Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет200/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   305
САЛҚЫНШОҚЫ – жайлау. М.: Верхкатонға баратын жолдағы 
асу[99].
САЛЫҚСАЛҒАН – ж.а. Аққайнар а.о. Елдің болжамы бойынша, 
қызылдар билік еткен алғашқы жылдары байларға тиіспеген. “Азық-
түлік салғырты” деген саясат бойынша 1928 жылға дейін оларға тек 
салық салған. Жер атауының қалыптасуына сондай салыққа ұшыраған 
байдың жұрты негіз болса керек. М.: Маралқашқанды айналып өткендегі 
жер[124]. М1.: Ертеңінде күн шыға Салықсалғанға қарай сар желер 
едік. Салықсалғанға ең әуелі біздер - балалар жетер еді[18,150б.]. 
М2.: Салықсалғанның мойнағына шыға келгенде қып-қызыл, сап-сары, 


219
көкпеңбек, жап-жасыл гүлдер із тимеген күйі үп еткен самалмен 
ырғалып, біздің келгенімізге мың мәрте алғысын айтқандай иіліп 
тағзым етер[18,150 б.].
САМАЙ- ж.а. шаруа қожалық, Өрел а.о. этнотопоним. М.: Өрелге 
кіре беріс тұста [131].
 М.: Самай менен Қаратай туған елім, Алтай 
менен Шабанбай өскен жерім[42,216б.].
САМАР БҰЛАҒЫ – ж.а. Катонқарағай а.о. антропотопоним. Х.: 
Сарымсақтың жоғары жағында орналасқан. Самар көңі деп те 
аталады. Самар деген бай кісінің есімімен сақталған. Жайлауға барар 
жолда орналасқан[157].
САМАУЫР – тас, оқшау тас, Жамбыл а.о. Сыртқы бейнесі самауырға 
ұқсаған таудың қатты жынысы. М.: Самауыр тас - оқшау тас. Тура 
самауырға ұқсайды [105].
САМАУЫРТАС – тау, Жамбыл а.о. Сыртқы ерекшелігіне қарай 
қойылған топонимдік атау[120].
САМАУЫРШАПҚАН – ж.а. Үлкен Нарын а.о. Тұрғындардың 
айтуынша, бұл жерде самауырын қайнату үшін ұсақтап отын шапқан. Іс-
әркетке негізінде қалыптасқан топонимдік атау. М: самауырға ұсақтап 
отын шапқан жер[153].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет