Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет192/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

 .
ОШЫБАЙ - ж.а. Қатонқарағай а.о. Антропотопоним, М.: Шабындық 
атауы[148].
ӨГІЗСЫЙМАС – ж.а. Катонқарағай а.о. Жолдың тарлығына 
байланысты қойылған атау. М.: Жайлауға барар жолды Өгізсыймас деп 
атаған. Соған байланысты сол өлкені де Өгізсыймас атап кеткен[157].
ӨГІЗСЫЙМАС – жол, Катонқарағай а.о. М.: Бір жағы өзен, бір 
жағы құз болған. Жолдың тар болғанына байланысты, Өгізсыймас 
аталып кеткен.
ӨГІЗСЫЙМАС – қалың тоғай, Өрел а.о.. Тоғайдың тығыздығына 
байланысты қойылған топонимдік атау. М.: Күртіден кейін орналасқан. 
Қалың ну тоғай болғандықтан, жүріп өту қиын болу керек. Жүк - 
қоржындарын соғып өткен[100].
ӨГІЗСЫЙМАСТЫҢ ДАРАСЫ – дара, Өрел а.о. Географиялық 
орнына байланысты қойылған атау, аталмыш дараның атауына 
Өгізсыймас тоғайы негіз болса керек. М.: Өгізсыймастан кейін тұрған 
дара[100].
ӨГІЗТАУ – тау, Солдатова а.о. Географиялық нысанның көлеміне 
орай қойылған атау, дөңкиген өгізге ұқсаған табиғи нысан болуы мүмкін. 
М.: Солдатова ауылының ең биік тауы[128].
ӨНДІР БҮЙРЕК – ж.а. Өрел а.о. Бүйрек – ең алдымен, анатомиялық 
термин.Сыртқа тұлғалық ұқсастығына байланысты, қатар тұрған екі 
төбе топонимдік атауға негіз болған болуы мүмкін. М.: Қоскөпірден 
кейін тұр. [100].
ӨР АЛТАЙ – ж.а. Катонқарағай ауд. Жер атауына «Өр Алтай» 
оронимі негіз болған. М1.: Өр Алтайым, Жерұйығым, жазирам, 
Арқадан кеп босағаңа бас ұрдым [42,6б.]. М2.: Ал, сендер айтып жүрген 
Өр АЛтай күңгейде, сонау Шыңжаңда [40,104б.]. 


211
ӨР АЛТАЙ – тау, Жамбыл а.о. Өр және Алтай сөздерінің тіркесуі 
арқылы қалыптасқан атау. Алтай тауларының ұлылығын, қасиеттілігін 
сипаттау мақсатында метафоралық әдіс негізінде қалыптасқан атау[120].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет