Катон-Верстка-01. indd


ОРАҚБАЙ –ж.а. Өрел а.о. Антропотопоним, М.: Орақбай жұрты  тұрған. Орақбай Есімнің баласы[119]. ОРАЛБАЙ ЖҰРТЫ



Pdf көрінісі
бет190/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ОРАҚБАЙ –ж.а. Өрел а.о. Антропотопоним, М.: Орақбай жұрты 
тұрған. Орақбай Есімнің баласы[119].
ОРАЛБАЙ ЖҰРТЫ – ж.а. Өрел а.о. антропотопоним, кісі есіміне 
қатысты берілген атау. М.: Күртіде тұрған Оралбай деген жұрт 
атауымен аталып кеткен[100].
ОРАЛМА – жол, Алтынбел а.о. Бұрылма жол, жолдың географиялық 
ерекшелігі атауға негіз болып тұр. 
ОРАЛМА сын. Алыстан айналатын, 
бұрылма[53,785 б.]. М.: Тауға шығар жол айналмалы болғандықтан, 
Оралма аталған[137].
ОРАЛМА – ж.а. Өрел а.о. Х1.: Жол оралмалы болғандықтан, Оралма 
аталуы керек[100]. М1.: Жердің ыңғайына байланысты қойылған 
атау[118]. 
ОРАЛМА – ж.а. Катонқарағай а.о. Х.: Ботаөлгеннен жоғары 
өрлегенде. Жолы оралмалы түрде келген[98].
ОРАЛХАН – ауыл, Катонқарағай а.о. антропотопоним, танымал 
жазушы, сол өңірдің тумасы Оралхан Бөкейдің құрметіне қойылған 
атау. М.: Енсіз Бұқтырма еденге түсіп қалған жалғыз тал қылшықтай, 
жағасында құмырсқаның илеуіндей бір шоғыр қарауытады – 
Оралханның ауылы, әріден санасақ Әбдікәрім болыстың ордасы, бүгінгі 
Шыңғыстай, кешегі Шәңгіштай[170,28б.].
ОРАЛХАН ШАПҚАН – шабындық, Өрел а.о.. Оралхан ойконимі 
негіз болған деп есептейміз. М.: Бұқтырманың сол жағында тұрған 
шабындық жер[
100].
ОРТАҚАРАУЫЛ – тау, Белқарағай а.о. Жергілікті тұрғындардың 
айтуынша, таудың басына шығып, айналаны қарауылдаған. Нақты іс-
әрекетке негізделіп туындаған ороним атауы[164].
ОРТАҚОНҚАЙ – тау, Үлкен Нарын а.о. Тау жүйесінен бөлініп 
қалған жеке тұрған тау. «Катонқарағай ауданында кездесетін Қоңқай, 


209
Бала Қоңқай, Үлкен Қоңқай, Қоңқайбаз тауларының бәрі де жалпы 
тау жүйесінен бөлініп қалған, жеке тұрған таулар болып табылады 
[16,140б.], М.: Көкбастау және Бөлектас тауының ортасында 
орналасқан[143].
ОРТАҚОҢҚАЙ – төбе, Үлкен Нарын а.о. Қоңқай тауынан 
бөлініп, жеке тұрған төбе. М: Бас Қоңқайдан төменірек жерді осылай 
атаған[153].
ОРТАШҮМЕК – телім, Катонқарағай а.о. «Шүмек» сөзі 
Катонқарағайда топонимжасамда өте жиі қолданылатын атау. Көлге 
құятын, болмаса сулардың көлге жақын тұсын шүмек деп атаған. 
М.: Өлкетанушы Г.А. Щербик Бұқтырма мен Нарын өзендерінің 
бойында тұрып жатқан наймандардың көш жолының сонау есте 
жоқ ерте замандардан бертінге дейін жүздеген жылдар бойына 
сақталып келгенін айта келіп, мынадай мысал келтіреді: XIX 
ғасырдағы Шыңғыстай болысына қарасты Әбдіразақ Ережеповтің 
қыс қыстауы – Бұқтырманың сол жағындағы Қараөткел телімінде. 
Ережепов қыстаудан жыл сайын маусымның басында қозғаалған. 
Алдымен Бұқтырмадан өтіп, «Шұбарағашқа» жетіп тоқтаған, 
бұл – қыстаудан 15 шақырымдай жерде. Онда 15 күн отырып, 
екінші жұртқа көшкен. Онда он күндей отырып, осы арадан 
12 шақырым жердегі «Қаражырық» теліміне барып қонған. 
Осы Қаражырықта да 10-12 күн отырған. Төртінші аялдама – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет