Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет178/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

МЕТАЛҚАН ЖҰРТ – қыстау, Жамбыл а.о. Металқан атты адамның 
отырған жұрты. Антропотопоним. М.: Бұғы баққан жер[149].
 
МЕТРЕЙ – ж.а. Жамбыл а.о. Антропотопоним[120].
МИШЕХИНА – ж.а. Солдатова а.о. антропотопоним, қазақ жеріне 
көшіп келген қоныстанушы орыс мұжықтары мен атамандарының 
фамилия, есімдерінен қойылған ороним. М.: Әйел адамның тегіне 
байланысты қойылған атау[127].
МОЙНАҚ – ж.а. Катонқарағай а.о. «Мойын» анатомиялық термині 
мен «-ақ» кішірейткіш мәнді жұрнақ арқылы қалыптасқан атау. Мойынға 
ұқсатып, тамсанудан туындаған атау деп бағамдаймыз (мойын-ақ!) [132].
МОЙЫЛДЫ – ауыл, Катонқарағай а.о. Мойыл ағашының мол болуы 
ойконим атауына негіз болған. Мойыл. з а т. ө с. 
1. Діңі мен бұталары 
қара сұр түсті, қабықты, жұпар иісті, ақ гүлі бар, қара жемісті ағаш 
[53,259 б.]. М.: Мойылды ауылын басып өтіп, Ақтомардың асуымен 
Репный елді мекеніне түсіп кеттік[ 9, 96 б.]. М2.: «Жаңа үлгі» мен 
«Мойылдының» арасы ел көшіп қонатын жер. Аңғарында Бұқтырма 
жатыр [170,34б.].
МОЙЫЛДЫ – е.м. Катонқарағай а.о. Бұқтырма мен Мойылды 
өзендерінің құйғанында, айналасы таулы-томпақты сілемдер, жазықта 
орналасқан. Ұжымдастыру кезінде Степан Халтурин колхозы, 4-ші 


196
ауыл (Алтай совхозының 4- ші бөлімшісі), Каменка, Мойылды атанған, 
дәуірлеген ССРО кезінде 90 үйлі, қазір 10-15 үйлі елді мекен, әкімдік, 
кітапхана, орманшы, 8 жылдық мектеп жүйесі жойылған. Бұқтырма 
өзенінің оң жағалауында, Мойылды өзенінің сол жағалауында, айналасы 
тау сілемдері арасындағы жазықта орналасқан. Мойыл, долана, қарақат, 
қызылқарақат, таңқурай, шырша, қарағай, қайың, терек, көктерек, 
көкбояу, мүкжидек, көкжидек, итбүлдірген, итмұрын, тау сарымсақ, 
қайыңбүлдірген, тау күлі, қараған, акация, эдельвейс, көкнәр, қызғалдақ, 
сарғалдақ, шиегүл, қарандыз, марал, алтын тамыр, женшен тб. өседі. 
Теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қар басқан[99].
МОЙЫЛДЫСАЙ – сай, Катонқарағай ауд. Сайда мойыл ағашының 
мол болуы топоним атауына негіз болған. М.: Айтпақшы, бүгін 
түсімде Мойылдысайды көрдім. Өзің айта беретін әлгі Бұқтырманың 
жағасындағы Мойылдысай ше... Сайдың ішінде сарқырап өзен ағып 
жатыр екен деймін. Сен өзен жағасындағы бір түп мойылдың 
уылжыған қап-қара жемісін ат үстінен үзіп жеп тұр екенсің [11,314б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет