ӨРГІҚАНАЙ - тау, шабындық, Катонқарағай а.о. Төменгіқанайға
қарағанда өрге қарай орналасқан жер. М.: Жаңаүлгілік [99].
ӨРЕЛ – ауыл, Катонқарағай а.о. Өрел – е.м. ШҚО, Катонқарағай
ауд. Өрел – «өрдегі ел» түрінде халықтық этимология бойынша
картаға түскен атау. Жергілікті тұрғындар Үріл тұлғасын қолданады.
Бұл моңғ. уруул «ерін» сөзінен жасалған топоним. Елді мекен дәл екі
ерін арасы тәрізді сайда орналасқан. Монғ. уруул «ерін» қаз. үрлеу
(ерін арқылы) етістігінен алыс тұрған жоқ[16,141б.], М1.: Урель – моңғол тілінен енуі мүмкін. Аудармасы – долана. Ауыл жаны қалың долана болғандықтан болуы мүмкін[106]. М2.: Бірінші ауыл- Жазатыр [Жазық отыр] деген ауыл. Қазақ ұқсастыра отырып, Бергел [Бері кел] , Өрел [өр де тұр] деп атауы мүмкін[98]. М1.: В 1872-1873 гг. в пределах «южной окраины Семипалатинской области» появились поселения «Урульский, Кендерлыкский», а в 1875 году – «Чистый Яр и Баты»[167,349 б.]. М2.: В конце декабря (1919 года) полк вступил в бой с белыми в районе села Урыль и села Берели[167,128б.]. М3.: Аршаты, Берел, Жамбыл, Өрелімді Білмеймін енді қашан көрерімді[42,75б.].
М4.: Жарықтық ағасы Дайынбол да ақ көңіл, жұмыскер азамат еді. Кейіннен «Черново», «Жмбыл», Өрел совхоздарында инженер болып қызмет атқарды[89,44б.]. М5.: Өрел ауылына жақын жерде және Катонқарағайда халық жаулары атылған жерлер бар екенін жергілікті тұрғындар жақсы біледі[3,84б.]. М6.: - Бұл Өрел ауылы қазақтың нелер бір жақсысы мен жайсаңы келген текті жер [7,103б.]. М7.: Өр (зат есім) +ел (зат есім) сөздерінен біріккен атау делініп жүр. Шындығында жергілікті тұрғындар бұл ауылды ежелден Үріл деп атайды. Ол монғ. Уруул «ерін» деген сөзінен жасалған. Ауыл үйлері екі еріннің арасы сияқты тар сайға орналасқандықтан солай атаған. Аудандық газеттің қызметкерлері «өрдегі ел» деген қате пікірге сүйеніп, 1970 жылдары Өрел деп өзгертіп жазған. Тарихи Үріл атауын қайтарып берсе де болады [15].
ӨРНЕК – ауыл. Белқарағай а.о. Жердің түр-сипатына, географиялық
ерекшелігіне байланысты қалыптасқан ойконим атауы. М.: Бұрыннан келе жатқан қазақ ауылы[103]. М1.: Раисовтың зайыбы Қатондық, Өрнек ауылының тумасы Күләш апай өте төркіншіл, бауырмал, намыскер, қаншыл адам еді[40,182б.]. М2.:
1921 жылы Өрнек
212
ауылында бастауыш мектеп ашылды. Мұндағы мешіт үйі мектепке берілді[3,45б.].
ӨРНЕК – бұлақ, Өрел а.о. Георграфиялық орны мен ұқсатудан
туындаған гидроним атауы. М1.: Өрнектен ағатын қайнар су[119].
Х2.: Шақыдан кейінгі жер – Өрнек[100].