Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет



бет18/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

DEVELOPER (Дамытушы)



Сіз басқа адамдардың әлеуетін көресіз. Көбіне тек соны ғана көресіз. Сізше ешқандай адам өзінің кемеліне жетпеген. Керісінше бәрі әрдайым дамып, түрлі мүмкіндікке қол созуы керек дейсіз. Сондықтан басқалар сізді жақсы көреді. Сіз басқалар жетістікке жетсе екен деген ниетпен араласасыз. Бәріне бір жаңа сынақ іздейсіз. Басқалар өсе алатындай жаңа жағдаяттар жасайсыз. Сонымен бірге сол дамудың бір белгілерін көргіңіз келіп тұрады. Сіз үшін басқалар байқай бермейтін осы кішігірім өзгерістер үлкен құбылыстың басы. Сондай өзгерісті көріп ішіңіздегі отыңыз жанады. Сізге күш береді және шаттық сыйлайды. Уақыт өте бәрі осы ниетіңізді байқап, сізбен ақылдасуға құмар болады.
Developer таланты бар жандар былай көрінеді:

  • С ханым: Мен тәрбиеші болып қызмет атқарамын. Маған балалардың әр кіші жетістігі шаттық сыйлайды. Кез келген адамның бойынан ашылмаған әлеуетті көрсем қарным ашады. Басқаларға көмектескім келеді. Өзімнің үлесіммен біреу азғантай жетістікке жетсе бақыттан басым көкке бір елі жетпей қалады.

Developer таланты бар жандарға кеңес:

  • Дамуы мен өсуіне жәрдемдескен адамдары-

ңыздың тізімін құраңыз. Тізімге қарап өзіңіздің
осы әлемге нендей ықпал еткеніңізді бағалаңыз.

  • Басқаның дамуы мен өсуіне көмектесуді қажет ететін қызмет іздеңіз. Коуч немесе трениң салалары сіздің оң жаңбасыңызға келеді.

  • Басқалардың жетістігін байқаңыз және оларға одан хабар беріңіз. Сіздің ішіңіздегі бір жалынды байқаған ұстазды табыңыз. Дамуыңызға көмектескен адамдарға алғыс айтыңыз.

  • Individualization таланты мықты адаммен серіктес болыңыз. Ол адам сізге басқалардың бойындағы алапат күшті көрсете алады.

  • Көмектескіңіз келетін адамдардың тізімін жасаңыз. Әрқайсының мықты тұсын белгілеңіз. Олардың дамуына көмектесіңіз. Ал Developer таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Мұндай адамды қолдап, өзіне деген сенімін арттырыңыз.

  • Қызметкерлеріңізді талқылайтын кезде осы адамды қасыңызға алыңыз.

  • Ол бәрінің еңбегін қуана бағалайды. Оның мақтауы шын жүректен шығады.

  • Ол басқалар байқай бермейтін ұсақ даму белгілерін жақсы көре алады. Сондықтан компанияның болашағын жоспарлағанда мұндай адаммен ақылдасқан абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет