Ал Context таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Жолыққанда істеген жұмысы туралы және не білгені туралы сұраңыз. Ол іштей сіздерге әр шешімді қалай қабылдағанын айтқысы келіп тұрады.
Мұндай кісіні жаңа әріптестеріне таныстырғанда осыған дейін еткен еңбегі туралы айтқызыңыз.
DELIBERATIVE (Сақтық)
Сіз сақсыз. Әрдайым аяғыңызды аңдап басасыз. Бөгде адамды өміріңізге араластырмайсыз. Сіз бұл өмірде бәрі мүмкін екенін білесіз. Бәрі тек сырт көзге ғана жақсы болып көрінуі мүмкін. Егер терең үңілсе қатер мен қауіп толып тұрғанына кәміл сенімдісіз. Сіз оларды жылы жауып қоюдың орнына әр қайсын жеке жеке алып қарайсыз. Сіз өмірге сақтана қарайтын салмақты кісісіз. Мәселен ықтимал мәселені алдын ала болжап қойғанды жақсы көресіз. Досты мұқият таңдайсыз және жеке мәселені ашып айтпайсыз. Мақтау мен алғысты асырып айтсам басқаша түсініп қалар деп қорқасыз. Тұйықтығыңызды жақтырмайтын адамдарға бас ауыртпайсыз. Өмір сіз үшін жарыс емес. Ол сіз үшін мина толған алаң. Басқалар оны ойына келгенше басып жүгіруі мүмкін. Бірақ сіз әр қадамды аңдап басасыз. Сіз бәрін елеп-ескеріп әрекет етесіз. Сақтанғанды Құдай сақтайды деген ұстанымды берік ұстанасыз. Deliberative таланты бар жандар былай көрінеді: І мырза: Мен үнемі қауіп пен қатерді ойлап жүремін. Әрдайым жамандыққа жорып, соған дайын жүруге тырысамын. Мен басқаларды мақтауда да сақтық танытамын. Эмоциямды да абайлап шығарамын. Басқалар мені сырттай өзіне сеніміз әрі керітартпа адам деп ойлайды.
Deliberative (Сақтық)
Deliberative таланты бар жандарға кеңес:
Сіз тумысыңыздан жақсы саралайсыз. Сондықтан ақыл айтып, кеңес беретін жұмысты іздеңіз. Заң қызметкері, кәсіпкер немесе кеңесші болатын жұмыстар жақсы келеді. Қызметіңіз қандай болмасын басқаларға мәселенің шешімін табуға көмектесіңіз.
Сіз басқалар байқамайтын факторларды байқай аласыз. Сіздің талантыңыз кез келген істе керек. Қауіпсіз әрі тиімді шешімдерді қалай қабылдайтыңызды түсіндіріңіз.
Басқалар сіздің сақтығыңызды қорқақтық немесе жігерсіздік деп қаламаса екен дейсіз. Сіз сақ әрі мұқият болған соң сенімді көрінесіз. Осы қабілеттеріңізді күрделі мәселелерде қолданыңыз. Сіз ессіз батылдықтан көрі салқын қанды сақтықты абзал көресіз.
Бір нәрсе ойдағыдай болмайды-ау деген күмәніңіз болса сол күмәнға иланыңыз.
Ешкім сізді толық ақтарылуға мәжбүрлемесін. Жеке ақпаратты айтпас бұрын адамды тексеріп алыңыз.
Command, self-assurance пен activator таланттары бар адаммен серіктес болыңыз. Сонда көптеген дұрыс шешімдер қабылдайсыз.
Шешім қабылдаған соң аяқтан тартатын негізсіз күдік сезімін басыңыз. Сіздің сақтығыңыз басқаларды үлкен қателіктен сақтай алады.
Бар деректі білмегенше ойыңызды айтпай тұрыңыз. Сіз бірден өзгерісті құшақ жая қарсы алатын адам емессіз.
Сіз сақ адам болған соң тез әрекет ететін адамдардың тежегіші сияқты қызмет етесіз. Ал Deliberative таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Мұндай адамды белсенді топқа қосқаныңыз абзал. Сонда сол ұжымға сабыр мен салқынқандылық бітеді.
Олар әр шешімді ақыл таразысынан өткізіп қабылдауға бейім болады. Ол адам терең ойлы болуы ықтимал.
Шешім қабылдамас бұрын оған қауіп-қатері бар жерлерді атап өтсін деңіз. Содан кейін барып қана ақырғы жоспарды бекітіңіз. Ол адамды өз ортаңызға тартыңыз.