Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет



бет38/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

ҚОРЫТЫНДЫ ОЙ


Талантты тану мен өзіңді білудің маңызы зор. Талант табиғат бойымызға дарытқан бейімділік. Сондықтан онымен санаспасақ, оны ескермесек болмайды. Десе де талантпен қатар құндылық деген дүниені ұмытпауымыз керек. Өйткені бір таланттар жиынтығымен ең ізгі адам болуға да болады, сол бір жиынтықпен ең жексұрын адам болады. Адам болған соң бойымызға дұрыс құндылық сіңіруіміз шарт.

Тестті тапсырған соң “ааа, бопты” деп талантыңызды көріп қоя салмаңыз. Өйткені “талант” деген сөз “мықты тұс” деген сөз емес. Талантыңыз болса да әлсіз болуыңыз мүмкін. Сол себепті әрдайым өзіңізді дамытып, талантыңызды шыңдаңыз. Талантын таныған адам бақытты адам. Бәлкім миллиардтар таппай сандалған бақыт талантыңыздың түбінде жатқан шығар. Сіз кез келген таланттар жиынтығы мен кез келген істің маманы бола аласыз. Сол үшін бірден асығыс шешім қабылдап мамандығыңызды ауыстырып, оқуды тастап, жұмыстан шығып жүрмеңіз.
Бұл кітап өзіңізді тануыңызға көмектессе, бір пайдаңызға жараған болса @shrazadddin инста-парақшасына өз оқиғаңыз бен пікіріңізді жаза аласыз.

Әрекет етуге қатысты таланттар (EXECUTING)


Егер сізде Achiever таланты болса сіз әрдайым алға ұмтылып тұрасыз. Сіз қозғалыссыз өмір сүре алмайсыз. Әрдайым әр күн жаңа сынақ деп қабылдайсыз. Күніңіз нәтижесіз өтсе, өзіңізге көңіліңіз толмайды. Жұмыс күнін, демалыс күнін және мереке күнін де өнімді өткізгіңіз келеді. Демалысқа қанша лайық болсаңыз да, егер күніңіз титтей болсын жетістіксіз өтсе мазаңыз қашады. Ішіңізде от жанып тұрады. Сол сізді көбірек нәрсе істеп, көбірек жетістікке жетуге итермелейді. Әр жетістіктен кейін кеудеңіздегі от азаяды. Бірақ көп ұзамай жаңа бір межені көріп қайта лаулап жанады. Кейде мұндай тынымсыз ұмтылыс мәнсіз болуы мүмкін. Нақты бір мақсаты болмауы да мүмкін. Achiever болсаңыз ішіңіздегі тынымсыздыққа үйренісуіңіз керек. Оның артықшылығы да бар. Ол сізге жұмысқа қажет энергия береді. Әрдайым жаңа сынақ пен мәселе шыққанда, осы талантыңызға арқа сүйей аласыз. Бұл талант сізді әрдайым алға итермелеп тұрады.
Cіз ұйымдастырушысыз. Қиын жағдайға тап болғанда сізге бәрін бақылап, басқарған ұнайды. Сіз үшін оның бәрі қалыпты жағдай. Сіз тек мақсатқа жетудің ең жақсы жолын табуға тырысасыз. Басқалар ойламаған жағдайға тап болса салы суға кетеді. Бірақ сіз сондай тосын іске бел шеше кірісіп, барынша ұтымды әрекет етуге тырысасыз.
Сіздің Belief талантыңыз мықты болса онда қандайда бір құндылық немесе сенімге берік бола аласыз. Әркімнің құндылығы мен сенімі әрқалай. Бірақ сіздің құндылығыңыз бен сеніміңіз өміріңіздің бар саласына әсер етеді. Ол сіздің әрекетіңізге ықпал етеді. Ол сіздің өміріңізге мән береді. Сіз үшін жетістік тек ақша мен абырой емес. Олар сізге бағыт беріп, мотивация болады. Достарыңыз сізге арқа сүйейді. Сіз Belief талантының арқасында сенгіш келесіз. Сізге жұмысыңыз мәнді болуы керек. Сіз өз сеніміңізге сай өмір сүргіңіз келеді.
Сіз бұл әлемде бәрі айқын болса дейсіз. Бәрі ретті әрі жоспарлы болса. Сондықтан бейсана түрде өз өміріңізді белгілі бір құрылымға саласыз. Әрекетіңізді бір жөнге келтіресіз. Сіз мерзім мен жоспарға қатты бағынасыз. Ұзақмерзімді жобаларды көп кішкентай қадамдарға бөлесіз. Сіз ұқыпты болмасаңыз да нақтылықты жақсы көресіз. Өмірдің тосынсыйларына тап болғанда бәрін бақылауда ұстағыңыз келеді. Discipline таланты әлсіз адамдар сіздің тәртіпке деген құмарлығыңызды жақтырмауы мүмкін. Бәрі сіз сияқты емес екенін түсініңіз. Олар сіз ұсынатындай құрылымның қажет екенін түсінсін. Сіздің тосынсый мен қателік секілді нәрсені жақтырмайтыныңызды адамдарды тығырыққа тірейтін бақылау түрі деп қабылдамауы керек. Керісінше бұл сіздің өмірдегі алаңдатушы факторларға мән бермей ұдайы алға жылжуға деген ұмтылысыңыздан шығатынын көрсетіңіз.

Сіз “мен қайда бара жатырмын?” деген сұрақты өзіңізге жиі қоясыз. Сіз бұл сұрақты күн сайын сұрайсыз. Сіздің Focus талантыңыз күшті болған соң, нақты айқын мақсатыңыз болуы керек. Ал егер ондай мақсатыңыз болмаса жұмыс пен өмірден тез шаршап кетесіз. Сондықтан сіз әр жыл, әр ай мен апта сайын адыңызға мақсат қоясыз. Сол мақсат сізге компас ретінде қызмет етеді. Соның арқасында бағытыңыздан адаспайсыз. Focus талантының арқасында қажет емес істен аулақ боласыз. Әр әрекетті мақсатыңызға сай немесе сай емес деп бағалайсыз. Мақсатыңызға жақындатпайтын әрекеттен арыласыз. Нәтижесінде зейініңіздің арқасында тиімдірек жұмыс істейсіз. Бірақ оның жаман жағы да бар. Сіз кез келген кедергі мен кідірісті қабылдамайтын боласыз. Сондықтан әр командаға ауадай қажет адамсыз. Басқалар көрші ауылда адасып жүргенде сіз оларды негізгі мақсатқа бағыттайсыз. Сіздің зейініңіз алға жылжуға көмектеспейтін нәрсенің бәрі бос екенін еске салады. Ал бос нәрсеге уақыт құртудың еш қажеті жоқ қой. Сіз белгіленген бағытта жүруге көмектесесіз.
Сіз әр айтқан сөзіңіз үшін мойныңызға жауапкершілік аласыз. Сіздің абыройыңыз соған байланысты. Ал егер қандайда бір жағдайда айтқаныңызды істей алмай қалсаңыз бірден айыбыңызды жуып шаюдың жолын іздейсіз. Бәрін реттегенше тыным таба алмайсыз. Сіздің сондай жауапты екеніңізді бәрі біледі. Сол нәрсе сізге елден ерек абырой береді. Басқалар жаңа міндет жүктерде ең алдымен сізге сенім артады. Кейде тым көп жауапкершілік алып қоюыңыз мүмкін. Сондықтан ең алдымен ол нәрсе сізге керек пе екені туралы ойланып алыңыз.
Сізге тепе-теңдік маңызды. Сіз бәрі бірдей болса дейсіз. Сіз үшін барша адамзат бір тәртіпке бағынуы керек. Әйтпесе әлем бейберекет болады. Сіз бәрі тең әрі бір болса дейсіз. Бәрі қаласа бақытқа жете алатын қоғамда өмір сүргіңіз келеді. Бәрінің бір реті мен тәртібі болса дейсіз. Сонымен бірге сол ережелерге сай өмір сүргіңіз келеді. Сіз бұл өмірде барша адамзат тең құқықты болуы керек.
Сіз мәселе шешкенді жақсы көресіз. Басқалар бір нәрсе жөнді болмай қалса сасып қалып жатады. Ал сіз сол мәселені шешкенді жақсы көресіз. Сізге себебін талдап, шешімін табуыңыз қажет күрделі мәселелер ұнайды. Бәлкім осыған дейін күрмеуін шешкен таныс мәселелерді қайта шешуді ұнатуыңыз да мүмкін. Ол болмаса күрделі және тың қиындыққа тап болғанда делебеңіз қозуы мүмкін. Мұның бәрі сіздің басқа бейімділіктеріңізге байланысты. Бірақ сізге жөндеген және қайта жасаған ұнайтыны сөзсіз. Сіз іштей сіз болмасаңыз ол нәрсе дұрыс қызмет атқара алмайтынын біліп тұрасыз. Бәрін жөндеп, қайта дұрыстайсыз.

Сіз сақсыз. Әрдайым аяғыңызды аңдап басасыз. Бөгде адамды өміріңізге араластырмайсыз. Сіз бұл өмірде бәрі мүмкін екенін білесіз. Бәрі тек сырт көзге ғана жақсы болып көрінуі мүмкін. Егер терең үңілсе қатер мен қауіп толып тұрғанына кәміл сенімдісіз. Сіз оларды жылы жауып қоюдың орнына әр қайсын жеке жеке алып қарайсыз. Сіз өмірге сақтана қарайтын салмақты кісісіз. Мәселен ықтимал мәселені алдын ала болжап қойғанды жақсы көресіз. Досты мұқият таңдайсыз және жеке мәселені ашып айтпайсыз. Мақтау мен алғысты асырып айтсам басқаша түсініп қалар деп қорқасыз. Тұйықтығыңызды жақтырмайтын адамдарға бас ауыртпайсыз. Өмір сіз үшін жарыс емес. Ол сіз үшін мина толған алаң. Басқалар оны ойына келгенше басып жүгіруі мүмкін. Бірақ сіз әр қадамды аңдап басасыз. Сіз бәрін елеп-ескеріп әрекет етесіз. Сақтанғанды Құдай сақтайды деген ұстанымды берік ұстанасыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет