Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


Ал Belief таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз



бет11/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

Ал Belief таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Мұндай адам өзіне жақын іске құштарлана кіріседі. Олардың құштарлығын оятып жұмысқа бағыттаңыз.

  • Ол адамның отбасы мен ортасы туралы біліңіз.

  • Оның сенімін қолдауыңыз шарт емес, тек сыйласаңыз болды. Әйтпесе араңызда жанжал шығуы мүмкін.

COMMAND (Басқарушы)


Command таланты сізді жауапкершілік алуға итермелейді. Сіз өз пікіріңізді басқаларға “тықпалағанда” өзіңізді еш жайсыз сезінбейсіз. Керісінше пікіріңізді басқаға айтуға ұмтылып тұрасыз. Мақсат қойсаңыз оны басқаларға жеткізбегенше тыным таппайсыз. Сіз қарсылық пен қайшылықтан қорықпайсыз. Оны қабілет дамытатын мүмкіндік деп қабылдайсыз. Басқалар өмірдегі сынақтан қашуы мүмкін. Бірақ оларға ақиқатты ашып, қорқынышына қарай итермелеу керек деп білесіз. Оларды тәуекел етуге үгіттейсіз. Кейбіреулері бұл қылығыңызды жақтырмаса да көбіне тізгінді сізге ұстатқысы келеді. Өйткені адамдар бағыт бағдар беретін кісілердің жанында болсақ дейді. Сондықтан олар сіздің айналаңызға шоғырланады. Сіз басқара аласыз, сіз бастай аласыз. Сізде сommand таланты бар.
Command таланты бар жандар былай көрінеді:
Ш мырза: Мен әрдайым ақырғы шешімді айтсам деймін. Басқалар менің пікіріммен келісуі керек деп білемін. Адамдардың наразы болуы және ренжуі заңды. Мен әрдайым көштің басында болып, бағытбағдар бергім келеді. Адамдар айналама шоғырланады. Өйткені көпшілігі жауапкершілікті өз мойнына алатын батыл адамдардың жанында өз жайлы сезінеді.
Command таланты бар жандарға кеңес:

  • Сіз әрдайым қарсы тұруға дайынсыз. Сіздің талантыңызды нағыз қаруға айналдыратын сөзіңізді, ырғағыңыз бен әдістеріңізді дамытыңыз.

  • Қарым-қатынаста турашыл болыңыз. Сіздің шындықты жайып салатын қасиетіңіз көп адамға көмек болуы мүмкін. Ашық болыңыз.

  • Адамдардың пікірін біліңіз.

  • Woo немесе Empathy таланттары жақсы дамыған адамдармен серіктес болыңыз.

  • Кей кедергілерге қарсы тұрудың керегі жоқ.

Оларды айналып өте аласыз.

  • Сіз өзіңізге жауапкершілік алған соң айналаңыздағы адамдарға жеңілдік сыйлайсыз. Қиындыққа тап болсаңыз өзіңіздің command талантыңызды пайдаланып басқаларды сабырға шақырыңыз.

  • Сіз басқарғанды жақсы көресіз сондықтан әрдайым билікке таласасыз. Бірақ басшы сіз болмасаңыз да басқалар күшіңізді сезіп тұрады.

  • Қиын сәтте басқалар сіздің табиғи батылдығыңызға арқа сүйейді. Сату саласы сіздің оң жанбасыңызға келуі керек.

  • Сіз өз ісіңізді тапсаңыз ешқандай сынаққа қаймықпайсыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет