Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


CONSISTENCY (Тәртіп пен теңдік)



бет15/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41

CONSISTENCY (Тәртіп пен теңдік)


Сізге тепе-теңдік маңызды. Сіз бәрі бірдей болса дейсіз. Сіз үшін барша адамзат бір тәртіпке бағынуы керек. Әйтпесе әлем бейберекет болады. Сіз бәрі тең әрі бір болса дейсіз. Бәрі қаласа бақытқа жете алатын қоғамда өмір сүргіңіз келеді. Бәрінің бір реті мен тәртібі болса дейсіз. Сонымен бірге сол ережелерге сай өмір сүргіңіз келеді. Сіз бұл өмірде барша адамзат тең құқықты болуы керек.
Consistency таланты бар жандар былай көрінеді:
Е ханым: Мен жұмыста бәрі түсінікті әрі айқын болса деймін. Мәселен күнделікті неден кейін не істейтінім және қалай істейтінім айқын болғанын жақсы көремін. Жұмыстың ретті және оның стандарттары белгілі болғаны маған ләззат сыйлайды.
Consistency таланты бар жандарға кеңес:

  • Өзіңіз бағынатын тәртіп пен қағидалардың тізімін жасаңыз. Олар сіздің құндылықтарыңыз негізінде құрылады. Бір қызығы сіз сол тәртіп пен қағиданың аясында өмір сүрсеңіз бақыттырақ боласыз. Сонымен бірге өзіңізді соншалық жайлы сезінесіз.

  • Өмір мен жұмыста жағдайы нашар кісілерге көмектесіңіз. Басқалардың бар әлеуетін ашуға септесіңіз. Шынымен мақтауға лайық жандар-

Consistency (Тәртіп пен теңдік)

ды таңдап алатын адамның беделін қалыптастырыңыз.

  • Өзіңіздің қабілетіңізді қолданып, теңсіздікті жөндейтіндей бір жұмыс іздеңіз. Тәртіпті қадағалуыңызға тура келетін жұмыс істеңіз.

  • Сіз тәртіпті жақсы көргендіктен оны өз ыңғайына қарай өзгертетін адамдарды жақтырмайсыз.

  • Maximizer мен individualization таланты мықты жанмен серіктес болыңыз. Сонда қай кезде адамдарды бөліп жарып қарау қажет екенін түсінесіз.

  • Сіз тәртіп қалайсыз және өзіңіз сол тәртіпке сай өмір сүресіз. Айналаңыздағы адамдар сіздің табиғи тәртіплігіңізді бағалайды.

  • Қарсылық қаншалық күшті болса да өзіңіз сенетін нәрсе үшін күресіңіз. Ақыры аяғында жемісін көресін. “Жағымсыз жаңалық” айтатын кезде өзіңіздің Consistency талантыңызды қолданыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет