216
бар. Бұл - Арасан курорты. Арасан туралы көрнекті ғалымдардың
еңбектерінде де бай материалдар бар. Осындай ғалымдардың
бірі 1895 жылы августің 5-нен 7-не дейін Арасанда болған Томск
университетінің профессоры, белгілі географ В. В. Сапожников еді.
Ол кісі былай деп жазды: «Представляя медикам судит относительно
лечебного значения. Рахмановских источников, не могу не отметить
громадной популярности их среди Алтайского населения, не только
инородческого, но и русского. Сюда приезжает калмыки и киргизы за
сотни верст из далеких Алтайских долин с всевозможными болезнями,
в этом отношении от них не отстают и русские. Слава ключей вовсе
не ново, так, по данным Геблера и Воронина, еще в 1763 году когда
ключи были открыты крестьянином Рахмановым, там находилась
буддийская кумирня с чащами, наполненными водой, источников-
факт, свидетельствующий о почтений с которым относились к этому
месту» [85,108 б.]. Арасанды ерте заманда қытайлар да пайдаланған.
Жергілікті халықтар оны ертеде білген. Ол орыс жұртышылығына
1763 жылы белгілі болды. Сол жылы арасанды Берел селосында
тұратын Рахманов деген аңшы кездейсоқ тауып алған. Сондықтан ол
Рахмановские ключи деп аталады. Ел аузында бұл туралы мынадай
әңгіме бар: Рахманов күні бойы жаралы маралды куып отырады. Бір
сайда оның буы бұрқыраған суда тұрғанын көреді де, соңынан қалмай
жүріп атып алады. Маралды қараса, жарасының аузы жазыла бастаған
екен. Раxманов таң-тамаша қалып суға келеді. Ол ревматизммен ауырады
екен, суға енді өзі түсіп емделе бастайды. Ауруы күн сайын жазыла
береді. Екі жетіде ол мүлде сауығып кетеді. Осыдан бастап Арасанның
даңқы шартарапқа тарайды. Рахманов оны қасиетті су, барлық ауруға
шипа деп хабарлайды[3,72б.]. М5.:
Заман сан өзгеріп, осыдан 1500
жыл бұрын тарихта аты қалған Белқарағай - Өрнек, Қуқарағай –
Топқайың, Қатынқарағай – Қатонқарағай болып ұлы империяның
«шапағатымен» тонын теріс жамылғанда бүгінгі Рахман Қайнары
біздің дәуірге дейінгі тарихтың «азан шақырып» қойған ентаңбасы –
Тәңірсуы еді. Әлдебір аңшы бұғы атқан екен, мертіккен тағы қайнарда
жатып жарасын жазыпты дейтұғын аңызды Отыкенді терістен
бөксеріп кірген «ұлы жұрағаттың» өкілдері Тәңір деген атты өшіру
үшін болса да «Рахмановские ключи» деп өзгертіпті [170,4б.].
РЕВНЮХА – тау, Новохайрузовка а.о. тауда рауағаш (орысша:
ревень) өсімдігінің мол өсуіне байланысты туындаған атау.
М.: Бұл
атау таудың бойында рауағаш (ревень) өсімігі көп өскен
Достарыңызбен бөлісу: