197
МУРАВЕЙ – совхоз, Солдатова а.о. Орыс тілінен енген атау. Совхоз,
колхоздар құрылып, көптеген елдi мекен, қоныс, өзен, көл атаулары
орыс тілінде қойылып, орыс тiлдi топонимдер жүйесi пайда болған.
М.: Солдатова жерінде болған совхоз атауы [195].
МҰЗБЕЛ – тау, Өрел а.о. Мұзды асу. 1.
Бел геогр. Жонда, қырда,
жалда, адырда болатын жадағай кең асу [45,231б.];[154]. М1.:
«Жаз
жайлауым Қарасаз, Мұзбел, Татан...»[41,224б.]. М2.:
Алатай
тұсындағы Мұзбел деп аталатын таудың қуысына қашып кіріп
кеткен[23,36б.]. М3.:
Есін қайта жиған кезде өзіне түнере төнген үш
айыр шыңды көрді. Дара...Мұзбелдің ең биік шыңы осы. Оның ортадағы
зеңгір басының бір жақ шекесінен сыңар мүйізденіп ай шығып келеді
екен[11,12б.]. М4.:
Шілденің қоңыр салқын мақпал түні Мұзбелдің
сойдақ-сойдақ ит азу шыңдарына жаңа ғана ит бауыр басқан шақ.
Әлгінде құз жартастардың арасында сыпсың-сыпсың етіп, бұлғақ
қаққан жібек жел де қазір сап тыйылған [11,11б.].
МҰЗДЫБҰЛАҚ – бұлақ, Өрел а.о. Гидронимнің табиғи ерекшелігіне
орай қойылған топонимдік атау. Атаудың бірінші компоненті бұлақ
суына анықтауыш ретінде жұмсалып тұр. Судың мұздай суықтығынан
ақпарат беретін топонимдік атау.
М.: Суы суық, тау басынан бастауын
алғандықтан Мұздыбұлақ аталуы керек[119].
МҰЗДЫБҰЛАҚ – ж.а. Өрел а.о. Жер атауына Мұздыбұлақ
гидронимі негіз болған.
М.: Мұздыбұлақ бұлақ ағып өткеннен кейін,
жерінде Мұздыбұлақ атаған[119].
Достарыңызбен бөлісу: