Камбарова А. А. Шеримова С. К «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2019


- зертханалық жұмыс Витаминдерге тән сапалық реакциялар



бет3/21
Дата12.04.2023
өлшемі380,03 Kb.
#81861
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
лаб. биохим

2 - зертханалық жұмыс
Витаминдерге тән сапалық реакциялар

Жұмыстың мақсаты. А, Д және С витаминдеріне тән сапалық реакциялармен танысу.
Әдістің принципі. Сапалық реакциялар витаминдердің химиялық құрылыстарының айырмашылықтарына негізделген.
Реактивтер мен құралдар

  1. Балық майы

  2. Үшхлорлы сурьманың хлороформдағы ертіндісі.

  3. Концентрлі күкірт қышқылы

  4. Тұз қышкылы мен анилин коспасы (анилиннің 15 бөлігі және концентрлі тұз қышқылының 1 бөлігі)

  1. Аскорбин қышқылының ертіндісі

  2. Калий ферроцианидінің К3[Fе(СN)б] қаныққан ертіндісі

  3. Хлорлы темірдің 1% -ті ертіндісі

  4. Спиртовка

  5. Пробиркалар

Жұмыстың орындалу тәртібі
А витамині
1. Үшхлорлы сурьмамен реакция.
Құрғақ пробиркаға 1 мл балық майын, 10-12 тамшы үшхлорлы сурьманың қанық хлороформды ертіндісін қүйып, жақсылап араластырады. Егер А витамині болса, бірте-бірте қызыл түске ауысатын көгілдір түс пайда болады.
2. Күкірт кышқылымен реакция.
Құрғақ пробиркаға 1 мл балық майын, 1 мл концентрлі күкірт қышқылын құйып, жайлап араластырады. Егер А витамині болса, алғашқыда күлгін, сосын бірте-бірте қызыл-қоңыр түс пайда болады.
Д витамині
1. Анилинмен реакция.
Құрғақ пробиркаға 1 мл балык майын, 1 мл анилин мен тұз қышқылы қоспасын қүйып, араластырады. Араластыра отырып кыздырады. Сөйтіп қайнағанға дейін жеткізіп, жарты минут, қайнатады. Егер Д витамині болса, сары түсті эмульсия алғашында жасыл түске боялып, сосын қызыл түске ауысады.
С витамині
Берлин лазурі түзілу реакциясы.
Пробиркаға 1-2 мл аскорбин қышқылының, 1-2 тамшы калий ферроцианидінің және 1 тамшы 1% хлорлы темірдің ертінділерін кұяды. Көгілдір немесе жасыл көк түс пайда болып, біраз тұрғаннан кейін берлин көгінің тұнбасына айналады.
Бұл реакция аскорбин кышқылының тотыға келе калий ферроцианидін тотықсыздандырып оны калий феррицианидіне айналдыру процесіне негізделген.
Калий феррицианиді хлорлы темірмен реакцияға түсіп, берлин көгінің көк түсті тұнбасын түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет