Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет23/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар 
 
1. Ғылымның  әдіснамалық  негізі  болатын      диалектикалық  заңдарды 
атаңыз. 
2.  Гносеология дегеніміз не? Оның қҧрылымы қандай? 
3.  Таным қызметінің тҥрлерін атаңыз. 
4. Ойлаудың негізгі логикалық формаларын атаңыз. 
5.  Пікір мен таным ортасындағы тҥрлі байланыстарды бейнелейтін логика 
заңдарын атап, мысалдар келтіріңіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


41
 
 
4. Мұғалімнің зерттеу мәдениеті 
  
1.  Зерттеуші мұғалімнің кәсіби - маңызды қасиеттері 
2.  Әдіснамалық мәдениет – ғылыми-педагогикалық зерттеудің негізі  
3.  Болашақ  мұғалімдерді  ғылыми  зерттеуге  баулу  -  студенттермен 
ғылыми зерттеу жұмысының негізгі міндеті ретінде. 
 
1. Зерттеуші мұғалімнің кәсіби - маңызды қасиеттері 
Ғылыми-зерттеу    жҧмысы  ежелгі  уақыттан  бері    белгілі.  Адам 
әрқашан ӛзі ӛмір сҥретін дҥниені тануға талпынды. Ғылымның әлеуметтік 
маңызы және оған деген қажеттілік қҧбылмалы емес, ол мәңгілік.  
Зерттеуші ӛзінің ғылыми зерттеуін ҧйымдастыра отырып, екі негізгі 
қызметті  жҥзеге  асырады:  біріншіден,  адамзаттың  жинаған  ілім-білімін 
жинақтап  жҥйелейді,  екіншіден,  ғылымды  толықтыратын,  байытатын 
жаңа  беймәлім  дҥниені  ашады.  Бҧл  қызметтер  қай  уақытта  да  ӛзгеріссіз 
қалады,  тек  қоғамдық  ӛмірдегі  ӛзгерістерге  ҧшырауы  мҥмкін.  Айтылған 
қызметтерді  іске  асыру  ҥшін  зерттеуші  бойына  тҧлғасының  берік 
іргетасын қалайтын сапалық қасиеттерді сіңіруі қажет.  
Ғылыми  жҧмыс  –  толық  берілуді,  табандылықты,  тӛзімділікті, 
батылдықты,  шығармашылық    ойлауды,  жаңалықты  сезіне  білуді, 
беймәлім  дҥниені  тануға  талпынысты  талап  ететін,  ерекше  қарбалас, 
шығармашылық еңбек.  
К.А.Циалковскийдың  пікірінше,  ғылыми  зерттеушінің  негізгі 
тҧлғалық  ерекшелігі:  жақсы  сақтау  қабілеті,  назар  аудару  дағдысын 
игеруі,  ғылыми  қиялы,  зияткерлік  тәуелсіздігі,  яғни  ойлауда  дербестігі, 
ғылымға ынтықтығы, қҧмарлығы, табандылығы болып табылады. 
В.А. Обручев жемісті ғылыми қызметтің ҥш негізгі қағидасын бӛліп 
кӛрсетеді:  жоспарлылығы,  ҧқыптылығы  және  шығармашылыққа  деген 
сҥйіспеншіліктің болуы. 
И.П.Павлов  ғылыми  зерттеушінің  тҧлғасының  жетекші  қасиетіне: 
ғылыми жҥйелілік, ғылымның әліппесін танудағы мықтылығы және одан 
әрі  адамзат  білімінің  шыңына  жетуге  ынтасы,  ҧстамдылығы,  тӛзімділігі, 
қара  жҧмысты  жасауға  дайындығы  мен  икемділігі,  шыдамдылықпен 
деректер  жинақтауы,  ғылыми  қарапайымдылығы,  ғылым  жолында  бҥкіл 
ӛмірін сарп етуге дайындығын жатқызған болатын.  
К.И.Скрябин  ғылыми  шығармашылықта  ғылымға  және  таңдалып 
алынған кәсіпке деген сҥйіспеншіліктің ӛте маңызды екенін атап ӛтті. 
Зерттеушіге  адамның  тҧлға  ретіндегі    мҥмкіндігінің  шегіндегі 
жоғары талаптар қойылды және қойылып келеді. Әрине бҧндай талаптар 
шеңберінде  ғылыми  қызметтің  дара  стилі  қалыптасады.  Зерттеушінің  әр 
қайсысында  зерттеудің  сәттілігін  қамтамасыз  ететін  едәуір  маңызды 
тҧлғалық қасиеттерінің қҧрылымы дараланады. 


42
 
 
Зерттеуші-педагогтың негізгі кәсіби-маңызды қасиеттерін 
келесідей ҧсынған орынды: 
1. Жалпы психологиялық-педагогикалық қасиеттер: 

 
кәсіби психологиялық-педагогикалық бағыттылығы; 

 
тҧлғаның әлеуметтік және кәсіби маңызды қасиеттері: 
азаматтылық, ізгілік, ӛміршеңдік, ғылыми-зерттеу жҧмысына тҧрақты 
қызығушылық, адамдарға әділеттілік және тілектестік, қарым-қатынас 
жасай білу, ӛзіне және басқаларға талапшылдық. 
2. Кәсіби   психологиялық-педагогикалық қасиеттері: 

 
психологиялық-педагогикалық, теориялық, әдістемелік және 
тәжірибелік дайындығы; 

 
дамыған психологиялық-педагогикалық қабілеттері: коммуникативтілік, 
келешектен ҥміттілік, жобалылық, эмоционалды-еріктілік, 
қҧрылымдылық, ҧйымдастырушылық, танымдық, мәнерлі-сӛзділік, 
шығармашылық. 
3. Кәсіби дара психологиялық-педагогикалық қасиеттер: 

 
психикалық ҥрдістердің психологиялық-педагогикалық 
бағытталғандығы: танымдық және эмоционалдық, еріктілік; 

 
эмоционалдық ықыластылық; 

 
еріктің дамығандығы; 

 
рефлексия. 
Демек, зерттеушінің педагогикалық шеберлігі келесідей кәсіби 
қабілеттерді дамыту арқылы кӛрініс береді. 

 
Зияткерлік (ғылыми психологиялық-педагогикалық ойлаудың дамуы), 
зерттелетін нысанды немесе қҧбылысты талдап және тҥсіндіре білу, 
барды жоқтан ажырата білу; психологиялық және педагогикалық 
эксперимент  жҥргізу; танымшылдық кезеңмен: деректер-ҥлгі-ғылыми 
болжам-салдар-тексеру; ғылыми ізденісті жҥзеге асыру: тәжірибелік 
деректер негізінде теориялық ҥлгі жасау, зерттелетін қҧбылыстардың 
сандық, сапалық тҧрғыда байланысын табу, оңды қорытындылар 
тҧжырымдау, олардың қолданылу шекарасын белгілеу; қҧбылыстар мен 
ҥрдістерді ӛзара байланыста қарастыру, олардың мәні мен 
қайшылықтарын ашу; зерттейтін материалын абстракциялау, талдау 
және жинақтап қорыту; кӛкейкӛзділік, сәуегейлік, білімнің кеңдігі; 

 
Адамның ішкі дҥниесіне ҥңіле білу, назарды ерекше аудару, ерекше 
әсерленуші, алғырлық және т.б; 

 
Коммуникативті – зерттеу ҥрдісінің қатысушыларымен оң қарым-
қатынас орната білу; 

 
Қҧрылымдық – білім беру ҥрдісінің ӛту барысын, дамуы мен нәтижесін 
алдын ала кӛру; 


43
 
 

 
Суггестивті – эмоционалды-ерікті ықпал ету, сӛз, бедел кҥшімен 
иландырып қажетті нәтиже алуды кӛздеу: 

 
Эмоционалды –ерікті, ӛзінің кҥйін, іс-әрекетін, мінез-қҧлқын реттеу; 

 
Дидактикалық – ақпарат жеткізуде, зерттеу міндеттерін тҥсінікті, 
қызықты, нақты, айқын дәйекті талқылай білу; 

 
Ҧйымдастырушылық – оқушылардың танымдық қызметін, сонымен 
қатар, ӛзінің жеке педагогикалық зерттеуін ҧйымдастыра білу; 

 
Ғылыми-танымдық, жаңа ақпаратты жедел игеру; 

 
Шығармашылық -  психологиялық-педагогикалық және зерттеу 
міндеттерін шығармашылық тҧрғыда шешу; белгілі ҥлгіден ауытқу, 
ӛзіндік ерекшеліктің болуы, бастамашылдық, зерттеу мақсатына емес, 
сондай-ақ ҥрдістің ӛзіне қанағаттану. 
  Зерттеуші педагогтың ғалым ретінде келбетін  анықтайтын кәсіби-
маңызды қасиеттер осындай. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет