214
отырғызып, бауырына салған. Бұл аңғардың бұрынғы аты Сүндетсай,
Пешүй деген селоның аты да содан қалған[171]. М3.:
Мағынасы: «Пеш-
үй» немесе «жаяу соқпақ» болуы мүмкін. [166,159б.].
ПОДБЕРЕЗКА– қыстау, Маланарым а.о. осы өңірге қоныстанған
орыс тұрғындардың жердің табиғи ерекшелігіне қарай қойған орыс
тіліндегі топонимдік атау[123].
ПОДКАМЕНУХА– ж.а. Солдатова а.о. осы өңірге қоныстанған
орыс тұрғындардың жердің табиғи ерекшелігіне қарай қойған орыс
тіліндегі топонимдік атау[128].
ПОП ҚУЫСЫ- ж.а. Қатонқарағай а.о. орыс ұлтының дінімен
байланысты қалыптасқан атау болуы мүмкін. Ғалымдар отаршылдық
мазмұндағы атаулардың сипатына тоқтала келе, оларды бірнеше топқа
бөліп қарастырады, соның ішінде осы атауға сай келетін сипаты
бойынша топоним атауы христиан дінің уағыздайтын діни мейрамдар,
әулиелер атауларынан т.с.с. қойылған[36,35б.].
М.: Ол жерде орыс
отырған. Бұғы ұстаған[148].
ПОПЕРЕЧНЫЙ – қыстау, жоғарғы жағы, Солоновка а.о. осы өңірге
қоныстанған орыс тұрғындардың жердің табиғи ерекшелігіне қарай
қойған орыс тіліндегі топонимдік атау[123].
ПОПЕРЕЧНЫЙ – өзен, Солдатова а.о. осы өңірге қоныстанған
орыс тұрғындардың өзеннің бір ерекшелігіне қарай қойған атауы ,
М.:
Төменгі Березовкаға қосылады. Кейін Нарынға қосылады [128].
Достарыңызбен бөлісу: