Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


Қарым-қатынас құруға қатысты таланттар



бет40/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

Қарым-қатынас құруға қатысты таланттар
(RELATIONSHIP BUILDING)
Сіз осы сәтте өмір сүресіз. Сіз үшін болашақ бүгінгі шешіміңіздің жемісі. Сондықтан болашақ әрдайым түрленіп отырады. Бірақ бұл сізде жоспар жоқ деген сөз емес. Сізде жоспар бар. Бірақ сіздің бойыңыздағы бейімделгіштіктің арқасында жағдайға байланысты жоспарды түрлендіре аласыз. Сіз кенет шыққан шаруаға ренжімейсіз. Олар өмірдің ажырамас бір бөлігі екенін білесіз. Сіз оларды асыға күтесіз десек те болады. Сіз жағдай қандай болса да тиімді жұмыс істей аласыз.
Сіз әрдайым араласатын ортаңызды кеңейткіңіз келеді. Сол нәрсе сіздің өмірлік ұстанымыңыз. Сіз адамдарды біріктіріп, тартып бәрін бір топтың мүшесі қылсам дейсіз. Сонымен бірге тек шектеулі адамдармен араласатын топтармен араласқыңыз келмейді. Топқа барынша көп адам шақырғыңыз келеді. Сіз сырттағы адамдардың ішке сығалағанын жақтырмайсыз. Керісінше олардың өзін ішке тартсам дейсіз. Сіз өз тумысыңыздан ақкөңіл әрі сабырлы адамсыз. Сіз адамды ешқашан алаламайсыз. Сіз бәріміз бірміз деп білесіз. Сондықтан бәріміз бір топта болуымыз керек дейсіз.
Бәрінің бір себебі бар. Сіз соған имамдай сенесіз. Өйткені түптің түбінде бәріміз байланыстымыз. Біз қанша жерден тұлға болсақ та бәріміз бірге бір үлкен нәрсенің бөлігіміз. Сізге осы байланыс ұнайды. Демек біз бір үлкен нәрсенің бөлігі болсақ ешкімге және ештеңеге зиянымызды тигізбеуіміз керек деп ойлайсыз. Өйткені басқаға зиян еткен адам өзіне де зиян етеді деп білесіз. Осы жауапкершілік сіздің құндылығыңызды құрайды. Сіз қамқорсыз, ақжүрек әрі жанашырсыз. Сіз адамзаттың бәрін сүйесіз және мәдениеттердің арасын жалғайсыз. Сіз бұл әлемге шаттық сыйлайсыз.

Сізге әр адамның жеке өзіне тән қасиеттері қызық. Сіз жалпылап айтқанды жақтырмайсыз өйткені әр адамның мінез-құлқы мен ерекшелігі жеке аталып өтуі керек дейсіз. Сіз адамдардың айырмашылығын байқағанды жақсы көресіз. Сіз іштей әр адамның стиліне, мотивациясы мен қарым-қатынасына айрықша мән бересіз. Сіз кез келген адамның өмірі өзгеше бір керемет хикая деп білесіз. Сондықтан болар сіз әрдайым туған күн иесіне сыйлықты дөп таңдайсыз. Өйткені кім нені ұнататынын жақсы білесіз. Сіз Individualization таланты арқылы керемет команда құра аласыз. Басқалар жақсы ұжымның құпия кодын іздеп жүргенде сіз керемет команданың құпиясы адамдарды дұрыс таңдау екенін білесіз.
Сіз басқа адамдардың әлеуетін көресіз. Көбіне тек соны ғана көресіз. Сізше ешқандай адам өзінің кемеліне жетпеген. Керісінше бәрі әрдайым дамып, түрлі мүмкіндікке қол созуы керек дейсіз. Сондықтан басқалар сізді жақсы көреді. Сіз басқалар жетістікке жетсе екен деген ниетпен араласасыз. Бәріне бір жаңа сынақ іздейсіз. Басқалар өсе алатындай жаңа жағдаяттар жасайсыз. Сонымен бірге сол дамудың бір белгілерін көргіңіз келіп тұрады. Сіз үшін басқалар байқай бермейтін осы кішігірім өзгерістер үлкен құбылыстың басы. Сондай өзгерісті көріп ішіңіздегі отыңыз жанады. Сізге күш береді және шаттық сыйлайды. Уақыт өте бәрі осы ниетіңізді байқап, сізбен ақылдасуға құмар болады.
Сіз көп мақтау айтасыз, көп күлесіз және әр нәрсенің бір жақсылығын көресіз. Басқалар сізді жеңілтек деп ойлауы мүмкін. Ал тағы басқалары сіздей шаттанып күлсем деп армандайды. Қайткенменде адамдар сіздің қасыңызда болғанды жақсы көреді. Сіздің энергияңыз бен оптимизміңіз болмаса олардың өмірі сүреңсіз көрінеді. Сіз бәрінің еңсесін көтересіз. Сіз әр жобаны қызық етесіз. Әр жетістікті тойлайсыз. Бәрін қызығырақ әрі тартымдырақ етудің амалын табасыз. Сіз үшін өмір ғажап, жұмыс керемет, ал айналаңыздағы адамдар сый.

Сіз айналаңыздағы адамдардың эмоциясын сезесіз. Олардың сезімін өз өне бойыңыздан өткізесіз. Іштей әлемге олардың көзімен қарай аласыз. Олардың көзқарасын қолдамасаңыз да өзіңізді олардың орнына қойып көре аласыз. Бәрінің мәселесіне бірдей жаныңыз ашымауы мүмкін. Эмпатия деген жанашырлық емес. Сіз басқалардың таңдауын қолдамайсыз, бірақ олардың таңдауын түсінесіз. Түйсікпен түйсінудің бұл түрі өте күшті. Сіз айтылмаған сөздерді естіп қоясыз. Сіз әркімнің қажетін білесіз. Басқалар не айтарын білмеген кезде қажет сөзді тауып айтасыз. Адамдардың ақтарылуына көмектесесіз. Эмоцияларын көрсетуіне жәрдемдесесіз. Сондықтан бәрі сізбен араласқысы келеді.
Relator таланты сіздің айналадағы адамдармен қарым-қатынасыңызға қатысты. Яғни сіз айналаңыздағы адамдармен араңызды жақсартуға тырысасыз. Сіз бейтаныс адамдардан қашасыз деуге келмейді. Десе де сіз өзіңіз танитын, жақын адамдарыңыздың арасында өзіңізді жайлы сезінесіз. Сізге сол жақындық ұнайды. Сіз бір танысып алған соң қарым-қатынасты нығайтуға тырысасыз. Олардың сезімін, мақсатын, қорқынышы мен арманын түсінгіңіз келеді. Сонымен бірге олар да сізді түсінсе дейсіз. Сізге тек шынайы қарым-қатынас қана маңызды. Ал шынайылық үшін ашықтық керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет