195
жайлауы болған. Кезінде бұл елге Құнанбай келген деген сөз бар[145].
М.:
Көкала-Айғыр, Мәметек, Сартепсенім, Көз тоймайды көркіңе
көрген сайын. [42,21б.].
МӘРИЯ – ж.а. Катонқарағай а.о. антропотопоним, М.:
Мәрия,
Мықан-Жақан, Самырсын-бұлақ учаскелерінен шөп дайындап,
жылқышылардың өздері қыс бойы қораға тасымалдап, мал
бағатын[23,84б.].
МЕДВЕЖИЙ – сай, Новохайрузовка а.о. орыс тілінен енген
топонимдік атау,
бұл жерде аюдың болуы жер атауына негіз болғанға
ұқсайды[144].
МЕКТЕПХАНАНЫҢ ҚОРАСЫ - ж.а. Өрел а.о. Кеңес дәуірінде
қалыптасқан атау. Х.: Өрелге кіре беріс тұста [131].
МЕРГЕН – тау, Өрел а.о. ороним, Жергілікті тұрғындардың
айтуынша, бір аңшының өнерінің құрметіне орай, сол аңшылық еткен
мекенге қойылған атау.
М.: Бөлектаудан кейін тұр. Шын – өтірігін
білмедім, бір мерген адам болған дейді. Тауешкілерді алыстан атып,
аулаған екен[100].
МЕРГЕН – шоқы Аңшылық кәсіпке байланысты қойылған атау[100].
Достарыңызбен бөлісу: