс функцияларының бұзылуы балалар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі. Ғалымдардың зерттеулері бойынша созылмалы ларингиты бар балалар саны көбеюде. Оқушыларды өзіндік жұмысқа тарту, гигиеналық тәртібін сақтамай дауыс жүктемесін көтеру дауыс патологиясына әкеледі. Дер кезінде көмек алмаған балаларда дауыс аппараты тұрақты олқылыққа ие болады. Болашақта бұл мамандық таңдауға әсер етеді, әр түрлі дауыс функциялары бұзылған адамдардың санын толықтырады.
Ю. С. Василенконың (1983) мәліметтері бойынша он мың қала тұрғындарының үшінде 60 дауыс аппаратының созылмалы ауырулары бар адамдар екен, ал дауысқа және сөзге қатысы бар мамандар дауысы бұзылған адамдардың 30-40 % құрайды. Әсіресе дауыстың бұзылуы мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында жиі кездеседі.
Дауыс патологиясын және оны қалпына келтіру тәсілдерін зерттеу логопедияның қарастыратын мәселесінің бірі болып табылады. Соңғы жылдары дауыс аппаратының бұзылыстарына педагогикалық ықпал ету аймағы кеңейіп, фонопедия деп аталды.
Фонопедия — арнайы жаттығулар арқылы көмейдің жүйке-бұлшық ет аппаратын белсендендіруге және координациялауға, тыныс алуын және тұлғасын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал кешені. Бұл дауыс шығарудың физиологиясына, логопедияның негізгі дидактикалық және методологиялық қағидаларына негізделген педагогикалық процесс.
Шеткі табиғи (органикалық) бұзылуы дауыс шымылдықтарының фибромасы, папилломасының болуы кезінде туындайды, бұл олардың тығыз емес қабысуына әкеліп соғады. Дауыс қарлыққан түр алады, одан да ауыр жағдайларда афония дамиды.
Сонымен, дауыс бұзылуына жататындар: афония, дисфония, фонастения.