Ал Command таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Мұндай адамнан ұйымдағы ақуал туралы сұраңыз. Ол сізге турасын айтады.
Command (Басқарушы)
Одан тың идея ала аласыз. Ол бәріне көніп, келісіп отыра беруі екіталай.
Жобаны жүргізу немесе адамдарды жұмсау керек болса сол кісіге тапсырыңыз.
Егер сөзіңізде нақты тұрмасаңыз ешқашан мұндай адамды үркітіп, қорқытуға тырыспаңыз.
COMMUNICATION (Араласу)
Cіз түсіндіргенді, сипаттағанды, көпшілік алдынды сөйлеуді және жазғанды жақсы көресіз. Communication таланты жұмысыңызда осылай көрінеді. Бәрі идеядан бастау алады. Сіз оны айтқыңыз келеді. Сіз сүреңсіз оқиғаның өзін керемет шытырман қылып айтып бере аласыз. Сіз өз әңгімеңізге назар аударғанын қалайсыз. Сондықтан көркем сөз бен суреттеуге құмарсыз. Сіздің әңгімеңіз басқаларға шабыт береді.
Communication таланты бар жандар былай көрінеді: А мырза: Мен бейтаныс адаммен әпсәтте-ақ сөйлесіп кете беремін. Маған баяндау, әңгіме айтқан ұнайды. Кейде сүреңсіз әңгіменің өзін қызық қылып айтамын. Басқалармен сөйлескеннен ләззат аламын. Әңгіме бастамас бұрын алдын ала дайындалуға мұқтаж емеспін.
Communication таланты бар жандарға кеңес:
Сіз әрдайым өзіңізге назар аудартуыңыз керек істе жетістікке жетесіз.
Білім беру, сату, маркетинг пен БАҚ саласындағы жұмысты байқап көріңіз. Сіздің communication талантыңыз осы салаларда жақсы нәтиже береді.
Communication (Араласу)
сөйлеп жаттығыңыз. Импровизацияның жақсы жері де бар. Десе де көбіне көрермен жақсы дайындалған әңгімені естігісі келеді. Егер мәнді нәрсе айтсаңыз талантыңыздың пайдасы көбірек. Ал сөзіңіз өтімдірек болады.
Сіз коуч, оратор ретінде таныла аласыз. Ал Communication таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Мұндай адам әңгімені жақсы өрбітеді. Оны клиентпен көсіліп сөйлесуі қажет отырыстарға шақырыңыз.
Ол адам өзі және өзіне ұнайтын нәрселер туралы айтқанды жақсы көреді.
Ол адаммен ұйымның қоғамдық шараларын да ақылдасыңыз. Олар шараны қызық қылатын бір жол табады.