Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет174/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

МАРАЛДЫ – ауыл, Жамбыл а.о. «Марал» зат есіміне «-ды» 
топоформанты жалғануы арқылы түзілген ойконимдік атау, «-ды» - 
жұрнағы осы елді мекенде маралдың бар екендігін білдіру мақсатында 
жұмсалып тұр. Жергілікті тұрғындар маралды қолда өсірген, осы кәсіпке 
байланысты түзілген атау. М.: Маралды -ауылы болған. Ол жерде қазір 
марал ұстайды. Қазір марал шаруашылығы[105]. М.: Ғасырлар бойы 
балқарағай жаңғағы жергілікті халықтың жеңсік тамағының бірі 


192
саналып келеді. Шұбарағаш, Маралды, Бекалқа секілді орман ішінде 
тұрған ауылдарға қазір де бара қалсаңыз - қыс болсын, жаз болсын, 
алдыңызға қуырылған балқарағай жаңғағын тартады. Тіл үйірер 
майлы жаңғақ бұл жақты пантокрин, бал, ірімшік пен құрт сияқты 
елдің дәмі саналады[9,96 б.].
МАРАЛДЫ – ж.а. Аққайнар а.о. Бұл елді мекенде маралды қолда 
ұстаған. Топонимдік атауға осы кәсіп негіз болған. М.: Маралдар 
ұстаған. [
152].
МАРАЛДЫКӨЛ – көл. Ақсу а.о. Маралдар көп мекендеген 
көл. «Марал» зат есімі мен «көл» зат есімінің «-ды» топоформанты 
көмегімен бірігуінен түзілген гидроним атауы. 
Марал зат. Айналасы 
табиғи не жасанды түрде тұйықталған, дөңгелек не сопақша біткен су 
айдыны[50,235б.]. М1.: Маралды көлден басталады. Маралды Көл қар 
суы мен жаңбырдан жиналған тастай суық тұщы көл [170,49б.]. М2.: 
Марал (зат есім)+дың (нөлдік формадағы ілік септік жалғауы)+көл (зат 
есім)+і (тәуелдік жалғауы) формалары арқылы жасалған, изафеттік 
қатынаста тұрған атау. Мағынасы «Маралы көп, маралдар мекені 
болған көл» дегенді білдіреді[166,154б.]. М3.: Анау Маралдыкөлдің 
жиегіндегі көкорайға аттарын тұсап қойып, өздері салға мініп, балық 
ұстап тұрған қойшылар өмірі мені аса қызықтырғандай еді[18,256 б.].
МАРАЛИХА – өзен, Катонқарағай ауд. Зоотопоним. Бұл 
топонимдік атаудың қалыптасуына да осы өңірде маралдардың көп 
болуы негіз болған. Орыс қоныстанушыларларының өз тілдеріне 
икемдеп қалыптастырған гидронимдік атау. Маралиха гидронимінің 
құрамындағы орыс тілінен енген –их(а) суффиксін ғалым Б.Н.Бияров 
өз зерттеулерінде гидроним құрамында жиі кездесетін топоформант 
ретінде көрсетеді: «Бұл суффиксті арнайы зерттеген Н.А. Смирнова –
их(а) форманты Россияның солтүстік губернияларында мол болғанын, 
оны Алтайға старообрядшылар (кержактар) алып келгенін жазады» 
[176]. М.: Колхоз шаруашылығында жұмыс істеген кезде Алтай 
тауының аржағындағы «Маралиха» өзенінің суын Үштөбе ауылына 
дейін, «Ақтүйенің» суын Новоберезовкадан Теректі суына әкеп қосу 
арқылы, еңіс мөлшерінің есебінен Теректі суының бойына 6 фрегат 
салынып, ешқандай шығынсыз жұмыс істеп тұрды[89,12б.].
МАРАЛКӨЛ – көл, Жамбыл а.о. Бірінші компоненті «марал» 
сөзін құрайтын топонимдік атаулардың пайда болуына сол жерлерді 
маралдардың көп мекендеуінен бөлек, қазақ халқының жануардың осы 
түрін ерекше бағалап, құрметтеуі де себеп болған [120]. М.: Өскелеңнің 


193
үстіне шыққанда Маралкөл айналасы жап-жалаңаш болып, тура 
аяғымыздың астында мөлдіреп жатты[18, 256 б.]. 
МАРАЛҚАШҚАН – ж.а. Аққайнар а.о. «Марал» зат есімі мен 
«қаш» түбір етістігіне «қан» жұрнағының (есімше) жалғануы арқылы 
түзілген атау. Мұндағы «-қан» есімше жұрнағы топонимжасамда 
белсенді, қимыл-әрекетті білдіру мақсатында жұмсалып тұр. Жергілікті 
тұрғындардың айтуынша, бұл жердегі жоталар маралдардың көш жолы 
болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет