Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет191/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   305
Марал көлінің жанындағы «Жалқарағайды» жайлаған, бұл - 25 
шақырымдай жерде. Тамыз айында қайтадан дәл осы жолмен, 
дәл осы ретпен қыстауға бет алған. «Орта шүмекте» 10-12 күн 
отырған. «Қаражырықта» 3 апта болып, қыркүйектің аяғында 
қыстауға оралып отырған[9,96 б.].
ОТЫКЕН – жота, Өрел а.о. 1- н.: ӨТҮКЕН/ Отыкен - жер, күллі түркі 
халқының алтын бесігі саналатын киелі, қасиетті мекені болған жер. 
«Өтүкен» атауының тарихы, нақты орналасқан жері туралы деректер 
көп, ол туралы әр ғалым әртүрлі пікір айтқан. Ескі Түрік жұртында 
Өтүкеннің аты, әсіресе оның орналасқан жері туралы көп айтылған. 
Өтүкен атауы төмендегі жазбаларда кездеседі: Köl Tigin, Bilge Kağan, 
Tonyukuk, Şine Usu, Terhin, Hoyto-Tamir.Бүгінгі күні моңғол жазба 
тілінде кездесетін сөздер; öçi
-құлшылық ету, дұға ету; намаз, құрбандық 
шалу, құрбан шалу; öçig -айғақ, сот талқылауында растау; etügen-етүген 
«шамандық жер құдайы/жердің шамандық құдайы» мағыналарын 
береді[177]. 2-н.: Халықтық этимология бойынша, сондай-ақ еліміздің 


210
танымал жазушысы Қалиқан Ысқақтың көркем шығармаларына 
сүйенсек, Отыкен топонимдік атауы Оты Кен – байлық, шексіз байлық 
деген мағынаны береді[100]. М1.: Берісін айтсам Төр Алтай. Арысын 
айтсам Отыкен. Ежелгі Отыкен. Біздің дәуірден кейін де бүкіл түркінің 
қараорманы болған Отыкен. Оты Кен – таусылмайтын шексіз байлық, 
бүгінше айтсақ – Кен байлық деген мағнада [170,4б.]. М2.: Отыкен, 
Қатынқарағай, Белқарағай, Қуқарағай, Өрнек жер мен суға, таласа 
берген[40,86 б.].
ОШАҚЖҰРТ – жайлау. 1-н: Жердің сұлбасы ошаққа ұқсауы 
мүмкін. 2-н: От жаққан жері, қоныстанған мекені, ошағы тұрған жер 
мағынасында болуы мүмкін[149]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет